• Басты
  • АЭФ: Жаһандық және өңірлік проблемалар қалай шешіледі
16 Мамыр, 2019 13:00

АЭФ: Жаһандық және өңірлік проблемалар қалай шешіледі

Қазақстан елордасында XII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Елдер экономикасындағы, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларындағы, өндіріс пен тұтынудағы қарқынды және түбегейлі өзгерістер, сондай - ақ біздің көз алдымызда болып жатқан технологиялық көшу Астана экономикалық форумында талқыланып жатыр. Форумның биылғы тақырыбы: «Шабыттандырушы өсу: адамдар,қалалар, экономикалар» тақырыбына негізделген.Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан астам Нобель сыйлығының лауреаты мен 30-дан астам жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысып жатыр. Экономикалық форумда талқыланатын басты мәселелер туралы Strategy2050.kz сараптамалық порталы әзірлеген материалдан оқи аласыздар.
АЭФ:  Жаһандық және өңірлік проблемалар  қалай шешіледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XII Астана Экономикалық форумының қатысушыларына алғысын айтып, форумды өткізудің маңыздылығына тоқталды.

«Мемлекет көшбасшыларына,халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне, трансұлттық  компания жетекшілеріне осы басқосудың жұмысына атсалысып жатқан белгілі ғалымдар мен сарапшыларға шынайы ризашығымды білдіремін. Біздің осындай кездесулеріміз дәстүрге айналды және мен шараның сенімді  алаңға айналғанына көз жеткізіп отырмын. 2008 жылы біз осы бастаманы көтерген болатынбыз. Қазіргі таңда XII Астана Экономикалық форумын өткізіп отырмыз. Біз жаһандық және өңірлік проблемаларды қарастырудамыз. Бұл стратегиялық мәселелердің барлығы алдағы жылдардағы қоғамның дамуына ықпал етеді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы  G-global, экономикалық проблемалар, кедейшілікпен күрес, адам капиталын дамыту, жаңа энергия мәселелерін қарастырылғанын айтты.

«Былтыр біз жаһандық сын-тегеуріндер саммитін өткіздік. Осы форум алаңшасында дағдарысқа қарсы екі конференция өткізілген болатын. Оған  БҰҰ БА қоғамдық қолдау көрсетті, сол жерде Астана  экономикалық форумында айтылған ұсынымдар мен тұжырымдар жаһандық сын-тегеуріндерді еңсеруге мүмкіндік берді. Біздің үлгіміз ешқандай болжамдарға қарамастан дамудың тұрақтылығына ие екенін көрсетті. КСРО ыдырағаннан кейін  15 мемлекеттің ішінде Қазақстан ауыр жағдайда қалған болатын. Осыған қарамастан біз алдымызға нақты мақсаттар қойдық және оларға қол жеткіздік. Біз  дамыған 50 елдің қатарындамыз. Бизнесті дамыту бойынша  озық  30 елдің құрамына енген болатынбыз. Шетелдік инвестициялар  320 млрд долларды құрады. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша өңірдегі көшбасшы болып табылады», - деді Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президенті шетелдік серіктестерге Қазақстанға артқан сенімі үшін ризашылығын білдірді.

«Біздің серіктестеріміздің, шетелдік инвесторлардың сенімін жоғары бағалаймын. Қазақстан прагматикалық оптимизм елдің саяси –экономикалық жүйесіндегі сенімділіктің көрсеткіші деп бағалайды. Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың сыйлы мүшесіне айналды. Экономикамыз да артқан болатын. Кедейшіліктің деңгейі де төмендеді, біз осы бағытта жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. ҚР сыртқы істер министрлігі  тікелей шетелдік инвестиция тартумен айналысатын орган болып табылады. Біздің шетелдегі елшіліктеріміз Қазақстанда жұмыс жасағысы келетін әрбір инвестор үшін бір терезе болып табылады деген сенімдемін. Біз әрі қарай дамыған  30 елдің қатараныа қосылу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы 2050 жылға дейінгі Стратегияда Қазақстанның  дамыған  30 елдің қатарына қосылу мәселесі айтылғанын жеткізді.

«Осы мақсатқа жету жолында жұмыла отырып жұмыс істеп жатырмыз. ЭЫДҰ елдерінің өмір сапасы стандарттарын енгізуге бағытталған талаптарын орындап жатырмыз. Біз  5 нысаналы реформаларды іске асыру бойынша Ұлт жоспарын қабылдадық. Бұл құжат Астана экономикалық форумында жоғары бағаланған болатын. Қазіргі кезеңде үшінші жаңғыртуды жүзеге асыруды бастадық. Ауқымды инфрақұрылымдық және индустриалдық бағдарламалар іске асырылуда. Осы индустриалдық бағдарламалар баламалы экономиканы жасап беруде біздің жер қойнауы байлығымыз бен  энергетика  ресурстарымыз көп. Осы  6 жылдың ішінде 130 жаңа кәсіпорынды құрдық.  Бағдарламаларды  жүзеге асыратын  инвесторларға біз жақсы қолдау көрсетіп жатырмыз. Инфрақұрылымдық даму бойынша «Бір белдеу-Бір жол» бағдарламасын қолдай отырып, Қазақстан Ұлы Жібек жолының ортасында тұр. Бірқатар  автомобиль жолы Ресей мен Еуропаға шығады», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев «Шабыттандырушы өсу: адамдар,қалалар, экономикалар»  атты  биылғы форумның тақырыбының маңыздылығын атап өтті.

« Әлемде  экономикалық даму   тұрақты сияқты. Бірақ, оның іргелі бір тәуекелдері мен диспропорциялары бар екенін білеміз. Жалпылама болжамдар  3,09-дан  3.06-ға дейін экономикалық өсу қарқыны төмендеген болатын. Сондықтан да жаңа бір даму жолдарын қарастыру бойынша мемлекеттер осы нарықтар үшін күресіп жатыр. Осы орайда, біз нарықтық емес салаларды да қарастырып жатырмыз», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент қазір ірі экономикалардағы нақты анықтылықтың болмауы, популизмнің өсуі секілді құбылыстар болып жатқанын айтты.

«Осы күрделі жағдайлардан шығу жолдарын біз БҰҰ, G-20, ДСҰ ұйымдастыратын осындай халықаралық форумдарда қарастыруымыз қажет. Біз бірлесе отырып,осы мәселелерді басқаруымыз қажет», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан елордасы  Нұр-Сұлтанның жас қала болуына қарамастан көптеген ірі шаралардың ордасына айналғанын тілге тиек етті.

«Экономикалық форум менің G-global бастамаларымды талқылайтын  алаң болып табылады. Біздің елордамыз елдер арасындағы келіссөздерді жүргізуге алаңша бола алады.  G-global  мен Үлкен Еуразияға қатысты айтатын болсақ, көптеген халықаралық ұйымдар интеграциялық мәселелерді ескере отырып, тараптар арасындағы келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу қажет. Тікелей диалогқа көшетін кез жетті, олар болашақты қалыптастыруда», - деді Елбасы.

Сөз соңында Елбасы Н.Назарбаев Астана экономикалық форумы Қазақстан үшін тарихи кезеңде  өтіп жатқанын айтты.

«Біз Тәуелсіздік жылдары жақсы жетістіктерге жеттік.  Қазақстан әлемдік қоғамдастықтағы сыйлы, беделді  мемлекетке айналды. Әртүрлі бастамаларды жүзеге асырдық.  Биылғы Астана экономикалық форумы   еліміз үшін тарихи  кезеңде  өтіп жатыр, себебі  бір айдан кейін елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді», - деді Елбасы.

Өз кезегінде форумның  басты   спикерлерінің бірі ретінде   сөз сөйлеген  Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері  Хань Чжэн Астана экономикалық форумында әлемдік экономика мәселелерінің талқыланып жатқанына  ризашылық білдірді.

«Тұңғыш президент Н.Назарбаев көреген әрі қырағы саясаткер ретінде 2008 жылы Астана экономикалық форумын өткізу бастамасын ұсынған болатын. 12 жыл ішінде біздің форумымыз маңызды алаңшаға айналды. Форумда сарабдал тұжырымдар мен экономикалық, қаржы, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленуде. Қазіргі кезде халықаралық аренада АЭФ өте танымал.Әлеуметтік экономикалық дамуға байланысты Қытайда 1,4 млрд адам тұрады. Қытайдағы адам капиталы өте орасан және біз осы жаңа урбанизация моделін дамытудамыз. Біз сіздермен осындай тәжірибелерімізбен бөлісуге дайынбыз. Бірлесе отырып, ортақ болашақ үшін әлемдегі елдер халықтарының игілігі үшін жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Осы арқылы біз әлемдегі елдердің жағдайын жақсартуға атсалысамыз», - деді Хань Чжэн.

Ал  Халықаралық валюта қорының  басқарушы  директоры Кристин Лагард  жылдамдатып, баяу даму қажеттігін айтты.

«Қазіргі кезеңде баяу жүріп жатыр. 2019 жылы жаһандық өнім өсуінің тежеліп жатқанын байқап отырмыз. Рецессия болып жатыр деп айтып отырғаным жоқ, бірақ та былтырғы  көрсеткішпен салыстырғанда  баяулағаны байқалады. Ірі ойыншылар арасындағы қарым-қатынастарды да білеміз. Елдер арасындағы күрделі қарым-қатынастар шешіледі деп ойлаймыз. Кавказ және Орталық Азия бойынша даму қарқынын өсіруге болады», - деді Кристин Лагард.

Айта кетейік, Астана экономикалық форумы Еуразиядағы жыл сайынғы  орталық іскерлік іс-шара.

11 жыл ішінде Астана экономикалық форумы  әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру  және дамыту  мәселелерін талқылауға арналған  ең беделді халықаралық  плтаформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды.

Форумның нәтижесі  халықаралық инвесторларды  тартудан бастап, елдегі және әлемдегі  экономикалық саясаттың  күн тәртібін қалыптастыру үшін жаңа идеялармен алмасуға дейін  айтарлықтай әсер етеді.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды