• Басты
  • XVI Еуразиялық медиа форум: Жаһанданудың жаңа тәсілдері қандай?
23 Мамыр, 2019 16:54

XVI Еуразиялық медиа форум: Жаһанданудың жаңа тәсілдері қандай?

Алматыда XVI Еуразиялық медиа форумының ресми ашылу салтанаты өтті. «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына арналған халықаралық жиынға Сенат спикері, форумның негізін салушы Дариға Назарбаева қатысты.
XVI Еуразиялық медиа форум: Жаһанданудың жаңа тәсілдері қандай?

 Шара шымылдығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды, ресми хатты Ақпарат және коғамдық даму министрі Дәурен Абаев оқып берді.

  «Бұл форум халықаралық, аймақтық деңгейдегі қордаланған мәселелердің мәні мен мазмұнына үңіліп, себебі мен салдарын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Еуразия қоғамы үшін өмірлік маңызы зор ауқымды шараға айналды. Биылғы форумның негізгі тақырыбы - сандық дәуірдің дәурені мен бүгінгі әлемдегі ақиқат трансформациясы. Тұрғындардың аталмыш кезеңнің сын-қатерлеріне қарсы тұратын иммунитетін қалыптастыру қажет, бұл - күнтәртібіндегі аса өзекті мәселе. Бүгінгі шараның әлемдік медиа қауымдастықтан жиналған қатысушылары 7500-ден асты, оның ішінде 60-тан астам мемлекеттен 700-ге жуық сарапшылар келді», - делінген Президент  Қ. Тоқаевтың құттықтауында.

Форумның ресми бөлігі бүгінгі таңдағы аса өзекті мәселелерді қамтитын мәжілістерге бөлінген.

Армения президенті Армен Саркисян алдымен форумның маңызына тоқталды.

 «Еуразия медиа форумы жеке институт ретінде қалыптасты, бүгінде журналистік ортаға ғана емес, бүткіл Еуразия аумағына ықпал ететіндей күші бар». Расында, Еуразия – экономика, бизнес пен саясаттың бүгіні мен болашағы. Жаһандану заманындағы жаңа құбылыстардың орталығы десек, «Қазақстан тек география, экономика және саясат тұрғысынан ғана Еуразияның жүрегі саналмайды, бұл екі ұғымның байланысы терең. Осы аймақта ғаламдық серіктесудің алғашқы идеялары туып, бүгінде шындыққа айналды», -  деді Армения президенті.

Жаһанданудың бірнеше жыл бұрыңғы кезеңдерден бастау алатынан айтқан Армения президенті Ұлы жібек жолының тарихын ғаламданудың бұған дейінгі дәуірдің үздік мысалы ретінде келтірді. Әрі бұл құбылысқа барлық дамыған, дамушы мемлекеттер қатысуы қажеттігін айтты.

Бұл орайжа еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев өз пікірін қосты.

 «Біздің жаһандану(сыз) дәуірініне қосатын өзіндік үлесіміз бар. Қазақстан –   Қытай, Ресей, АҚШ пен Еуропа сынды үлкен алпауыттардың арасындағы маңызды платформа», -  деп атап өтті ол. 

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Др.Байге Жао (Қытай) жаңа жаһанданудың бұған дейінгілерінен айырмашылығы зор екенін айтты.

«Біз қыры мен сыры әлі құпия болып отырған жаңа кезеңге қадам бастық. Ғаламданудың жаңа мүмкіндіктері мен тың тетіктерін меңгеру адамзат үшін мүмкін дүние. Бастысы қоршаған ортаға, ондағы қоғамға пайдалы болатын құндылықтарды анықтап алу»,- деп атап өтті Др.Байге Жао.

Алғашқы басқосуда бүгінгі медиа тек журналистикаға қатысты ұғым еместігі сөз етілді, жаңа медиа біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналып отырғанын, ол бүгінгі тіршілікті түбегейлі өзгертуге ықпалы бар екенін айтады мамандар.

Медиа форум қатысушыларына бүгінгі дәстүрлі басылымдар мен әлеуметтік желілердің бәсекесі төңірегіндегі сауалдар қызықты болды. Спикерлер бір ауыздан бұл екі таған болашақта бір арнаға бірігетіні туралы айтты.

Ұлыбританияның Еуропалық одақтағы тұрақты өкілі (2013-2017), премьер-министрдің ЕО жөніндегі бұрыңғы кеңесшісі Айвэн Роджере әлеуметтік желілерге тосқауыл қою мүмкін емесін жеткізді.  

«Әлеуметтік желілерді бір тәртіпке салып, реттеп отыру, я болмаса оның бүгінгі қарқынды дамуына тосқауыл қою мүмкін емес, бірақ оны диалог алаңы ретінде пайдалануға болады»,- деді ол.  

2006 – 2016 жылдары Эстония президенті болған саясаткер Томас Хендрик Ильвес смартфондар пайда болған уақыттан бастап ғаламторды тұтынуға деген сұраныстың артқанын айтып, бұл толқынға тосқауыл қою мүмкін еместігімен келісті. Өйткені әлемнің әр төртінші тұрғынында телефон бар. Десек те, сапалы контент ұсынуда дәстүрлі БАҚ үлкен басымдыққа ие екенін жеткізді.

«Дәстүрлі БАҚ тарататын ақпараттың 90-95 пайызына шындыққа жанасады, өйткені онда жауапты тұлғалар болады. Бұлар жаңа технологияны меңгеруге жұмыс істеуі керек.  Ал әлеуметтік желілер сапалы контент қалыптастыруға ұмтылуы тиіс. Әйтпесе, онда тек хаос. Сонда ғана екі ақпарат таратушының арасында сыйластық туады», -  деді Томас Хендрик.  

Сондай-ақ, форумға қатысушыларды құттықтаған мегаполис әкімі Бауыржан Байбек 17 жыл бұрын алғаш Алматыда тұсауы кесілген Еуразия Медиа форумының бүгінде медиа саласының кәсіптік өзекті мәселелерімен қатар әлем қоғамдастығын толғандыратын маңызды тақырыптарды талқылайтын беделді халықаралық сұхбат алаңына айналғанын атап өтті.

«Масс-медиа – өмірдің журналистер арқылы ұсынылған көрінісі ғана емес, сонымен бірге ол қоғам өмірін бағыттауға, жаңа қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін аса қуатты ақпараттық институт. Алматы – қашаннан белсенді азаматтар қаласы, осынау мазмұнды да мақсаты биік форумның өтуі қалалықтардың үлкен қызығушылығын тудырады. Бүгінгі күні қалада 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар және 1 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары қызмет етеді. Сарапшылар қауымының белсенділігі жоғары. Қаламызды дамытуда жұртшылық пікірін ескеру мақсатында азаматтық қоғаммен және тұрғындармен өзара тығыз байланыстың жаңа тетіктері қолға алынған», - деді Бауыржан Байбек.

Мысалы, әкімдіктің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы ойдағыдай жұмыс істеуде. Биылғы жылдан бастап Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бюджеттің 1 пайызын қайда жұмсауды тұрғындар ырқына беру жөніндегі ұсынысына сәйкес «Бюджетке қатысу» жобасы іске қосылады. Алматының әр ауданында тұрғындар өздері ұсыныс енгізе отырып, дауыс беру арқылы қаржының қайда жұмсалатынын анықтайтын болады.

«Орнықты мемлекеттіліктің кепілі мызғымас құндылықтарға табан тіреу болып табылады. Бұл құндылықтар әлем қалай дамыса да өзгермейді, адамзатпен бірге жасай береді. Олардың қатарында ізгілік, әдептілік, ынтымақ, білімге құштардық, үйлесім бар. Бұлар кез-келген қоғамның негізі болып табылады. Трансформациялық процестер қарқын алған қазіргі кезеңде бұл құндылықтардың өзектілігі барынша артуда. Ал осынау адамзатқа ортақ асыл құндылықтарды тарату мен қалыптастыруда БАҚ-тың маңызы жоғары. Сондықтан әлемдегі ілгерішіл де ойлы тұлғалардың сараптама алаңына айналып отырған Еуразиялық Медиа форумы адамзаттың әрі қарай дамуының негізгі бағыттарын белгілеуге, ынтымақтастықты ілгерілетуге, жалпы айтқанда әлемді жақсартуға қызмет ете береді деп сенемін», - деп атап өтті қала әкімі.

Алматы - әлемдік деңгейдегі басқосулар мен келіссөздер алаңы, өңірдегі ірі мегаполис. Соңғы жылдары қалада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Мэрлер саммиті, Бүкіләлемдік 28-ші Қысқы Универсиада ойындары жоғары деңгейде өтті. Алғаш рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының аумағынан тыс «Еуразия апталығы», қатысушылары «Цифрлық Давос» деп бағалаған Еуразиялық экономикалық одақтың Цифрландыру жөніндегі форумы екінші рет өткізілді.

«Алматыда жыл сайын 50-ден астам халықаралық бұқаралық мәдени және спорттық іс-шаралар, джаз, классикалық және этникалық музыка фестивальдері өкізіледі. Мысалы осы сенбіде қаламызда дәстүрлі «The Spirit of Tengri» халықаралық этникалық әуен фестивалі өтеді. Мен демалыс күндері қаламызда болатын форумға қатысушылардың барлығын осы айшықты фестивальдің құрметті қонағы болуға шақырамын. Барлықтарыңызға жылы қонақжайлылықты сезінуді, ғажап табиғат пен қаламыздың көрнекі орындарынан нәр алуды, біздің ұлттық мәдениетіміз туралы көп білуді тілеймін», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, XVI Еуразиялық медиа форумы 22-24 мамыр аралығында Алматыда өтіп жатыр. «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы?» тақырыбына арналған халықаралық шара шеңберінде әлемдік және аймақтық деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер ортақ талқыға түспек, атап айтсақ, дендеген дағдарыс үдерісі, тығырыққа тірелген тұтынушы «күйзелісі», медиа саланың цифрлануы, халықаралық құқық және сын-қатерлер, жаңа технологиялар мен жасанды интеллектің кеңінен таралу тегеуріні турасында салмақты, ойлы пікірталқы өтеді.

Орта Азиядағы негізгі әрі тәуелсіз пікір алмасу платформасы болып саналатын ЕМФ басты міндеті - саясаткерлер, журналистер және Қазақстандағы, Еуразиядағы және халықаралық қоғамдастықтағы геосаясат, экономика, әлеумет пен мәдениетті дамытуға мүдделі әртүрлі сала сарапшыларының еркін әрі ашық диалог құруына жағдай жасау.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды