• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазғарыш басшысы: Президенттің Қазақстанда ғарыш саласын құру туралы тапсырмасын орындаймыз

Қазғарыш басшысы: Президенттің Қазақстанда ғарыш саласын құру туралы тапсырмасын орындаймыз

22 Қаңтар, 2014 15:30
Қазақстанда ғарыш саласын құру жөніндегі Президент тапсырмасын орындаймыз, деді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

«Елбасы Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Халыққа Жолдауында елде енгізілуі тиіс 10 ірі жобаның бірінде нано және ғарыш салаларының құрылуын ерекше атап өтті», - дейді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.

«2014 жылғы бағдарламалық құжат ішінде Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болатыны жөнінде айтылғанда мен әрине қатты қуандым. Ғарыш саласының қызметкерлері үшін бұл Қазақстанның ғарыштық жолының дұрыс таңдалғанын білдіреді», - деп атап өтті Т.Мұсабаев.

Сонымен қатар, Ғарыш агенттігінің басшысы болашақта ғарыш саласында қандай жобалардың іске асатынын айтып өтті.

«Биыл Қазғарыш бірнеше ғарыш аппараттарын ұшыруды, ғарыш инфрақұрылымының бірқатар нысандарын пайдалануға беруді жоспарлауда. Менің ойымша, біз Қазақстанда ғарыш саласын құру жөніндегі Президент тапсырмасын орындаймыз», - деп түйді сөзін агенттік төрағасы.

 

 

Барлық жаңалықтар