- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ назарында – өңірлік проблематика – сарапшылар пікірі
АЭФ назарында – өңірлік проблематика – сарапшылар пікірі
«АЭФ-talks аясында төртінші өнеркәсіптік революцияны талқыладық. Оның Қазақстанға әкелетін кері әрі оң әсері де бар. Егер өнеркәсіптің Батысқа қайта ығысуы орын алса, дамып жатқан индустриалды елдердің ұстанымы қайта қарастырылуы мүмкін», - деді В.Иноземцев.

Спикер атап өткендей, форумның басты назарында – өңірлік проблематика.
«Қазақстан кейбір орталықтарға қарағанда теңалыстық ортада тұр. Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған экономикалық бағыт оңтайлы болып отыр. Геосаяси қысым мен экономикалық күрделелік кезеңінде теңжақындылық пен теңалыстылықты сақтау керек», - деді сарапшы.
Сонымен қатар, ол АЭФ-ті өткізудің өзектілігіне тоқтады.
«Алаң өте маңызды. Ресейлік осы типтес форумдарға қатысамын. Алайда, АЭФ-те зияткерлік дебаттар мен сарапшылар өте көп. Атмосферасы өте қолайлы. Кеше «АЭФ talks-ке» қатыстым. Ол қазір туындап жатқан өзекті мәселелер мен тың идеяларды талқылайтын тиімді алаң», - деді сарапшы.
Өз кезегінде Халықаралық валюта қорының аға экономисі Морис Обстфельд еуразиялық кеңістіктегі экономикалық жағдай туралы айтып берді.

«Орталық Азия экономикасы Ресейге қатысты санкцияларға байланысты күрделі кезеңді бастан кешіріп жатыр. Сондай-ақ, Қытайда да бірқатар тербелістер орын алуда. Атап айтсақ, 2014 жылы қара алтынның құны мұнай экспортшыларын таң қалдырды, оның ішінде Қазақстан да бар. Қазір мұнайдың бағасы тұрақталып жатыр. Еуразия туралы айтатын болсақ, Еуропа экономикасы соңғы тоқсандарда айтарлықтай бәсеңдеді. Мәселен, Германияда өсім баяулады. Ал Шығыс-Қытайда шарықтау мен құлдырау алмасып отырады. Тағы бір алаңдаушылық бар, ол – жақын арадағы өндірістік өсімге қатысты»,- деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, жақын арадағы 6 айда әлем бойынша сауда тұрақсыздығы сақталады. Инвестициялар сауда үшін өте маңызды. Жаһандық экономикадағы бәсеңдеу, саудаға әсер етеді.
Айта кетейік, XII Астана экономикалық форумының биылғы тақырыбы:«Шабыттандырушы өсу: адамдар,қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты мен 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысып жатыр.
Аягөз Құрмаш
Фото: Ашық дереккөз
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет