• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұсынылған түзетулер спирттік ішімдіктерді сату орындары мен уақытын шектеуге бағыталған – Г. Қарағұсова

Ұсынылған түзетулер спирттік ішімдіктерді сату орындары мен уақытын шектеуге бағыталған – Г. Қарағұсова

22 Қаңтар, 2014 12:50
Бүгін Мәжіліс спирт және алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуге қатысты түзетулерді жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұсынылып отырған түзетулер спирттік ішімдіктерді сату орындары мен уақытын шектеуге, алкоголь өнімін өндіру және сауда шарттарын, спирт және алкоголь өнімін өндіру  және олардың айналымы саласындағы бұзушылық үшін жауаптылықты қатаңдатуға бағытталғанына түсініктеме берді», - деді  Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова.

Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субьектілер жыл сайын әкімшілік-аумақтық бірлікке қарай сараланған алым төлейді.Сондай-ақ, оның айтуынша, алкоголь ішімдіктеріне  жалпы сауда жүргізетін субъекттер көрсеткішін реттеу керек, себебі 1,5 мың тауар алушылардың 40 пайызы лицензияға ие бола тұрып, шығын орнын толтырмайды.

Есепке алу мақсатында спирт және алкоголь өнімін өндіретіндерге бақылау енгізу көзделеді.

 

 

Барлық жаңалықтар