• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуінің негізгі басымдылығы экономикалық жаңғырту болады

Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуінің негізгі басымдылығы экономикалық жаңғырту болады

22 Қаңтар, 2014 12:40
Қазақстанның әлемнің дамыған 30 еліне енуінің негізгі басымдылығы экономикалық жаңғырту, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеу институты» АҚ басқарма бастығының орынбасары Мақсат Мұханов.

«Қазақстанның әлемнің дамыған 30 еліне енуінің негізгі басымдылығы экономикалық жаңғырту болады. Ол экономика өнімділігінің артуы, кәсіпкерліктің дамуы, ғылымды қажет ететін экономиканың жаңа моделін құру үшін инновацияны енгізу секілді маңызды ұстанымдарға негізделеді», - деді М.Мұханов.

Сонымен қатар, белсенді ресурс және негізгі мақсат адам капиталының дамуы болып табылды.

«Көптеген елдер бүгінде аталмыш факторға өте көп көңіл бөлуде. Бәрінен бұрын бұл білім беру, демографияны арттыру, әлеуметтік-мәдени және өзге де факторлардың барлық деңгейін жаңғырту», - деді.

Өз Жолдауында Мемлекет басшысының алдымен өндірістік өсім, тұрақты даму ұстанымына өту, ғылымды қажет ететін компоненттер, сонымен қатар өнеркәсіптегі, аграрлық саладағы жаңа секторлар мен осы негіздегі экономиканың сегменттеріне тоқталғаны тегін емес.

«Биыл Мемлекет басшысының Жолдауы нақты істерге негізделіп, Қазақстанның дамуының уақытынан бұрынғы жалпыхалықтық мақсатты іске асыру шараларын негізге алды. Қазақстанда жақсы экономикалық позиция қалыптасқан. Халықаралық сарапшылар біздің жағдайды барынша жоғары бағалайды. Бәрінен бұрын жайлы іскерлік климат пен жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен бағаланған бәсекеге қабілеттілік деңгейі»,- дейді М.Мұханов.

Барлық жаңалықтар