• Басты
  • Қазақстан-Мажарстан: Екі ел 10 келісімшартқа қол қойды
29 Сәуір, 2019 12:32

Қазақстан-Мажарстан: Екі ел 10 келісімшартқа қол қойды

Бүгінде елімізде Мажар капиталының қатысуымен 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Мажарстан отандық экономикаға 200 млн АҚШ долларын құрайтын инвестиция құйды. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы - 2019 жылдың 1 тоқсанында 155,4 млн. АҚШ доллары құрады. 2018-2019 жылдары Қазақстаннан Мажарстанға экспорт 28 2 млн АҚШ долларын кұраса, Мажарстаннан импорт 127,2 млн. АҚШ долларын құрады. Екі елдің ынтымақтастығы бүгін өткен Қазақстан-Мажарстан бизнес-инвестициялық форумы барысында нығая түскені белгілі. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстан-Мажарстан: Екі ел  10 келісімшартқа қол қойды | Strategy2050.kz

Аталған  iс-шара жұмысына   екі  елдің 150-ден астам іскер  топтарының өкілдері, оның  ішінде 100-ге жуық Мажарстан   бизнесінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық  мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті, бірлескен  ынтымақтастықтың  артықшылықтары мен екі  мемлекеттің сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету перспективалары таныстырылды. Бизнес-форум аясында ынтымақтастық туралы 10  келісімге   қол қойылды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Венгрия – Қазақстанның Еуропадағы аса маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

«Бүгін Қазақстанда 40-қа жуық кәсіпорын венгриялық капиталдық қатысуымен жұмыс істеп тұр. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және басқа өндірістік секторларда қарым-қатынас жасап жатыр. Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде Венгрияның төртінші ірі сауда серіктесі. Екі ел арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда потенциал жоғары. Дегенмен,  әлі мұны әрі қарай дамыту керек. 2018 жылы екіжақты сауда айналымы 139 млн долларды құрады. Сонымен қатар, екі ел арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан-Венгер стратегиялық кеңесі, үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес және тікелей инвестиция тартуда бірлескен инвестициялық қор жұмыс істейді», - деді Р.Дәленов.

Өз кезегінде   Мажарстан Премьер — Министрінің орынбасары-Қаржы  министрі Михай Варга  екі елдің тарихы мен мәдениеті де ұқсас екенін атап өтті.

«Қазір біз экономикалық байланысымызды нығайта түсуді басшылыққа алып отырмыз, себебі, қазақ пен мажар халқын бұрыннан тарихи  және мәдени  ұқсастық пен өзара сенімділік біріктіріп отыр. Біз стратегиялық серіктес атанғанымызға бек қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастық  өз нәтижесін де беріп жатыр. Дипломатиялық қарым-қатынас өте сәтті жүзеге асырылып жатыр. Екіжақты тауар анйалымы да жақсы көрсеткіштерге ие. Экономика, білім беру мен мәдениет саласында да толағай табыстар бар», - деді Михай Варга.

Сондай-ақ,  ол   соңғы  20 жылда әлем айтарлықтай өзгергенін атап өтті.  

«Осы тұрғыдан алғанда даму нүктесі Орталық Азияға бет алды. Ол барша әлемнің даму орталығына айналды. Бұл үрдіс  алдағы  10 жылдықтарға созылады. Мажарстан да бұл үрдістен екі елге де  тиімді болатын мүмкіндіктерді байқайды. Бұл қазақ іскерлік ортасы тарабынан бірлескен ынтымақтастыққа көп қызығушылық бөлінетінін көрсетіп отыр. Қазақстанға Мажарстаннан әртүрлі саланың өкілдері келіп отыр.Олардың барлығы  100-ге жуық адамды құрап отыр», - деді ол.

Оның айтуынша,  бұл көрсеткіш те қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

« Ауыл шаруашылығы денсаулық сақтау, машина жасау, құрылыс  және энергия, көлік саласының мамандары жетерлік. Біз бұл байланысты тек нақты шаралар аясында ғана ем ес, тұрақты үрдіске айналғанын қалаймыз. Сол себепті де, мажарлық тараптан көп қолдау көрсетуге тырысамыз. 2017 жылы өткізілген ЭКсПО көрмесі де сәтті іскерлік қарым-қатынастың жарқын көрінісі болды деп ойлаймын. Осылайша, біз екі елдің дамуына және кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеміз деп ойлаймын. Қазақстан Мажарстанның негізгі стратегиялық әріптесі болып саналады», - деді ол.

Сонымен қатар, форум аясында қазақстандық және Мажарстандық кәсіпкерлер арасында екі жақты кездесулер өткізілді, онда агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, химия саласы және машина жасау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды