- Басты
- Жаңалықтар
- Біз Грузияны достас мемлекет деп санаймыз – Қ.Тоқаев
Біз Грузияны достас мемлекет деп санаймыз – Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Мамука Бахтадзені алдағы Грузияның тәуелсіздігі күнімен құттықтап, достас грузин халқына жақсылық пен бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш-Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанын атап өтіп, дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан бастап оны дамытуға өзі тікелей атсалысқанын айтты.
« Тұңғыш Президентіміз – Елбасының Грузияға, сіздердің басшыларыңыздың Қазақстанға жасаған сапарлары есімде. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жақсы дамып келе жатқанын нақты айта аламыз», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузия экономикасындағы негізгі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Бүгінге дейінгі салынған инвестицияның жалпы көлемі 450 миллион доллардан асқан.
« Біз Грузияны достас мемлекет деп санаймыз. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Біздің делегацияларымыз халықаралық ұйымдарда өзара белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қазақстанда 60 мыңға жуық грузин диаспорасы бар. Олар еліміздің тыныс-тіршілігіне өте белсенді әрі конструктивті түрде атсалысады. Сіздің бұл сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына тың серпін береді деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Грузия Үкіметінің басшысы Қазақстан тарапының дәстүрлі түрде жылы қабылдағанын атап өтіп, Грузияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты тұрақты ұстанымы және халықаралық деңгейде қолдау көрсеткені үшін Президентке және Қазақстан халқына ерекше ризашылық білдірді.
«Маған Қазақстанға жұмыс бабымен бірнеше рет келудің сәті түсті. Халықтарымызды көпғасырлық достықтың арқауы байланыстырады. Біз мұны мақтан тұтамыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қарым-қатынастарымызды нығайтуға қосқан тарихи рөлі мен өлшеусіз үлесін атап өткім келеді», – деді М.Бахтадзе.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, гуманитарлық, туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар көлік-транзиттік, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау және Құрық порттары арқылы қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары