- Басты
- Қазақстан мен Грузия ынтымақтастықты дамытуда
Қазақстан мен Грузия ынтымақтастықты дамытуда

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның оныншы отырысының қорытындылары қаралды. 2018 жылы Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналымы 34,6%-ға артып, $100 млн жуық құрады.
Премьер –Министрдің ресми сайты хабарлағандай, Үкіметтер басшылары өзара тауар айналымын одан әрі арттырудың қолда бар елеулі әлеуетін атап өтті. Елдік экономикалардың құрылымы туризм, ауыл шаруашылығы, индустрияландыру, көлік, энергетика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың спектрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тараптар экономиканың жекелеген салалары және нақты инвестициялық жобалар бойынша тауар айналымының көлемін ұлғайту және номенклатурасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді қабылдауға ниет білдірді. Соның нәтижесінде өзара сауда-саттық көлемдерін қысқа мерзімді кезеңде екі есе ұлғайтып, $300 млн жеткізу көзделген.
Транзиттік-көлік саласында, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттағы транзиттік тасымалдар 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 13 еседен астамға артты. Биыл 120 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзе Қазақстан мен Грузияның тарихи жақсы серіктестер екенін атап өтіп, ынтымақтастықты дамытуды тереңдетуге қызығушылығын білдірді.
Өз кезегінде ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин Грузия Премьер-Министрінің сапары өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі серпін беретінін айтты.
«Біздің ортақ міндетіміз – көлемдерді ұлғайтып, елдердің сауда саласындағы өзара іс-қимылына жаңа серпін беретін жобалар мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру», — деді А. Мамин.
Үкіметтік келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы 2019–2022 жылдарға арналған өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі жол картасы;
2. ҚР Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы 2007 жылғы 6 наурыздағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
3. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Грузияның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Грузияның Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Қазақстан өңірлеріндегі эпидахуал: Вирус жұқтыру көрсеткіші өсті
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы

