- Басты
- Жаңалықтар
- Елдегі ЖІӨ-нің 50%-ын заманауи қызмет саласы құрайды - Мақсат Мұханов
Елдегі ЖІӨ-нің 50%-ын заманауи қызмет саласы құрайды - Мақсат Мұханов
«Экономиканың ең маңызды сегменті - заманауи қызмет саласы елдегі ЖІӨ-нің 50%-ын құрайды. Бұл сала жұмыспен қамтуды ғылымды қажетсінетін қызмет секторына көшіруде өте үлкен әлеуетке ие. Бұл, ең алдымен, логистика, көлік, инжиниринг, қаржылай қызмет, кәсіби және іскерлік қызметтер, құрылыс, әлеуметтік саладағы қызметтерді алып қосқанда, білім және денсаулық сақтау салалары. Олардың даму болашағы зор әрі Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді Мақсат Мұханов.
Бүгінде, М.Мұханов атап өткендей, қызмет көрсету секторы экономика құрылымында басымырақ.
«Одан бөлек, адами капиталды дамыту белсенді ресурс әрі басты мақсаттың бірі болып табылады. Бүгінде көптеген елдер бұл факторға аса маңыз беруде. Бұл дегеніңіз, барлық деңгейдегі білім беру саласын жаңғыртып, демографиялық, әлеуметтік-мәдени және басқа да факторларды арттыру деген сөз», - деп ол өз сөзін толықтырды.
Экономистің пікірінше, елімізде бизнесті дамыту мен қолайлы инвестициялық климат орнату үшін қолайлы жағдай жасау аса маңызды.
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма басшысының орынбасары Президент Жолдауындағы жеті ұзақмерзімді басымдық туралы айта отырып, Қазақстанның экономикалық дамуы елдің экономикалық іргетасын күшейтуге, жоғары өнімділікке және экономиканың тиімділігіне, елдің азаматтық әлеуетін нығайтуға негізделетінін атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар