• Басты
  • Қазақстан автотуризмді дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолданады
20 Мамыр, 2019 15:41

Қазақстан автотуризмді дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолданады

Қазақстан автотуризмді дамытуда Қытайдың тәжірибесін қолданады. Бұл туралы Қазақстанда Қытай туризмінің апталығы аясында өткен туристік компаниялардың қытай-қазақстандық B2B кездесуінде мәлім болды. Шарада Қазақстан мен Қытай арасында туризмді дамыту бойынша 3 меморандумға қол қойылды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан автотуризмді дамытуда  Қытайдың тәжірибесін қолданады

ҚХР-ның Туризм және мәдениет министрлігінің Орталық Азиядағы өкілеттілігінің жетекшісі Ван Шулин  айтып өткендей,  2019 жылдың  26 ақпанында Шығыс Қазақстан облысында көрме өтті. Бұл туризм саласындағы өңірлік  серіктестіктің алғашқы қадамы болды.

«Бұл шара Қазақстан мен Қытай арасындағы үйлесімді туризмді дамытудың алғашқы шарасы болды. Шараға Қытай провинциялары мен ШҚО-дағы қазақстандық тараптың компаниялары қатысты. Сондай-ақ, B2B форматында медициналық туризм мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы  туризмді дамыту  бойынша  Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп отырмыз. Бүгінгі кездесуге әртүрлі қалалардан  18 өкіл жиналып отыр. Бұл Қазақстан және Қытай компаниялары танысып, келіссөздер жүргізетін  жақсы алаң», - деді Ван Шулин.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм мәдениетін дамыту әлеуеті өте жоғары.

« «Бір белдеу-бір жол» жобасы жүзеге асырылғалы бері Қытай мен Қазақстан арасындағы туризм мәдениеті  дами түсті. Шынайы келіссөздер аясында екіжақты мәселелерді талқылап, бір-бірімізді зерттей аламыз деп ойлаймын. Екіжақты талқылау аясында қазақстандық тараппен туризм саласында  белсенді ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдемін», - деді ол.

Сонымен қатар, Ван Шулин қытайлық саяхатшылар Қазақстан арқылы Ресей мен Өзбекстанға шығады.

«Сондықтан да Қазақстанда трейлерлік саяхатты дамыту өте маңызды болып отыр. Қытайдың туристері, өкінішке қарай,  Қазақстанға тоқтамай отыр. Олар тұрақтау үшін инфрақұрылым қажетті деңгейде дамуы керек. Бүгін біз Қытайдағы трейлерлік саяхат қалай дамып жатқаны  бойынша тәжірибе алмасып, қазақстандық тарапқа аталған саланы дамыту үшін не қажет екенін түсіндіруге тырысамыз», - деді В.Шулин.

Өз кезегінде  «Kazakh Tourism»  Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев бұған дейін туризм саласында өткізілген шаралар өңірлік деңгейде болса, бүгін мемлекетаралық деңгейде үлкен шараның басталып отырғанын жеткізді.

«Соңғы жылы қытай туристерінің Қазақстанға келуі сиреп кетті. Оған себеп виза алу мәселесі деп ойлаймын. Ол көп уақытты қажет етеді. Туристер нақты бір елге бару мақсатын алдына қойғанда қағазбастылыққа ұрынбайтын елді таңдайды. Әзірге бізде өзара қарым-қатынас механизмі Үкімет деңгейінде орнатылды. Екі тарап қытай туристеріне 72 сағаттық транзит ұсынды. Меніңше, бұл әлі де жеткіліксіз. Механизмдерді барынша қысқарту бойынша жұмыс жасау керек. Қуанышқа орай, жақында тағы бір тетік пайда болды. Ол бірнеше ай бұрын ашылған электронды виза», - деді Т.Дүйсенғалиев.

Сондай-ақ, Т.Дүйсенғалиев  екі ел арасында саяси қолжетімділік бар екенін атап өтті.

«Енді ақпараттық қолжетімділікті дамыту қажет. Қытаймен көрші ел болсақ та, олардың көп бөлігі Қазақстанның  жақсы деңгейдегі туристік қызметті ұсына алатынын білмейді. Осы орайда, қарқынды жұмыс күтіп  тұр. Әлемде бәсекелстік өте көп. Сондықтан да, елді ілгерілендіретін саланы дамыту қажет. Бұл кездесулер қазақстандық турөнімдерді ілгерілендіруге мүмкіндік беретін алаң», - деді ол.

Ол айтып өткендей, қытай туристерін тиімді қабылдау үшін қажетті инфрақұрылымдық талаптарды сақтау керек.

«Қытай тіліндегі навигациялар мен қосымшаларды дамыту  мәселесі бар. Сондай-ақ, қытай тілін кәсіби деңгейде меңгерген гидтерді дайындау өте маңызды. Ұлы Жібек жолы өңірі Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарын қамтып отыр. Айтылған өңірлер құрамында  6 Ұлттық саябақ орналасқан. Оны да туризм саласында қолдануға болады», - деді Т. Дүйсенғалиев.

Сонымен қатар, ол қазір көптеген қытайлықтар жеке саяхатты жөн көретінін жеткізді.

«Ол жағдайларға да біз дайын отыруымыз керек. Жеке саяхатшыларды қабылдай алатын гидтер қажет. 5 жылдық дәлізде біз өзіміздің нарығымызды таңдадық. 5 жыл ішінде біз қытайлық тарапқа қауіпсіз, тартымды, қызықты туристік орынға айналуымыз керек», - деді Т. Дүйсенғалиев.

Сонымен қатар, шара барысында 3 меморандумға қол қойылған болатын.

Тимур Дүйсенғалиев келісімдерді жүзеге асыру тек қағаз жүзінде ғана емес, істе орындалу қажеттігін айтып өтті.

«Қазақстанда туристік кезең маусым-қазан айларында болады. Осы кезеңде қытайлық тарап туроператорлар құрастырған бағытпен келе алады. Бұл ауқымды ағындар деп айта алмаймыз, бірақ  5-6 топтан құралған туристерді қабылдау меморандумдар аясында жүзеге асыруға болады деп ойлаймын. Әрбір туроператор тур жайында жағымды пікірлерге ие болғанда, одан арғы жұмысын қызықтырақ етіп ұйымдастырғысы келеді. Оның нәтижесінде аудитория көбейеді. Ал, елге  келген туристер әлеуметтік желі арқылы әсем жерлерді дәріптейді. Одан да жақсы әсер болуы мүмкін», - деді Т.Дүйсенғалиев.

Айта кетейік, Қытай туризмінің апталығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында  бірқатар шаралардың өтуі жоспарланған.
 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды