• Басты
  • Қазақстанда сауда нарықтарының жұмыс істеу деңгейі қандай?
14 Мамыр, 2019 12:36

Қазақстанда сауда нарықтарының жұмыс істеу деңгейі қандай?

Әлемдік экономиканы жаһандық цифрландыру жыл сайын электрондық сауда нарығының 11%-дан аса өсуін қамтамасыз етеді.Халықаралық сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2023 жылға қарай электрондық коммерцияның әлемдік нарығы 2,8 трлн. АҚШ долларына дейін өседі.2018 жылы нарық көлемі 1,8 трлн. АҚШ долларын құрады, бұл әлемдік бөлшек сауда тауар айналымының 11,6%-ын құрайды.
Қазақстанда сауда нарықтарының жұмыс істеу   деңгейі қандай?

Қазақстан Республикасы Ұлттық эконмика министрі Руслан  Дәленов  Электрондық сауданы дамыту  сегментінде алдыңғы позицияларда тұрғандар: Қытай, онда ұлттық бөлшек тауар айналымындағы электрондық сауданың үлесі 23,7%-ды құрайды,ЕО елдері, олардың үлесі 14,8%-ды құрайды,АҚШ – 10,8%,Оңтүстік Корея – 7,2% тұрғанын жеткізді.

2018 жылдың қорытындылары бойынша онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есеге өсті және 269 млрд. теңгені құрады.

«Электрондық сауданың үлесі 2,9% тең.Электрондық саудадағы белсенді сатып алушылардың саны 2 есеге артып, 2,3 млн. адамды құрады.Нарықта 1700-ден астам дербес интернет-дүкен жұмыс істейді, оның үштен бірі – 509-ы, салық жеңілдіктерін алуды қалаушылар болып табылады (корпоративтік табыс салығынан және жеке табыс салығынан 100% босату).Елімізде 1 млн-нан астам ШОБ субъектілеріне өз тауарларын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электрондық сауда алаңдары қызмет етеді», - деді ол.

Р.Дәленов айтып өткендей,  Қазақстандағы электрондық коммерция нарығы құрылымының 68%-ын тауарлар саудасы құраса, 32%-ын – көрсетілетін қызметтер құрайды.

«Тауарлардың ішінде – құрылыс материалдары, тұрмыстық техника, косметика, киім және аяқ киім үлкен сұранысқа ие. Көрсетілетін қызметтердің ішінде – әуе және теміржол билеттерін сату, мәдени іс-шаралар мен коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеу.Әлемде электрондық сауданың айрықша қарқынды бағыттарының бірі тамақ өнімдерін және ауыл шаруашылығы тауарларын сату болып табылады.2023 жылға қарай аталған сегмент 2018 жылмен салыстырғанда 64%-ға өсіп, оның көлемі 134,5 млрд. АҚШ долларына жетеді», - деді Р.Дәленов.

Қазақстанда тамақ өнімдерінің электрондық сауда көлемі

15,4 млрд. теңгені құрайды және жалпы тауарлардың электрондық саудасының 4%-ын алады.

«Электрондық саудада аумақтық шекаралар жоқ. Сондықтан, біздің отандық ауыл шаруашылығының өндірушілері үшін бұл жаңа нарыққа шығуға, өзінің сатып алушысын іздеуге шексіз мүмкіндік береді.Интернет-сауда – бұл ауылдық жерлерде сауданы дамыту үшін тамаша мүмкіндік.Интернет-сауданың танымалдығы – транзитті дамыту әлеуеті болып табылады.Алдағы 5 жылдың ішінде Қытайдан Еуропаға жіберілетін интернет-сәлемдемелер саны 6 есеге артып, 2025 жылғақарай 4 млрд. сәлемдемеге дейін жетеді», - деді Р.Дәленов.

Ол айтып өткендей,  2018 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан Еуропаға 670 млн. сәлемдеме тасымалданды. Олардың ішінде Қазақстан арқылы транзит көлемі шамамен 6% құрады, бұл 39,2 млн. сәлемдеме.

«Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы өте ыңғайлы географиялық жерде орналасқан.Бүгінгі таңда бізде Қазақстан аумағы арқылы интернет-сәлемдемелердің қазіргі көлемін қайта жөнелту үшін барлық инфрақұрылымдық және рәсімдік мүмкіндіктер бар.«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің арқасында осы транзит көлемін 2025 жылға қарай 864 млн.сәлемдемеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр», - деді ол.

Министр атағандай,  бұл қазақстандық компаниялардың табысын 132 млрд. теңгеден - 1 трлн. 270 млрд. теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

«Электрондық коммерцияның өсуі саудаға және байланысты салаларды дамытуға, соның ішінде транзитке әсер етеді.Бұл 2025 жылға қарай ЖІӨ-ні жыл сайын 1,1 пайыздық тармаққа ұлғайтуы мүмкін.2017 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.Ол цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.Оны іске асыру мақсатында 2018-2020 жылдарға арналған электрондық сауданы дамытудың жол картасы қабылданды.28 іс-шарадан – 19 шара орындалып, 9 іс-шара аралық орындау сатысында.Жұмыстың жалпы нәтижелері туралы қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіз.Өз қызметі бойынша басқа ведомстволардың өкілдері неғұрлым толық баяндайтын болады», - деді ол.

Министр осы жылғы 2 сәуірде бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Заң қабылданғанын жеткізді.

«Онда электрондық сауданы одан әрі дамыту үшін жүйелі шаралар енгізілді.Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде электрондық коммерция ұғымы бекітілген. Ол өзіне тауарлар мен қызметтер саудасы қамтиды.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау институты күшейтілді.Экспортқа тауарларды мағлұмдау тәртібі оңайлатылған.Сондай-ақ, электрондық сауда қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің шектері айқындалды.Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері көзделген. Оларды алуға бизнес субъектілерінен 509 тапсырыс берілді», - деді Р.Дәленов.

Сонымен қатар, қолма қолсыз төлемдерді дамыту үшін онлайн БКМ және ERP жүйелерін сатып алуға арналған шығындар салығын төлеу есебінен мемлекеттің өтеуі бойынша салықтық ынталандыру көзделген. 2 жылдың ішінде 120 мың теңгеге дейін өтеу көзделінген.

«Жедел төлемдерді дамыту үшін Ұлттық Банк ұялы телефонды төлеу құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба енгізді.Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, «Атамекен» ҰКП мен «Қазпошта» АҚ цифрлық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағыты бойынша жұмыс жүргізуде.Қолжетімді және жоғары технологиялы инфрақұрылым электрондық сауданы дамытудың маңызды факторлары болып табылады.Сондықтан 2 сәуірдегі Заңда экспортқа шығарылатын тауарларды декларациялау тәртібі жеңілдетілген. Енді пошта құжаттары декларация ретінде танылады», - деді министр.

Сонымен қатар, Қазақстан арқылы үшінші елдерге өткізілетін тауарлар транзитін ұлғайтуға бағытталған түзетулер бар.

«Заңнамалық деңгейде «Фулфилмент орталық» ұғымы мен оның функционалы енгізілді, ол тауарды қабылдау мен сақтаудан бастап соңғы тұтынушыға жеткізгенге дейін толық логистикалық қызметтер түрлерін ұсынады. Жалпы электрондық коммерцияның дамуы сауда мен транзит өсуінің және экономикалық дамудың жаңа драйвері болады», - деді ол.

Өз кезегінде  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин электрондық коммерция – бұл әлемдік тренд екенін айтты.

«Электрондық коммерция – бұл әлемдік тренд, сервистік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі», — деді А. Мамин.

ҚР Үкіметінің басшысы электронды сауданы экономиканың өсуінің қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастыру қажеттігін атап өтті.

Дамыған инфрақұрылымды ескерумен, электронды сауда көлемін арттыру жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бүгінде аталмыш және іргелес салаларда 33 мың адам жұмыспен қамтылған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 314 мың адамға дейін жеткізу көзделген.

Болжамдарға сүйенсек, 2025 жылға қарай қазақстандық интернет алаңдардағы сатып алу көлемі 153 млрд теңгеден 2 трлн теңгеге дейін өсіп, бөлшек сауданың 25% құрайтын болады. Электронды коммерция аясында логистикалық компаниялардың транзиттен күтілетін кірісі 2025 жылға қарай 1270 млрд теңгеге дейін өседі.

«Батыс Қытай–Батыс Еуропа дәлізінің дайын инфрақұрылымын ескерумен, контейнерлік тасымалдар мен логистиканың өсуімен қатар автотасымалдаушылар үшін үлкен әлеуеті бар бағыт ашылады. Электронды сауда-саттықтың экономикаға тигізетін мультипликативті әсері жалпы ішкі өнімге жыл сайын қосымша 1,1% деңгейінде үлес қосады деп болжауға, 2025 жылға қарай Қытайдан Қазақстан арқылы Еуропаға тасымалдар қарқынын тәулігіне 2 мыңнан 21 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - А.Мамин.

ҚР Премьер-Министрі электрондық сауда арқылы отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің және басқа да өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін шетелдерге, оның ішінде Қытай нарығына өткізу әлеуетін атап өтті. Мысалы, ауыл шаруашылығы тауарлары мен тамақ өнімдерін электронды сауда-саттық арқылы өткізу жыл сайын 20%-ға өсетін болады.

«Қазіргі кезде әлемде ірі сауда желілерінің жабылып, олардың электронды коммерция қоймалары ретінде пайдаланылуын ескерсек, алдағы уақытта логистикалық орталықтар нарықтың негізгі бағытына айналуына мүмкін», — деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты, ҚР Үкіметінің басшысы 2025 жылға дейін еліміздің барлық ірі қалаларында көлік-логистикалық орталықтарды іске қосу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

А. Мамин атап өткендей бұл жұмысқа отандық және шетелдік инвесторларды, соның ішінде мемлекеттік жекешелік әріптестестік тетіктерін қолдану арқылы, тарту керек. Сондай-ақ, Қорғаста қазір жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндігін де қарастырған жөн.

Кадрлар дайындау мәселесіне жекелеген көңіл бөлінді. Жұмыс орындарының жоспарланған өсіміне сәйкес 2025 жылға қарай 280 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады. ҚР Үкіметінің басшысы «Қазпошта» АҚ және логистикалық компаниялар колледждер мен басқа да білім беретін мекемелер базасында мамандарды дайындауды өз қарамағына алу мәселесін қарастырулары қажеттігін атап өтті.

«Электронды сауда экономиканың одан әрі өсуіне серпін береді. Біз транзиттік мүмкіндіктерді және көлік-логистикалық инфрақұрылымды тиімді пайдалана отырып және отандық нарық әлеуетін ұлғайта отырып, оның тұтас экожүйе ретінде дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек», — деді Асқар Мамин.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі 2025 жылға дейінгі электронды коммерцияны дамыту жөніндегі Жол картасын  әзірлеуді тапсырды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды