- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт мақұлданды
Мәжілісте Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт мақұлданды
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт 2017 жылғы 7 шілдеде Нью-Йоркте БҰҰ-ның штаб-пәтерінде жасалған болатын. Шарттың негізгі мақсаты - халықаралық-құқықтық алаңда ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі олқылықты жоятын заңды тұрғыдан міндетті құжатты қабылдау.
Заң жобасын ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев таныстырды.
Құжатқа сәйкес әрбір қатысушы мемлекет ешқашан және қандай да болмасын жағдайларда да ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды әзірлемеуге, сынамауға, жасамауға, дайындамауға, өзге де тәсілмен сатып алмауға, иеленбеуге және жинамауға міндеттенеді.
«Шарт бұрын тыйым салынбаған жаппай қырып-жою қаруларының соңғы түрі – ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат. Өз кезегінде ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салу ядролық қарудың толық жойылуы үшін қажетті алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар, шарттың ережелеріне сәйкес ядролық қаруды пайдалануға және оны қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған», - деді Ержан Ашықбаев.
Ол айтып өткендей, ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.
«Қазіргі уақытта шартқа 70 мемлекет қол қойды, 23 мемлекет ратификациялады. Шарттың күшіне енуі реалистік бағамдарымыз бойынша 4-5 жылға созылуы мүмкін. Қазақстан шартқа ресми түрде қол қойған. Соңғы екі онжылдықта ядролық қарусыздану саласында айтарлықтай прогрестің жоқтығы байқалып отыр», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр шартты ратификациялау қарусыздану талаптарына сәйкес келетінін айтты.
«Ядролық сынақтардың тоқтатылуына қарамастан, қару-жарақтың жаңа түрлерін шығару және оларды жеткізу құралдарын жетілдіру мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Шартты ратификациялау Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларымен толықтай сай келеді», - деді вице-министр.
Ал екінші заң жобасы әскери мақсаттағы өнімнің бағасы өнім беруші Тараптың ұлттық қарулы күштер, өзге де әскерлер, әскери құралымдар, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер өздерінің мұқтажы үшін сатып алатын әскери мақсаттағы өнімге баға белгілеуді реттейтін ұлттық заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
Осы күні Мәжіліс Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша заң жобасын жұмысқа алды.
Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары орталық мемлекеттік атқарушы органдардың басшыларына депутаттық сауалдар жолдады. Олар М.Айсина, М.Қазбекова, И.Смирнова, К.Мұсырман, Е.Никитинская, А.Қоңыров, Ж.Омарбекова, А.Перуашев.
Аягөз Құрмаш
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады