• Басты
  • Сыбайлас жемқорлықпен күресу қалай жүзеге асырылуда?
3 Мамыр, 2019 10:23

Сыбайлас жемқорлықпен күресу қалай жүзеге асырылуда?

Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, бірінші кезекте, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құру бойынша тұрақты негізде мақсатты, жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу қалай жүзеге асырылуда? | Strategy2050.kz

«Сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша жүйелі жұмыс қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға, жеке және заңды тұлғалар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастауға, рұқсат беру құжаттарының санын және оларды беру мерзімдерін қысқартуға негізделеді.Сонымен қатар, қызмет алушылармен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен тікелей байланысты барынша азайту үшін министрлік жұмысына басты назар көрсетілетін қызметтерді цифрландыруға негізделеді», - деп атап өтті Е. Жамаубаев.

Алайда, оның айтуынша, жүргізіліп жатқан алдын алу шараларына, қызметтерді автоматтандыру мен цифрландыруға қарамастан, министрліктегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар төмендемейді.

Осыған байланысты ҚМ Жауапты хатшысы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту жөніндегі комитеттердің жұмысын күшейтуге және тоқсан сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, бұл жұмысқа жүйелі түрде қарауға шақырды. Бұл ретте, бірінші басшылар бөлімшелерде жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін дербес жауапты болады.

Е. Жамаубаев сондай - ақ өз сөзінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп «Астана-Адалдық алаңы» жобасын табысты іске асыратынын атап өтті.

Жобаның негізгі мақсаты - қала мекемелерінде қолайлы жағдай жасау, қызметтерді алу процестерін автоматтандыру және оңтайландыру, олардың қол жетімділігін арттыру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмау.

Жоба мынадай салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өз қызметін жүзеге асырады: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты шаралар қабылдау үшін басқа өңірлерде де осындай жұмыс басталды.

Осыған байланысты Е. Жамаубаев комитеттерге іске асырылып жатқан жобалар аясында Агенттікпен бірлесіп жұмыс жасауды тапсырды.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комитеттер жасаған жұмыс туралы Әдеп жөніндегі уәкіл, мемлекеттік кіріс, ішкі мемлекеттік аудит, Қаржы мониторингі, Қазынашылық, Мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің төрағалары баяндама жасады.

Қаржы министрлігінің Персоналды басқару және стратегия департаменті 2019-2020 жылдарға арналған орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың штат саны мен шығыстарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі жүйесінің штат санын оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды