- Басты
- Жаңалықтар
- Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз – Қ.Тоқаев
Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз – Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында әуежайды қайта жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысты.
1979 жылы іске қосылып, бүгінде тозығы жеткен Орал қаласының халықаралық әуежайына қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары биыл шілде айында басталады. Жоспарға бойынша 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс құрылыстың нәтижесінде, терминал көлемі 4 мыңнан 7 мың шаршы метрге дейін кеңейеді. Қазіргі уақытта терминалдың өткізу қабілеті – сағатына 200 жолаушы болса, жөндеуден кейін 400-ге дейін жететін болады. Қазір жылына 160 мың жолаушыға қызмет көрсетілсе, болашақта әуежай 350 мың жолаушыны қабылдап-шығарып салуға мүмкіндік алады.
Қазақстан Президенті әуежай терминалын қайта жөндеу Батыс Қазақстан облысында жайлы инвестициялық климат қалыптастырудың алғышарты екеніне тоқталды.
«Орал – Еуропаға шығатын басты қақпамыз. Шетелдік инвестицияға тартымды болу үшін мұндай жобаны сапалы әрі уақтылы орындау керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Орал халықаралық әуежайын қайта жөндеу жұмыстарына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы 2,4 миллиард теңге бөлген.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады