- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар еліміздің инвестициялық ахуалын дамыту мәселелерін талқылады
Сенаторлар еліміздің инвестициялық ахуалын дамыту мәселелерін талқылады
Шараға сыртқы істер, ұлттық экономика, энергетика министрліктерінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, "Kazakh Invest" акционерлік қоғамының, «Астана» халықаралық кешенінің өкілдері және облыс әкімі Н.Ноғаев қатысты.
Сенатор Ольга Перепечина дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде еліміздің инвестициялық ахуалы саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес Үкімет ондағы мақсаттарға қол жеткізу үшін «Ұлттық инвестициялық стратегия» инвестицияларды тарту бағдарламасын» әзірлеп, бекіткен болатын. Қазіргі уақытта инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өзекті мәселелерді жою үшін Үкімет кәсіпкерлік қызмет саласындағы, оның ішінде салық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін пысықтауда», - деді сенатор.
Депутат сондай-ақ Атырау өңіріндегі отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестиция тартудың ерекшелігі мен маңыздылығын атап өтті.
Депутаттар мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің сөздерін тыңдап, неғұрлым маңызды мәселелер бойынша түрлі көзқарастарды талқылады.
Атап айтқанда, салықтық жеңілдіктерді берудің тиімділігі, шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі рәсімдерді оңайлату, мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту құралы ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері, өнімнің жаңа түрлері нарығына мониторинг жүргізу; тиімділігі төмен арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялар ағынын ұлғайту мәселелері сараланды.
Сонымен қатар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін инвесторлардың Қазақстан соттарына алдын ала міндетті түрде өтініш жасамай, Астана халықаралық қаржы орталығы сотына немесе халықаралық арбитражға жүгіну құқығын енгізу; сондай-ақ Қазақстан Республикасында АХҚО шешімдерінің міндетті түрде орындалуын қарастыру; ірі инвестордың инфрақұрылымды жүргізу шығындарын өтеу мүмкіндігін қарау; инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді экожүйе әзірлеу, оның ішінде жеке және шетелдік компаниялардың валюталық қауіптерін хеджирлеу құралдарын жасауға байланысты шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін Үкіметке жіберілетін ұсынымдар жобасы әзірленді.
Сенаторлар түстен кейін Қарабатан өнеркәсіп алаңына барып, Ұлттық мұнайхимия индустриясы технопаркінде болды. Өндіріс басшысы А.Жантайлақов бұл жобаның құрылысы кезінде 3 мыңға жуық адам, кейіннен пайдалануға берілгенде 550 адам жұмыс істейтінін атап өтті. «Полимер продакшн» мекемесінің басшысы Қ.Бимағамбетов полиэтилен өнімдерін өндіру жөніндегі жоспарларымен таныстырды.
Жұмыс сапары аясында сенаторлар арнайы экономикалық аймақ пен жеке индустриялық аймақтың бірқатар нысандарын аралап, жұмысымен танысты.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды