- Басты
- Мемлекетімізде қос билікке жол берілмейтінін атап өткім келеді – Н.Назарбаев
Мемлекетімізде қос билікке жол берілмейтінін атап өткім келеді – Н.Назарбаев

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездесіп, өңірлік штаб жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті сайлауалды штабтың жұмысын жіті қадағалап отырғанын айтты.
«Сайлауға 7 кандидат түсті. Бұл – елімізде саяси бәсекенің бар екенін айғақтайды. Кандидаттар түрлі қоғамдық топтар мен бірлестіктердің мүддесін білдіреді. Әр кандидат елімізді және қоғамды дамытудың өз бағдарламасын ұсынды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы барлық кандидаттарға сайлауалды үгіт насихат және тұрғындармен жұмыс жүргізу үшін бірдей мүмкіндіктер берілгенін атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Штабтың жастар қанатының жұмысына тоқталды.
« Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастарды тәрбиелеу және оқыту мәселесіне ерекше мән бердім. Бұл жұмысты жалғастыра беру қажет. Болашағымыз білімді азаматтардың қолында. Білікті кадрлар дайындай алған мемлекеттердің ғана келешегі жарқын болады. Штабқа танымал тұлғалардың – жастар өкілдерінің енгеніне қуаныштымын. Олардың сайлау науқанына қатысуы өте маңызды. Жастар Қазақстан халқының елеулі бөлігін – 4 миллионнан астам адамды құрайды. Солардың бәрі Тәуелсіздік жылдары өсіп-жетілді. Жастарымызға зор үміт артамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Республикалық және өңірлік штабтардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдаған соң, «Nur Otan» партиясының Төрағасы сайлауалды бағдарламаны түсіндіру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.
Елбасы ұлтаралық келісімді нығайту, мемлекеттің стратегиялық даму бағытын дәйекті жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті инфрақұрылымды дамыту, өңірлерде тұрғын үй салу, халықтың аз қамтылған топтарын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелеріне де тоқталды.
«Қазақстанда жұмыссыздық емес, кәсіптің тапшылығы бар. Сол себептен бірінші жұмысшы мамандығына тегін оқытатын бағдарлама әзірленген болатын. Біз жастар үшін барлық жағдай мен мүмкіндік жасадық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы, сондай-ақ, халықпен тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған «Бірге» атты жалпыұлттық акцияны іске асыру барысын жоғары бағалады.
« Партия барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды қамтамасыз етуі қажет. Партия жауапкершілікті сезінуге тиіс. Партияның ХVIII съезде қабылдаған 2030 жылға дейінгі бағдарламасын орындау керек. Партия елімізді жаңғыртудың флагманына айналуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы ел ішіндегі саяси үдерістердің ерекше маңыздылығын атап өтіп, барлық қазақстандықтарды алдағы сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.
«Штабтың барлық мүшелері ауқымды әрі маңызды жұмыс атқаруда. Біз жетістікке жететін мықты команда құрдық. Мен еліміздің игілігі үшін қызмет ете беремін. Мемлекетімізде қос билікке жол берілмейтінін атап өткім келеді. Бәріміз халық сайлаған Президентке қолдау көрсетіп, жұмыс істейміз», – деп түйіндеді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
-
Түркістанда тұрғын үйлер табиғи газға қосылды
Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Түркістан қаласындағы «Отырар» ықшам ауданында тұрғын үйлер табиғи газбен қамтамасыз етілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев түркістандықтарға ыстық лебізін жеткізіп, газ құбырын іске қосты.
13 Желтоқсан 2019, 10:26
-
Жергілікті мәслихаттың елдің демократиялық қалыптасуына қосатын үлесі зор - ардагер
Жергілікті мәслихаттың біздің мемлекетіміздің зайырлы, демократиялық негізде қалыптасуына қосатын үлесі зор. Бұл туралы Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда Түркістан облыстық мәслихатының ардагері Шалатай Мырзахметов айтты.
06 Желтоқсан 2019, 16:19
-
Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып, мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:51
-
Біздің мақсатымыз экологияның проблемалық мәселелерін шешу-Ә.Назарбаева
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:31
-
А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:29
-
Дариға Назарбаева «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты
Сенат Төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева Урюпинск балалар үйінің 90 баласы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі аясындағы Open space шарасына қатысты.
05 Желтоқсан 2019, 09:52
-
Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді
Теміржол билеттерінің онлайн сатылым көлемі артып келеді. Бұл туралы темір жол жолаушылар тасымалы саласында билет сату жүйесін дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндаған "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдықөзов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
03 Желтоқсан 2019, 17:16
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
ҚР Тұңғыш Президенті: 5-бөлім. Елбасы жолы
Биыл наурыздың 19-ы күні Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік телеарналар арқылы ҚР президенті ретінде өкілеттілігін тоқтатанын мәлімдеді. Осылайша Назарбаев президенттіктен өз еркімен бас тартқан Орталық Азия кеңістігіндегі алғашқы басшы болып тарихта қалды. Осы орайда, Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының президенттіктен кеткеннен кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғаларға, саяси шешімдеріне шолу жасағанды жөн көрдік.
29 Қараша 2019, 18:24
-
Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.
29 Қараша 2019, 12:08
-
Жамбылдықтар қой етін экспорттауға үлес қосады
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры қой шаруашылығын қолдауға бағытталған несиелеу бағдарламаларын жүзеге асырады. Жеңілдікпен берілетін несие қаржыға шағын шаруашылықтар ірі қара, ұсақ мал, жылқы, құс, бал араларын сатып алады. Өңірлерде де бұл бастамаларды белсенді қолданатын шаруа қожалықтары бар, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 18:19
-
ҚР Тұңғыш Президенті: 4-бөлім. Көшбасшы жолы
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың төртінші бөлімі Елбасының көшбасшылығына арналады.
28 Қараша 2019, 10:00
-
Н. Назарбаев Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесті
Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары мен еліміздің талантты жастарымен кездесті.
27 Қараша 2019, 18:21
-
Елордада жолдағы жазатайым оқиғалар саны азайды
Ел астанасында жолдағы жазатайым оқиғалар саны азайды. Бұл туралы "Сергек" фото, бейне жазбасын және бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша МЖС жобасын іске асыру туралы өткен баспасөз мәжілісінде Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 13:38
-
Д.Назарбаева Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
26 Қараша 2019, 19:22
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды