- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана көлемі артады
Қызылорда облысында жас отбасыларға арналған қолжетімді баспана көлемі артады
«Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұловты қабылдады. Кездесу барысында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен пайдалануға беріліп жатқан баспана санын арттыру мүмкіндігі әңгіме арқауына айналды. Сондай-ақ, жас отбасыларға берілетін тұрғын үй көлемін 3-4 есе үлкейту жоспарлануда. Ал, халықтың барлық санатына арналған тұрғын үйлердің шаршы метрі жоқ дегенде бұрынғы деңгейде қала бермек. Бұл ұсыныстар қысқа мерзім ішінде талқыланатын болады», - делінген хабарламада.
А.Жұмағұловтың айтуынша, тұрғын үйлер 1-2 қабатты болады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы баспана салу үшін бюджет қаражатынан бөлек, инвесторлар мен жергілікті кәсіпорындарды тарту жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетерлік жайт, Қызылорда облысында осы уақытқа дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі арқылы «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша көлемі 20 мың шаршы метрді құрайтын 5-тен астам үй, «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» санатында көлемі 15 мың шаршы метрді құрайтын бір үй пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, биыл «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» санаты бойынша көлемі 14 мың шаршы метр болатын 5 үй, «Халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша көлемі 15 мың шаршы метрді құрайтын 5 үй үлестірілетін болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары