• Басты
  • 2021 жылға қарай АЭА аумақтарында 147 жоба іске асырылады
21 Мамыр, 2019 11:53

2021 жылға қарай АЭА аумақтарында 147 жоба іске асырылады

Арнайы экономикалық аймақ аумақтарында барлығы 183 жоба іске қосылған. Олардың ішінде шетелдік қатысумен 46 жоба бар жұмыс істеп жатыр. 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Бюджетке салық түрінде шамамен 150 млрд теңге қайтарылды. АЭА мен ИА жобалары қалай дамитыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
2021 жылға қарай АЭА аумақтарында 147 жоба іске асырылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрі Роман Скляр  елімізде қазіргі таңда 12 АЭА және 23 ИА құрылып, жұмыс істеп тұрғанын айтты.

« Барлық АЭА инфрақұрылымының құрылысына бюджет шығындары 314,3 млрд теңгені, бұл ретте тартылған инвестиция көлемі 910 млрд теңгені құрады. Яғни, АЭА инфрақұрылымына салынған 1 бюджет теңгесі 2,8 теңге жеке инвестиция тартуға жол берді», - деді Р. Скляр.

Министр  арнайы экономикалық аймақ аумақтарында барлығы 183 жоба іске қосылып, олардың ішінде шетелдік қатысумен 46 жоба бар. 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Бюджетке салық түрінде шамамен 150 млрд теңге қайтарылғанын айтты.

«Индустриялық аймақтарда инвестициялар көлемдері шамамен 183 млрд теңгені құрайтын 168 өндіріс іске қосылды. 8,5 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Бұл ретте, Индустриялық аймақ инфрақұрылымына 85,9 млрд теңге салынды. Осылайша, салынған 1 бюджет теңгесі 2,1 теңге инвестиция тартты», - деді министр.

Р. Склярдың мәлімдеуінше, 2021 жылға қарай АЭА аумақтарында 2 трлн теңгеден асатын сомаға 147 жоба іске асырылатын болады. 2019 жылы шамамен 1200 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 160 млрд теңгеден аса сомаға 36 жоба іске қосылады.

«Индустриялық аймақ аумақтарында 2021 жылға қарай 520 млрд теңге сомасына 173 жоба іске қосылатын болады. Олардың ішінде ағымдағы жылы жалпы сомасы 163 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылатын болады», - деді министр.

Өз кезегінде Энергетика вице-министрі Ә. Мағауов, өз кезегінде, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА дамыту туралы баяндады. 2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Арнайы экономикалық аймақты іске қосқан сәттен бастап 10,1 млрд теңгеге өнім өндірілді, 2 600  жұмыс орны құрылды.

«АЭА іске асырылып жатқан негізгі жобалар — полипропилен мен полиэтилен өндірісі. Оның  жалпы құны $9 млрд құрайды. Осы екі жобаның ЖІӨ үлесі 1,5% құрайды. Бұдан өзге арнайы экономикалық аймақта жеке инвесторлардың полиэтилентерефталат, метанол және циклогексан өндірісі жобаларын іске асыруы күтілуде. Олар қазір пысықталуда», - деді ол.

Бұл жобалар шамамен $2,5 млрд көлемінде инвестицияны тартады. Құрылыс кезеңінде 10 000-ға дейін және пайдалану кезеңінде 1 500 жұмыс орны құрылатын болады.

Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысындағы «Самұрық-Қазына» қорының жұмысы туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Ә. Пірметов баяндады.

Оның айтуынша, 2016 жылы қазанда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА инфрақұрылымының барлық 68 нысаны пайдалануға берілді, 2015 жылы шілдеде «Қорғас» АЭА Құрғақ порты пайдаланыла бастады.

«2015 жылдың 29 шілдесінен бастап 2019 жылдың 1 мамыры аралығында құрғақ портта ЖФЭ (жиырма футтық эквивалентінде) 317,4 мың контейнер өңделді. 2018 жылы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да 9,3 млрд  теңгеден астам жеке инвестициялар игерілді», - деді Ә. Пірметов.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы А. Есімов Қордың инфрақұрылым құрылысын негізгі жүргізуші екенін атап айтты.

«Құрылысты бір жыл бұрын - 2020 жылдың соңында аяқтау көзделген.  «Химпарк Тараз» АЭА бойынша 7 жылда 30 млрд теңге игерілді, оның ішінде 8 млрд теңге өткен жылы игерілді. Осы индустриялық аймақты басқа жобалармен толықтыру міндеті тұр», - деді А.Есімов.

Сонымен қатар басқаруында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бар бірқатар өңірлер тыңдалды.  

 ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Ж. Қасымбек бір ай бұрын арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңға мемлекеттік қолдау шараларын алу рәсімдерін жеңілдететін, сөйте отырып, басқарушы компанияларға қойылатын талаптарды күшейтетін бірқатар өзгерістер енгізілгенін атап айтты.

Ал,  Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин   өңірлер әкімдерінің баяндамаларын да  тыңдады.

«Дайын инфрақұрылымы мен түрлі жеңілдіктері бар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар – жеке инвестициялар тартуға арналған жақсы алаң», — деді Асқар Мамин.

Бүгінгі таңда 12 арнайы экономикалық аймақ аумағында 910 млрд теңге инвестициялар көлемімен 183 жоба іске асырылған, ал 24 индустриялық аймақта 168 жобаны іске асыру аясында 183 млрд теңге инвестициялар салынды, 8,5 мың жұмыс орны құрылды.

«1 трлн-нан астам теңге жеке инвестициялар тартылды, олардың ішінде капиталдың төрттен бірі — шетелдік компаниялардың қатысуымен. 2021 жылға дейін АЭА мен ИА аумақтарында 11,5 мың жұмыс орнын құрумен 2,5 трлн-нан астам теңгеге 318 жобаны іске қосу көзделген», - деді А.Мамин.

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқаруда Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы және Павлодар облыстары әкімдіктерінің оң тәжірибесі белгіленген. Мәселен, «Оңтүстік» АЭА 1 бюджеттік теңгеге 15,5 теңге жеке инвестиция тартылған.

Өз кезегінде, «Оңтүстік» ИА аумағы толықтай игерілген: 38,6 млрд теңгеге 55 жоба іске қосылған. «Павлодар» АЭА-да 1 бюджеттік теңгеге 12 теңгеден астам инвестиция тартылды. «Астана – жаңа қала» АЭА-да бүкіл жұмыс істеген өндірістің көлемі 1,4 трлн теңгеден астам болып отыр. 2018 жылы «Қорғас–Шығыс қақпасы» АЭА-да 9,3 млрд теңгеден астам жеке инвестициялар игерілді.

ҚР Үкіметінің басшысы атап өткендей, жүйелі негізде жаңа жобалар мен инвестицияларды тарту жұмыстарын жүргізіп, жұмыс орындарын құру қажет. Бұл үшін өңірлерге АЭА мен ИА-ға табысты халықаралық тәжірибелері бар кәсіптік басқарушы компанияларды тарту қажет.

Премьер-Министр аймақтарды басқару мен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында сәтті және перспективалық аймақтарды басымдықпен қаржыландыру бойынша критерийлерді әзірлеуді тапсырды. Өз кезегінде, өңірлердің әкімдіктері АЭА-ға жобаларды қосу кезінде жоғары қосылған құны мен экспортқа бағдарланған өндірістерге баса назар аудару қажет.

Жаңа заңнама бойынша инвесторлар мен басқарушы компаниялар үшін рәсімдер жеңілдетілді. ҚР Үкіметінің басшысы атап өткендей, жеке инвестициялар ағымын одан әрі қамтамасыз ету үшін жұмысты «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастыру керек.

Мәселені қарауды қорытындылай отырып, ҚР Премьер-Министрі үшжылдық мерзімге жекелеген АЭА және ИА дамыту стратегияларын әзірлеуді тапсырды.

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар өңірлер экономикасының өсу негізіне айналуы керек. Бұл үшін нақты үйлестірілген жұмыс пен сапалы жобалар қажет», — деп атап айтты

 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды