• Басты
  • БЖК-2020: 4 жылда 10 мың жұмыс орны ашылды
22 Мамыр, 2019 15:15

БЖК-2020: 4 жылда 10 мың жұмыс орны ашылды

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 4 жылы ішінде 210,5 млрд теңге бөлінді. Оған 10 мың жұмыс орны құрылып, 3,3 трлн теңге сомасын құрайтын өнім шығарылды. Бағдарламаның нәтижелері мен шағын және орта бизнес көрсеткіштерін келесі материалдан оқи аласыздар.
БЖК-2020: 4 жылда  10 мың жұмыс орны ашылды

Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттары – өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты әрі теңгерілімді өсімін қамтамасыз ету, қазіргі және жаңадан құрылатын жұмыс орындарына қолдау көрсету екенін атап өтті.

«Бағдарлама іске асырылған төрт жылдан бері республикалық бюджеттен 210,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 13 мың ШОБ субъектісін қаржыландыруға, орта есеппен жылына 20 мың кәсіпкерді оқытуға, 10 мың жұмыс орнын құруға, 3,3 трлн теңге сомасына өнім шығаруға мүмкіндік берді. Төленген салықтар сомасы жыл сайын 175 млрд теңгені құрады», - деді Е.Алпысов.

Ол атап өткендей,  бағдарлама іске асырылған төрт жылда республикалық және жергілікті бюджеттерден 247,1 млрд теңге көлемінде 13 380 жобаға қолдау көрсетілді», — деп нақтылады ұлттық экономика вице-министрі.

«Бөлінген қаражаттың басым бөлігі несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бағытталды. 53 млрд теңгесі немесе 25,2% фабрикаларға, зауыттарға және ШОБ өндірістік нысандарына жеткіліксіз инфрақұрылымды жүргізуге бағытталды. Қалған бөлігі несиелерді кепілдендіруге, гранттар ұсынуға, кәсіпкерлерді оқытуға және оларға кеңес беру қызметтеріне жұмсалды. Бағдарлама тетіктерін сұраныс өте жоғары», - деді Е.Алпысов.

Жалпы, шаралар нәтижесінде ШОБ-тың экономикадағы маңызы артты. Мәселен, 2015 жылы ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 24,9% құраса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 28,3% болды. 2015 жылмен салыстырғанда, шағын және орта кәсіпкерлердің ел экономикасына қатысуы 3,4  пайыздық пунктке жоғарлады.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ-тың өнімдер шығару көлемі 26 трлн теңгеден асты. Бұл ретте, өнім шығару құрылымының бестен бір бөлігі өнеркәсіптің үлесіне тиесілі.Жалпы, 2018 жылы елімізде өндіріс өсімі 2015 жылғы деңгейден нақты мәнінде 114%  құрады», - деді вице-министр.

Ал, 2019 жылдың  1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,2 млн бірлікті құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 8,3%-ға артты.

Сонымен қатар ұлттық экономика вице-министрі Е. Алпысов 2019 жылдың І тоқсандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму қорытындылары туралы ақпараттандырды. Бұл кезеңде барлығы 715 жобаға қолдау көрсетілді.

Жергілікті атқарушы органдар конкурстық рәсімдер қорытындысы бойынша осы жылдың екінші жартысында гранттар бере бастайды.

2019 жылы 15 инфрақұрылымдық жоба бойынша 7,3 млрд теңге қарастырылған. Жобалар іске асырылу сатысында.

««Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының маңызды бағыты кәсіпкерлік әлеуетті нығайту болып табылады. Бұл бағыт бизнес жүргізу негіздеріне оқыту бойынша жобалар кешенін, шағын және орта бизнес құзыреттерін көтеруді, әлеуетті және өз ісін бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін консультациялық кеңес беруді қамтиды. Кеңес беру кезінде бизнес-жоспарды қалай әзірлеу, салықтарды қалай төлеу, декларацияны қалай тапсыру, банктерге қалай жүгініп, лицензияны қалай тапсыру т.б. керектігі түсіндіріледі», - деді Е.Алпысов.

Осылайша, жыл сайын 20 мыңға жуық кәсіпкер оқытылып, құзыреттері арттырылатын болады, орта есеппен алғанда 154 мың кәсіпкер жыл сайын консультациялық (110 мың) және сервистік (44 мың) қызметтер алатын болады.

«Биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 6 135  тыңдаушы бизнес-мектептерде кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытудан өтті. Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 19,5 мың клинетке 36 мыңнан астам кеңес берілді, 7 мың кәсіпкерге 8 мыңға жуық сервистік қызмет көрсетілді», - деді ол.

Өз кезегінде  «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша өңір-өңірлерде іске асырылған табысты жобалар туралы айтып берді.

«Сандар мен көрсеткіштерді қоя тұрып, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқасында жүзеге асырылған табысты жобалардан мысал келтіргім келеді. Қазақстан бойынша олардың саны өте көп. Атап айтқанда, «Бал Текстиль» ЖШС Түркістан облысында кілем шығарады. Компания заманға сай жабдықтарды сатып алу үшін 250 млн теңге қарыз алған болатын», - деді А.Әріпханов.

Ол атағандай оның нәтижесінде  бүгінде кәсіпорын кілемнің 500-ден астам түрін шығарып, IKEA әлемдік танымал сауда маркасына алғашқы қазақстандық өнімді жеткізіп отырған кәсіпорын атанды.

«Сол секілді аталмыш бағдарламаның арқасында «Біләл» атты компания Түркістан облысында ұнтақталған кофе өндіріп отыр. «Ол бізден өндірістің толық циклы үшін жабдықтар сатып алуға қолдау алды. Қарыз сомасы - 30 млн теңге. Бұл өндіруші отандық нарықтағы импорттық өнімдерді төмен бағамен алмастырып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, ол  Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» секілді мұнай кәсібі және бұрғылау геологиялық барлау саласындағы ірі компаниялардың бірі қолдау тапты.

«Қарыз сомасы - 1,2 млрд теңге еді. Алматы облысында «Асыл құс Агро» компаниясы құс фабрикасын салуға және жабдықтар сатып алуға 1,3 млрд теңге несие алды. Нысанда 170 жұмыс орны ашылды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады», - дейді ол.


«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске арналған мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын ары қарай жетілдіру мақсатында олардың тиімділігіне талдау жүргізуге дайын екенін  ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз-конференциясында айтты.  

«Бизнеске арналған қолдау шараларының қайсысы тиімді, ал қайсысы жұмыс істемейтінін түсіну масқатында оларға толық талдау жүргізуге дайынбыз. Бұл тоқсандық немесе жылдық талдау болуы мүмкін. Егер қандай да бір шаралар жұмыс істемейтін болса, онда бағдарламаға бірден жаңа, бірақ әрекетті құралдарды енгізуге болады.  Осыған уақыт келіп жетті деп санаймын, өтйкені цифрландыру жүріп жатыр. Жаңа технологиялардың үлкен легі шетелден ағылуда. Ал кәсіпорынның өтімділігі технологиялық үдерістерге тікелей байланысты, онсыз олар нарықта қажетсіз қалады. Әрине, біліктіліктер де керек. Осының бәрін ескерген жөн. Сондықтан біз қолданыстағы бағдарламаларды уақтылы жетілдіріп отыру мақсатында кәсіпкерлерді қолдау бойынша шараларды бақылау операторы болуға дайынбыз», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Спикер «Атамекен» кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көрсететін қаржылай емес қолдау шараларының нәтижелерімен бөлісті. Соңғы төрт жыл ішінде Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында 174 мың бизнесмен тегін қызметтерді пайдаланды, оның ішінде 19 мың кәсіпкер қызметтерді онлайн режимінде қашықтықтан алған.

 «Осындай қолдаудың нәтижесі бірден байқалады: 46 мыңнан астам жаңа кәсіпорын ашылды, 8 мыңнан астам кәсіпорын бизнестерін кеңейтті, Палата берген кеңестер мен қызмет түрлері арқылы 23 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 206 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алды. 74 мыңнан астам адам «Бизнес-мектепте» оқыды, 1973 адам – «Іскерлік байланыс» курсына қатысты, оның ішінде 133 адам Германияға тағылымдамаға барып келді», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 «Атамекен» биылдан бастап «Бизнес-Кеңесші» құрауышы бойынша бизнес негіздеріне онлайн режимінде оқытуды  бастады. Енді бастауыш кәсіпкер оқу материалымен онлайн арқылы танысып, тест тапсырып, курс аяқтағаны туралы сертификатты ала алады. Бұл қызметті 900-ден астам адам қолданып көрді.

 Осы ретте спикердің айтуынша, бүгінде кәсіпкерлер несиелерді кепілдендіру бойынша қосымша қолдауға мұқтаж.

 «Сауалнама нәтижесіне сәйкес кәсіпкерлердің 66,7%-ы кепілзаттың өтімсіздігі салдарынан банктер несие беруден бас тартатынын айтты. Бұл өте үлкен кедергі. Респонденттердің тағы 67%-ы олардың зауыты қала сыртында екенін, сол себепті банктер кепілзатты қабылдамайтынын айтты. Біз «Атамекен» атынан әріптестерімізді (ҚР Ұлттық экономика министрлігін – ред) кепілдендіру бойынша қосымша шаралармен көмектесуді сұраймыз... Бізде «Қарапайым заттар экономикасы» жобалық алқасы жұмыс істейді, көп компаниялардың кепілсіз екенін көріп отырмыз. Дәл осы компаниялар өңдеу өнеркәсібінде, қайта өңдеу саласында экономиканың драйвері болар еді, бірақ олар қымбат несиеден көз ашпай тұр. «Бизнестің жол каратсы-2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа шараларды қабылдау керек. Осы шаралардың барлығын талқылап, жаңа бағдарламаны әзірлеуде мемлекеттік органдарға ұсынатын боламыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.

 

Аягөз Құрмаш 

Фото: Шыңғыс Қаппаров 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды