- Басты
- Жаңалықтар
- Семейдің екі оқушысы әлем бойынша SAT үздігі атанды
Семейдің екі оқушысы әлем бойынша SAT үздігі атанды
«Тестілеуге әлемнің 175 елінен мыңнан астам жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Назарбаев интеллектуалды мектебінен жеті оқушы байқауға қатысты. Солардың ішінен 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап беріп 800 ұпай жинаған Айнұр Машпиева топ жарды. Оның сыныптасы Ақгүл Кенжешева 710 ұпай жинады. Бұл да өте жоғары көрсеткіш, үміткерлердің тек 10 пайызы ғана жоғары ұпайға қол жеткізген», - делінген акиматта.
Ағылшын тілінде берілген математика сұрақтарына оқушыларды Майкл Малучи дайындаған.
«Тест сұрақтары АҚШ-тан келеді. Оны тек қана емтихан күні ашады. Өйткені тест 175 елде бір күні, бір сағатта өткізіледі», - дейді ол.
Айнұрдың бұл жеңісі үлкен болашаққа жолдама болды. Енді ол Гарвард, Оксфорд пен Кембридж секілді ең үздік оқу орындарында тегін білім алу құқына ие болып отыр.
«Мен инженер болғым келеді. Өйткені бұл мамандық елімізде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Әзірге Астанадағы Назарбаев Университетіне барсам деп отырмын. Бұл оқу орны әлемнің үздік білім ордаларымен терезесі тең түрде білім береді. Мен өз елімде білім алып, Отанымыздың дамуына үлес қоссам деймін», - дейді Айнұр.
Ақгүл де осы оқу ордасын таңдап отыр. Ондағы білім жүйесі халықаралық талаптардың барлығына жауап беретіндей сапаға ие.
Естеріңізге сала кетейік, SAT (Scholastic Aptitude Test) – талапкерлер мен төменгі курс студенттерінің оқуға бейімділігін анықтайтын тест. Емтихан үш бөлімнен тұрады: тест сараптамасы, математика мен хат жазу. Олардың әрқайсысы 200-800 ұпай аралығында. Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің SAT тестілеу орталығы өткен жылы ашылған. Бұған дейін мұндай орталықтар тек Астана мен Алматыда ғана болған еді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты