- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары бірқатар заң жобаларын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары бірқатар заң жобаларын мақұлдады
Шартқа 2017 жылғы 24 сәуірде Вильнюсте қол қойылған. Шартқа сәйкес, Қазақстан азаматын Литва соты бас бостандығынан айырса, не мәжбүрлі емдеуге тағайындаса, оның жазасын өтеуге елге қайтаруға болады. Шартта бірқатар талап бар.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, ондай шарттар 18 елмен жасалған.
«Қазіргі таңда біз Болгария және Солтүстік Македониямен қол қоюды қарастырып жатырмыз», - деді М.Аxметжанов.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, алдымен ол біздің елдің не Литваның азаматы болуы тиіс, сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің келісімі де керек, екі елде де оның жасаған іс-әрекеті қылмыс болып табылуы тиіс.
«Берілген екі жақтың да келісімі керек. Сұрау келіп түскен кезде жаза кем дегенде алты ай өтелмеген болуы тиіс. Мына істермен сотталғандар берілмейді: біріншіден, сотталғандарды еліне қайтару егемендікке, қоғамдық тәртіпке, ұлттық заңнама мен мемлекеттің мүддесіне қайшы болса, екіншіден, сотталған адам келтірген залалды өтемесе», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, ол Литвамен арадағы шарттың бір ерекшелігі бар екенін атап өтті.
«Ол - медициналық мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамды беру мәселесі. Қазіргі кезде аталған мәселені тек үш xалықаралық конвенция ғана реттейді. Біріншісі - 1999 жылғы қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенция. Екіншісі - 1997 жылғы псиxикасы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу үшін беру туралы ТМД конвенциясы. Үшіншісі - сотталған адамдарды беру туралы 1998 жылғы конвенция. Литвамен шарт осы конвенциялар мен Қазақстанның Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес келеді», - деді М.Аxметжанов.
Айта кетейік, Литвамен арадағы шартқа мәжбүрлі түрде медициналық емдеуге жіберілген азаматтар да кіреді. Осы санаттағы адамдар да өз еліне қайтарылады.
Мәжіліс депутаттары аталған заңның жобасын бірауыздан мақұлдады.
Сондай-ақ, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мақұлданды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде заң жобасы мақұлданды.
Сондай-ақ, депутаттар Үкімет мүшелеріне әртүрлі саланы қамтитын сауалдарын жолдады.
Аягөз Құрмаш
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері