А. Перуашев: Мен үшін «Мәңгілік ел» - бұл уақыт ағынында қайыспаған халық

22 Қаңтар, 2014 16:03
Мен үшін «Мәңгілік ел» - бұл уақыт ағынында қайыспаған халық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында «Ақ жол» Демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев мәлімдеді.

«Бұл тек әдемі сөздер ғана емес, бұл барлық қазақстандықтардың кез келген қиындықта төтеп берер өмір сүру энергиясы, күш –қуаты. Өткен ғасырдың  20-30 жылдары демогрофтардың бағалауынша, әрбір оқиғада қазақтар өз ұлтының 60-70 пайызынан айырылды», - деді А. Перуашев.  

Бүгінде, оның айтуы бойынша, Қазақстан өзге елдер қатарында беделді орынға ие.

«Біз  Президентімізбен бірге 2 онжылдық ішінде заманауи мемлекет құрдық. Бұл тек қазақтарға ғана байланысты емес, барлық  ұлт этностарына да байланысты», - деді «Ақ жол» фракциясының жетекшісі.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар