- Басты
- Жаңалықтар
- Н. Нығматулин ливандық парламентшілерді Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне шақырды
Н. Нығматулин ливандық парламентшілерді Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне шақырды
Тараптар екіжақты, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады. Мәжіліс Спикері атап өткендей, Ливан – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы байланыс сындарлы және өзара түсіністік деңгейінде дамып келеді.
Әңгіме барысында бейбітшілік және қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударылды. Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған бейбіт өмір басымдықтарын атай келіп, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі үлесіне де айрықша тоқталды.
Кездесу кезінде қос мемлекет Парламенттері арасындағы әріптестікті нығайту мәселесі де әңгімеге арқау болды. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия. Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне Ливан Ұлттық Ассамблеясы делегациясы өкілдерінің қатысуы, сондай-ақ, ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер деңгейінде тәжірибе алмасу парламентаралық ықпалдастықтың нығаюына оң әсерін тигізбек.
Өз кезегінде елші екі ел арасындағы байланыс жоғары деңгейде екенін және оны одан әрі тереңдетуге дайын екендігін жеткізді. Жискар Эл Хуридің айтуынша, Ливан Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту және бітімгерлік бастамаларын жоғары бағалайды.
Оқи аласыздар:
Мәжіліс депутаттары бірқатар заң жобаларын мақұлдады
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады