- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және ЭЫДҰ: ынтымақтастықтың соңғы нәтижелері
Қазақстан және ЭЫДҰ: ынтымақтастықтың соңғы нәтижелері
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастығының негізгі қорытындыларын жасады. Ә. Смайылов атап өткендей, ширек ғасыр ішінде Қазақстанда қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда айтарлықтай өзгерістер жүргізілген.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ЖІӨ 11,4-тен 162,9 млрд. АҚШ долларына өсті.2001-2014 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы жылына орта есеппен 6-7% жоғары қарқынмен өсті. Мұнай бағасының құлдырауы және негізгі экспорттық тауарларға сұраныстың төмендеуі 2015-2016 жылдары елдің даму қарқынын баяулатты (1,1-1,2% - ға дейін). Алайда 2017 жыл ел үшін маңызды құрылымдық реформаларды жүзеге асырумен қатар макроэкономикалық жағдайды тұрақтандырумен ерекшеленді», - деді Ә. Смайылов.
Сондай-ақ, Қаржы министрі ғасыр жобасы - Қашаған мұнай және газ кен орны іске қосылды, бұл әлемдік энергетика саласындағы соңғы 50 жылдағы ең орасан зор оқиғасы болғанын атап өтті.
«265 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар жұмыс істейді.Ең қиын жылдары Қазақстанға British Petroleum, Agip, Shell, General Motorsжәне т. б. инвесторлар келді. Бұл әлемдік бизнестің Қазақстанға жаһандық сенімін білдіреді», - деді ол.
Министр атағандай, халықтың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, экономиканың құрылымы экономиканың шикізаттық емес секторларының рөлін арттыра отырып, сервистік модельге қарай көбірек өзгерді.
«ЖІӨ құрылымындағы қызметтер өндірісінің үлесі 2010 жылғы 51,7% - дан 2017 жылы 57,4% - ға дейін өсті. 2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бес жылдық максимумға жетті –5,1%. 1,5 трлн. теңгеге 120 жоба енгізілді (4,1 млрд. долл.) және 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде шикізат емес тауарлардың экспорты 22% - дан астам өсті. ДСҰ-ның 162 мүшесі бола отырып, Қазақстан сауда жүргізудің халықаралық ережелерін ұстанады. Бұл ретте Қазақстанның ЭЫДҰ елдерімен саудасы елдің жалпы тауар айналымының жартысынан астамын құрайды», - деді Ә. Смайылов.
Сондай-ақ, Қазақстан 1991 жылы ядролық полигоннан бас тартқан, ғаламшардың ядролық өзін-өзі жою қаупін толық жоюға қол жеткізген әлемдегі алғашқы ел болды.
«2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ны басқарды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету біздің елімізге аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға, сенімге, сабақтастыққа, ашықтық пен толеранттылыққа негізделген ұйым басшылығына жауапты тәсілді көрсетуге мүмкіндік берді. Қазақстан ғаламшардың әр түкпіріндегі қақтығыс ошақтарын реттеу бойынша бірлескен және кешенді шаралар қабылдауға барынша жәрдемдеседі, атап айтқанда, Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер жүргізу үшін алаң құрды», - деді Ә.Смайылов.
Айта кетейік, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 1948 жылы құрылған. Штаб-пәтері Парижде орналасқан. 2006 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас хатшысы - Анхель Гурриа.

ЭЫДҰ-ның негізгі мақсаты бүкіл әлемдегі адамдардың экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты көтермелеу және үкіметтер өзара тәжірибе алмасып, ортақ проблемалардың шешімін іздеуге болатын форумды қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кетейік, XII Астана экономикалық форумының биылғы тақырыбы:«Шабыттандырушы өсу: адамдар,қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты мен 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысып жатыр.
Аягөз Құрмаш
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді