- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш Президенті АҚШ елшісімен кездесті
ҚР Тұңғыш Президенті АҚШ елшісімен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Уильям Мозерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, жауапты қызметінің табысты болуына ниеттестік білдірді.
«Осы жылдар ішінде біз АҚШ-пен өзара түсіністікке және достыққа негізделген қатынастар орнаттық. Қазақстанға АҚШ-тан қомақты инвестиция келді. 420 бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Менің Вашингтонға жасаған былтырғы сапарым, соның аясында Президент Дональд Трамппен және бизнесмендермен болған кездесуім ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға жағдай жасады», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Уильям Мозер Қазақстанға алғаш рет келгендегі әсері туралы айтты. АҚШ елшісі елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласын салу және таныту ісіндегі айтарлықтай нәтижеге қысқа уақыт ішінде қол жеткізілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, АҚШ елшісі У.Мозер Нұрсұлтан Назарбаевқа Дональд Трамптың хатын берді. Онда АҚШ Президенті Елбасының өз өкілеттігін тоқтату және мемлекет басқару ісін саясаткерлердің жаңа буынына беру туралы шешіміне қолдау білдіреді.
«Мен Президент Трамптың хатын алдым. Ол біздің өңірдегі ахуал туралы алдағы уақытта да менімен кездесіп, ақылдасып отыруға ниетті екенін жеткізді. Дональд Трамппен жақсы қарым-қатынас орнады. Мен осындай байланыста болуға дайынмын. Біз үшін АҚШ маңызды серіктес саналады. Осы жылдар ішінде арамызда тек достық қатынастар болды. Ынтымақтастығымыз жалғаса береді деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі