• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңызды істер жүзеге асуы үшін дұрыс бағдар керек - тарих ғылымдарының докторы Г.Мұсабалина Жолдау жайында

Маңызды істер жүзеге асуы үшін дұрыс бағдар керек - тарих ғылымдарының докторы Г.Мұсабалина Жолдау жайында

22 Қаңтар, 2014 15:15
Кез келген маңызды істерді жүзеге асыру үшін дұрыс бағдар керек. Биылғы Жолдауда экономиканың барлық саласы, саясат және әлеуметтік орта бойынша бағыттар берілген, деп Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Гүлнар Мұсабалина ағынан жарылды.

«Кез келген маңызды істерді жүзеге асыру үшін бағыт керек. Биылғы Жолдауда  экономика, саясат пен әлеуметтік ортаның барлық бағыттары бойынша дұрыс бағдар ұсынылған. Жолдаудың басты мақсаты - Қазақстан экономикасын алға ілгерілету, яғни әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру», - деп Г.Мұсабалина атап өтті.

Сондай-ақ ол білім саласына қатысты ұсыныстар мен міндеттер елімізді дамытудың шешуші факторына айналып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды нығайтатынын тілге тиек етті. 

«Жолдау Қазақстанның әр азаматына қарата айтылған. Сондықтанда біз кемелді келешек құру үшін жігер, еңбекқорлық және мақсатқа беріктік сынды қасиеттермен қарулануымыз керек», - деді тарих ғылымының докторы.

 

 

Барлық жаңалықтар