• Басты
  • «Ауыл-ел бесігі» жобасына 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінеді
29 Сәуір, 2019 14:33

«Ауыл-ел бесігі» жобасына 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінеді

Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру арқылы ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту міндетін қойды. Үкімет аталған тапсырманы іске асыруды бастап кетті. Жобаның негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандартқа дейін жеткізу. Жоба шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттердің шешімі табылатын болады.
«Ауыл-ел бесігі» жобасына 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінеді

ҚР Премьер-Министрінің  орынбасары Жеңіс   Қасымбек алдағы жылдары ауылдық елді - мекендерді басымдылау үшін есептеу көрсеткіштерінің әдістемесі мен моделі жетілдіріліп жатқанын мәлім етті.

« Өңірлік стандарттар – бұл азаматтардың өмір сүру сапасының көрсеткіштері. Оларға әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтер қолжетімділігінің нақты критерийлерінің тізімі, сондай-ақ өмір сүру үшін адамдарды қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету кіреді. Мәселен, тірек ауылдарда салалық нормативтерге сәйкес келетін кем дегенде 19 ауылдық округ орталықтарында және 26 ауыл-аудан орталықтарында объектілер мен қызметтердің болуы көзделеді. Осыған байланысты инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асыру кезінде «бюджеттік сүзгі» (басымдықты қаржыландыру) қамтамасыз етіле отырып, тірек ауылдарды дамытуда кешенді тәсіл қолданылды», - деді Ж.Қасымбек.

Сондай-ақ,  ол атап өткендей,  жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2019–2021 жылдары 90 млрд теңге бөлу көзделген, оның ішінде 2019 жылы 30 млрд теңге бөлінетін болады.

«Өңірлердегі әкімдіктермен бірлесіп биыл 52 ауылдық елді мекен іріктеп алынды, онда 454 іс-шара іске асырылатын болады, оның ішінде 247 іс-шара — көлік инфрақұрылымын дамытуға, 135 іс-шара – әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және 72 іс-шара — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға бағытталған», - деді Ж.Қасымбек.

Ж.Қасымбектің айтуынша,  басты назар ірі елді мекендерге – яғни жинақталған өзекті инфрақұрлымдық проблемаларды жылдам шешуді қажет ететін, халық саны көп аудан орталықтарына аударылды.Қаржыландырудың көлемі бір аудан орталығына орта есеппен шамамен 670 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен 4,7 млрд теңге немесе 15,8% бағытталды.

Жобаны тиімді іске асыру үшін Жобалық офис құрылды. Осы сияқты өңірлік офистер облыстарда әкімдердің төрағалығымен құрылатын болады. Өңірлік жобалық офистердің есебі әрбір екі апта сайын тыңдалатын болады. Жобаны тікелей үйлестіруді және әкімшілендіруді ҚР Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Парламент және мәслихат депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жобаға қоғамдық мониторинг ұйымдастырылатын болады.

Үкімет желісі бойынша нақтыланған бюджет қабылданды. Жобаларды жүзеге асыру бойынша мақсатты трансферттер өңірлерге жолданатын болады.

Әкімдіктер, өз кезегінде, бөлінген қаражатты уақытылы әрі тиімді игеруді қамтамасыз етіп, жобаларды жүзеге асырудың тиісті рәсімдерін сапалы жүргізіп — конкурстарды жариялап, олардың тәжірибелік іске асырылуын бастауы қажет.

2025 жылға дейін «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру даму әлеуеті жоғары (тірек ауылдар) 2 мыңға жуық ауылдық елді- мекеннің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бұл, сондай-ақ, ауыл мен қала арасындағы, даму деңгейлері әртүрлі ауылдық елді мекендер арасындағы көші-қон процесіне оң әсер етеді.

7 жыл ішінде «кіші урбанизация» процестерін қамту және 2025 жылы халық саны 600 мың адамға өсіп, 6,1 млн адамға жететін тірек ауылдарда қолайлы өмір сүру ортасын құру көзделген.

«2019 жылы бастапқы кезеңде біз 52 облыс орталығын жаңғыртамыз, бұл 700 мыңға жуық адамеың немесе ауыл халқының 9%-ының тұрмыс сапасын жақсартады. 2025 жылға қарай барлық ауыл тұрғындарының 80%-ын өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қажетті игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету жоспарланған», — деді Ж. Қасымбек.

Жүргізіліп жатқан шаралар ауылдық жерлерді дамытуға жаңа серпін береді және жалпы алғанда экономикаға оң әсер етеді.

Сондай-ақ, жоба ауылдағы тұрмыс жағдайын жақсартуға, ауыл аумақтарының әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізуге бағытталған.

2019 жылы облыстардың әкімдіктері 454 іс-шара өткізу жоспарланған аудан орталықтары қатарынан 52 ауылдық елді мекенді іріктеп алды.

ҚР Үкіметінің басшысы 2025 жылға дейін «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен 6,1 млн тұрғыны бар 2 мыңға жуық елді-мекен немесе барлық ауыл тұрғындарының 80% қамтылатынын атап өтті. Ауылдық елді мекендерді жаңғырту мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді көздейтін өңірлік стандарттар әзірленген.

«Кіші урбанизация – ауылдарды жаңғыртуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Жобаны іске асырудың мақұлданған тәсілдерін тиімді орындауды, жобаны уақытылы қаржыландыру үшін тиісті нормативтік актілерді пысықтау қажет», — деді Асқар Мамин.

Әкімдіктер «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды 20% дейін арттыру мүмкіндігін қарауы тіис, сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға қаражат тарту мәселесін ірі кәсіпорындармен бірлесіп пысықтап, туған ауылдарын көркейту бойынша меценаттармен жұмыс жүргізу қажет.

Бұдан өзге, әрбір өңірге «Жол картасын» жасау тапсырылды, онда іске асыру мерзімдері мен жауапты адамдар нақты көрсетілуі керек.

«Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін – мектептер, балабақшалар, денсаулық сақтау орындарын жөндеу, елді мекендердің ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарын осы жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау қажет», — деді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин.

 

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Қазақстанға инвестицияны қалай тарту керек?

ИНФОГРАФИКА: Өңірлердің дамуы

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды