• Басты
  • Н.Нығматулин ҰҚШҰ ПА Кеңесінің көшпелі отырысына қатысты
20 Мамыр, 2019 16:41

Н.Нығматулин ҰҚШҰ ПА Кеңесінің көшпелі отырысына қатысты

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бішкекте ҰҚШҰ елдері Парламенті өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Палата Спикері бастаған делегация ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі отырысына қатысуда. Осы орайда, Армения, Беларусь, Ресейден келген әріптестермен бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту және болашақ жоспарлар әңгіме өзегіне айналды.

Н.Нығматулин ҰҚШҰ ПА  Кеңесінің көшпелі отырысына қатысты | Strategy2050.kz

Нұрлан Нығматулин Армения Ұлттық Жиналысы Төрағасы Арарат Мирзоянмен парламентаралық диалогты дамытуға уағдаласты. Ал, қазақстандық - армяндық қатынастар туралы сөз еткенде, Мәжіліс Төрағасы осы жылы Армения төрағалық етіп жатқан ЕАЭО мүмкіндігін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Армения Ұлттық Жиналысының Төрағасы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия. Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысатындықтарын растады. Маңызды форумды өткізу Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған.  

Беларусь Ұлттық Жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Владимир Андрейченкомен жүздесуде тараптар өзара түсінісітік пен достыққа негізделген екіжақты байланысты белсенді нығайтуға айрықша назар аударды. Осы ретте Беларусь Парламентінің төрағасы шағын және орта бизнес, МЖӘ, цифрландыру басқа да салаларды дамыту бойынша Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамаларын жүзеге асыру жолындағы жетістіктерге тоқталды.

Келіссөздер барысында Мәжіліс Төрағасы мен Ресей Мемлекеттік Дума Спикері Вячеслав Володин осы жылы болатын парламенттік шараларды сөз ете келіп,  алдағы маңызды форумға дайындық мәселелеріне тоқталды.

Н. Нығматулин атап өткендей, қазірдің өзінде 48 мемлекет,  оның  ішінде, 40-ы Парламенттер басшыларының, 16-сы халықаралық және парламенттік ұйымдар деңгейінде өздерінің қатысатындықтарын растаған.

Мемлекеттік Дума Төрағасының пікірінше, Қазақстан астанасында өтетін шараға ниет білдірушілердің көптігі  - Парламент Спикерлері деңгейінде талқыланатын сұрақтар үшін аталған форум бүгінгі күні ең тиімді әрі қажетті тәсіл екенінің дәлелі.  

Сондай-ақ, Н.Нығматулин Бішкекте ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты.

Парламенттік дипломатия бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жол ашады. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бішкекте өтіп жатқан  ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің көшпелі отырысында сөз сөйледі. 

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қырғызстан астанасына Ұйымға қатысушы-мемлекеттер Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Парламенттерімен қатар, ҰҚШҰ ПА бақылаушы мәртебесіне ие Ауғанстан мен Сербия елдері өкілдері жиналды.  

Жиынға қатысушылар ұйымның аймақтық қауіпсіздік саласы бойынша сұрақтарды талқылап, алдағы іс-қимыл жоспарларды ортаға салды.  

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін алға тарта келіп, біздің еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы бастамаларына тоқталды. Мәжіліс Спикерінің пікірінше, қауіпсіздікті нығайтуда парламенттік дипломатияның рөлі зор.  

Нұрлан Нығматулин 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия. Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі бүкіл еуразиялық кеңістік игілігі мен тұрақты даму мүддесі жолындағы көп қырлы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тиімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.  

«Аталған форум Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына арналған.  Өздеріңізге белгілі, «еуразиялық интеграция» идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы 1994 жылы ММУ қабырғасында жариялаған болатын»,-деді Мәжіліс Спикері.

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының Кеңесінде халықаралық ынтымақтастық және саяси мәселе жөніндегі ҰҚШҰ ПА тұрақты комиссиясы төрағасы мен төраға орынбасарының кандидатурасы бекітілді.

Қатысушылар 2019 жылы ҰҚШҰ Қырғызстанның төрағалығы бойынша басымдықтарды жүзеге асыруға арналған ақпараттарды тыңдады.

 Сонымен бірге, Кеңес ҰҚШҰ ПА кезекті жазғы сессиясына ҰҚШҰ мемлекеттері парламенттік делегацияларының қатысу бойынша (5–9 шілде, 2019 жыл, Люксембург) міндеттерді анықтады. Сондай-ақ, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары пысықталды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды