• Басты
  • Тұрақты даму: Қазақстан мен әлемдік тәжірибе сабақтастығы
17 Мамыр, 2019 11:01

Тұрақты даму: Қазақстан мен әлемдік тәжірибе сабақтастығы

2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 2030 жылға дейінгі кезеңге Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады, ол тұрақты даму саласындағы 17 мақсатты қамтиды. БҰҰ басқа мүше мемлекеттері сияқты Қазақстан өзінің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін тұрақты дамуға қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін анықтады. Тұрақты даму саласының ең өзекті мәселелері ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен АЭФ аясындағы Тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық Форумда талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Тұрақты даму: Қазақстан мен әлемдік тәжірибе сабақтастығы

2018 жылы БҰҰ Агенттіктерінің және Азия даму банкінің жәрдемдесуімен Қазақстан 2030 жылға арналған ТДМ мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін институтционалдық архитектураны, оның ішінде, Үйлестіру кеңесін, бес жұмыс тобын және үйлестіру кеңесін енгізді.

 Қазақстанның ұлттық тәсілі және ТДМ саласындағы жетістіктер 2019 жылғы шілдеде БҰҰ Ассамблеясында Жоғары деңгейдегі саяси форумда Ерікті ұлттық есеп нысанында ұсынылады. ТДМ қол жеткізуде алдынғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеу үшін Қазақстанға Үкімет пен халықаралық сарапшылар арасында белсенді серіктестікті және тәжірибемен алмасуды қамтамасыз ету қажет.

Спикерлер ТДМ күн тәртібінде прогреске қол жеткізу үшін Қазақстан үшін практикалық шешімдерді ұсынады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда  тұрақты даму бойынша форум алғаш рет өтіп жатқанын атап өтті.

«Ұлттық өсімді  қандай да болсын бағамен жүзеге асыру кезінде  әлеуметтік жауапкершілік, инклюзивтілік, экономикалық жауаптылық маңызды. Қазақстан Үкіметі толықтай осы мәселелер бойынша тепе-теңдік, сапа, экологиялық  тазалық жөніндегі пікірлерді толық қолдайды. Ең басты жоспарлар мен негізгі стратегиялар ретінде  15-тен астам тұрақты даму мақсаттары  біздің мемлекеттің   жоспарларында бар. Ол білім,әлеуметтік  мен денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау салаларын қамтиды. Соңғы жылдары  10 мың долларға дейін  4 есе өсіп отыр. Осы мүмкіндіктерді барынша пайдалану үшін шағын және орта бизнесті де қамтып отырмыз»,  - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр айтып өткендей, елдің басты мақсаты озық 30 елдің қатарына ену.

«Қазақстан осы мақсатта қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қазір еліміз  183 елдің ішінде 80-ші орынға ие. ҚР-да жүргізіліп жатқан іс-шаралар әлемде танымалдылыққа ие болып, өзінің орнын алды. Сондай-ақ,  ол көптеген  рейтингтерге жауап береді. Сонымен қатар, Қазақстан ауа райының өзгеруіне байланысты  Киоттік хаттамаға қол қойып, қатысқан болатын. Парижде  2016 жылы өткен келіссөздерге де қатысты. 2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі  «жасыл экономика» тақырыбын  қамтыды.  Ол  қоршаған орта мен табиғатты жақсартуға қатысты іс-шаралардың бірі болды. Осы орайда, біз үшін инвестициялар тарту маңызды. Жасыл инвестициялар үшін мүмкіндіктер ашып,оны   Қазақстанда дамыту негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Біздің ел бейбіт көзқарасты ұстанады. Индекс көрсеткіштері  бойынша бейбіт елдердің қатарындамыз. Егер, тұрақты даму мақсаттары  туралы айтатын болсақ,  ол еліміздегі жобаларға енгізілген. Оның ішінде Үкімет БҰҰ-ның бастамаларына қолдау көрсетеді», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Сөзінің соңында А.Мамин форум бастамаларды одан әрі қолдауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде  Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана Астана экономикалық форумына қатысу үлкен мәртебе екенін жеткізді.

«Тұрақты даму мақсаттарына байланысты мүмкіндікті пайдалана отырып, біз қандай мәселеге назар аударуымыз қажет және тұрақты даму мақсаттарын  2030 жылы іске асыру үшін не істеуіміз керек деген мәселелерді қарастыратын боламыз.Қазақстанның  2050 жылға дейінгі басымдықтары күн тәртібіне қосатын іс-шаралар болып табылады. Елдегі трансформация, білім беру мәселелерін дамыту және аз қамтылған халықтың әлеуметтік жағдайын қарастыру басым бағыттар болып табылады. Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін қызметтердің теңдігі де өте маңызды», - деді Армида Салсия Алишахбана.

Сондай-ақ, ол  осы мақсаттарды ескере отырып, мемлекет өзінің экономикасын жаңғыртуда, адами капиталды дамыту мен бизнес ахуалды барынша бәсекеге қабілетті болуда екенін айтты.

«Қазақстандағы орта тап едәуір өсті. Қазір ел адам дамуы бойынша озық 30 мемлекеттің қатарына ену  жолында көптеген инвестицияларды тартып жатыр. Сондай-ақ, тұрақты дамудың  80 пайызын өзінің Стратегиясында  көрсеткен. Тұрақты даму мақсаттарына жету осы процесті әрі қарай жеделдетуі тиіс. Өңірлік  және субөңірлік деңгейдегі белгілі  мәселелер бар, олардың нақты негізі болуы қажет. Қазақстан қазіргі таңда әртүрлі күрделі мәселелерді еңсере білуі керек. Орталық Азия, Тынық мұхтиты өңірінде әртүрлі мәселелер бар екенін білеміз. Тұрақты дамудың  17 мақсатының  барлығы толықтай іске асып жатқан жоқ. Алайда, кедейшілікпен күрес, өмір бойы оқыту және қолжетімді таза энергетика мәселелері іске асуда», - деді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары.

Ал,  Колумбия Президенті (2010-2018), 2016 жылы бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Хуан Мануэль Сантос Колумбия тұрақты дамуды ілгерілеткен мемлекет екенін атап, жақсы идеялар шынайылыққа айналып жатқанын жеткізді.

«Тұрақты даму мақсаттарын тек дамушы елдер ғана емес, дамыған мемлекеттер де іске асыруы керек. Біз толықтай саясатымызды өзгерттік. Еліміз өте байтақ, әртүрлі өңірлерден тұрады. Қазақстанда да дәл сондай жағдай. Түрлі өңірлер бар. Аймақтағы жағдайлар да әртүрлі. Сондықтан да, бұл жерде тиімділікті жан-жақты ойластырып, тұрақты даму мақсаттарын қойып, іске асыру керек. Мемлекет, билік тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс. Бұл тек қана ішкі ғана емес, сыртқы жұмыс болып табылады», - деді ол.

Сондай-ақ, Хуан Мануэль Сантос Колумбияда тұрақты даму орталығы бар екенін айтты.

«Соңғы жылдарда тұрақты даму бойынша өзгеріс бар. Алайда, біз одан да тиімді жұмыс істеуіміз керек. Осы айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар тұрақты дамуды ілгерілендіре түседі деген ойдамын», - деді ол.

Айта кетейік,  XII  Астана экономикалық  форумының биылғы тақырыбы: «Шабыттандырушы өсу: адамдар,қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты мен 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысып жатыр. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды