• Басты
  • Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі қандай?
16 Мамыр, 2019 17:52

Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі қандай?

Азия елдеріндегі табысты экономикалық дәліздердің көптеген мысалдары жеке және мемлекеттік инвестицияларды мобилизациялауда, жоғары сапалы өсім жасауға көмектесу және жұмыс орындарын құру, экспортты ғылымды қажетсіну деңгейін арттыруда өз мүмкіндіктерін көрсетеді.Орта Азияда соңғы уақытта байқалып жүрген экономиканы жаңарту және жайлы өңірлік динамика өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпіліс береді. Осы мәселені Орталық Азияның сарапшылары Астана экономикалық форумы аясындағы панельдік сессияда талқылады.
Азиядағы экономикалық дәліздерді дамыту тәжірибесі қандай? | Strategy2050.kz

 Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы (ОАЭЫ) шеңберіндегі Алматы-Бішкек дәлізі ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық сақтау және көлік саласындағы салаларға арналған мүмкіндіктер құрудың үлгісі болып саналады.

Трансшекаралық агломерация кәсіпорындарға мамандануға, ауқымды жұмыс істеуге және әлемге тауарлар мен қызметтерді экспорттау арқылы бәсекеге қабілеттілік пен әртараптандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 Дәлізді дамытудағы қарқынды прогрессті тарату үшін ОАЭЫ Қазақстан (Шымкент), Өзбекстан (Ташкент) және Тәжікстан (Худжанд) елдерінің араларында жаңа экономикалық дәліз құру бастамасын қолға алды. Сессия әлемдегі экономикалық дәліздерді дамыту барысында пайда болған мүмкіндіктерді және мемлекеттік және жеке секторды жұмылдыру арқылы ОАЭЫ өңірінде экономикалық әртараптандыруды ілгері бастыру мәселелерін талқылайды.

Қырғызстандағы  Стратегия департаментінің директоры Сұлтан Ахматов Қырғыз елі мен Қазақстанның бірігіп  5 жыл бұрын  бастама ұсынылған    Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі туралы айтып берді.

«Экономикалық дәліздің тек қана екіжақты ғана емес, көпжақты дамудағы үлесі өте жоғары. Әрине, бірінші кезекте нәтижеге қол жеткізген маңызды. Дегенмен де, екі елдің арасындағы көптеген проблемалар шешілді. Экономикалық байланыстар көп проблемаларды жеңілдетіп отыр. Аталған бастама аясында біз үнемі келіссөздер мен кездесулер өткіземіз. Қазақстандағы әріптестерімізбен бүгін де кездесіп отырмыз. Бізде туризм, ауыл шаруашылығы бойынша жұмысшы комитеттер  құрылды. Тұрақты кездесулер барысында процессті кешігіп отырған мәселелерді анықтадық», - деді С.Ахматов.

Сондай-ақ, ол жобаның форматы кең әрі туристік салада ғана емес, медициналық проблемаға да ұласып жатқанын айтты.

«Экономикалық дәлізден де өзге кеңірек, ауқымды мәселелер туындап отыр. Туризм бағытын ғана айтатын болсақ, біз кластер құруымыз керек. Яғни, Қазақстанға не Қырғызстанға келетін туристер біздің аймақтарды біртұтас ретінде қабылдауы керек. Орталық Азия аумағы өте үлкен нарық. Туризмге де қолайлы. Бұл мүмкіндіктерді кеңейту өте өзекті мәселе. Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан  нарығы да бар. Осы өңірлерге нарықты тарту, көпсекторлы жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Өз кезегінде  Тәжікстан Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Гулру Джабборзода үштарапты дәлізге қатысу бойынша тәжікстандық бағыттарды атап өтті.

«Біздің әлем қазір үлкен сын-тегеуріндердің алдында тұр. Дағдарыстардың факторлары ғаламдық экономикада да көрініс тауып отыр. Өңірлік келіспеушіліктер де қауіп төндіруде. Біздің елдеріміздің алдында даму жөніндегі үлкен проблемалар тұр. Осы тұрғыдан алған кезде  Орта Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық бағдарламасы  әлемнің ірі елдерін қосатын көпір іспеттес. Бұл алаң жаңа стратегиялық маңызға ие болып отыр», - деді ол.

Гулру Джабборзода айтып өткендей, экономикалық дәліздерді дамыту өңірлерге экономикалық интеграцияға үлкен жол ашады.

«Соңғы  20 жыл ішінде ОАЭЫ бағдарламасы аясында біздің елдеріміз елеулі жетістіктерге жетті. Оның ішінде, экономика, сауда, энергетика салаларында толағай табыстарға қол жеткізілді. Көптеген жобалар іске асырылды. Олар өңірлердің экономикалық дәліздерін дамытуға жол салды», - деді ол.

Ал,  Азия Даму банкі  вице-президенті Шиксин Чен  АДБ экономикалық дәліздерді құруды қолдайтынын жеткізді.

«Бүгінгі күні АДБ-ның мәселесі өзекті болып отыр. Экономикалық дәлізді дамыту туралы айтқан кезде  ОАЭЫ үшін көліктік дәліз сынды. Көліктік дәлізді экономикалық дәлізді ауыстыру мәселесі емес. Біз оны үш түрлі жолмен жүзеге асыруымыз керек. Алдымен, бізде  ортақ стратегия болуы керек. Экономикалық дәлізді  2020 стратегияға енгізу керек. Оны  2030-ға қарай ұзарту қажет. Сондай-ақ, біз өзге елдердің тәжірибесін үлгі етуіміз керек», - деді ол.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумының   биылғы тақырыбы:«Шабыттандырушы өсу: адамдар,қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты мен 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысып жатыр. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды