- Басты
- Жаңалықтар
- АЭФ: Халықаралық шараның күн тәртібінде талқыланатын мәселелер
АЭФ: Халықаралық шараның күн тәртібінде талқыланатын мәселелер
XII Астана экономикалық форумының басты тақырыбы – Ынталандырушы өсу: Адамдар, Қалалар, Экономикалар бес маңызды бағытқа бөлінген: жаһандық күн тәртібі; аймақтық макроэкономикалық күн тәртібі; болашақтың қаласы; технологиялық күн тәртібі; адами капитал – Қазақстанның инклюзивтік дамуы.
Форумда барлығы 50-ге жуық сессия өтеді деп жоспарланған.
АЭФ-2019 алаңындағы ең маңызды іс-шаралар: ел басшылығының қатысуымен өтетін сессиялар, жаһандық комиссияның еңбек болашағы жөніндегі баяндамасын зерттеу және талқылау үшін халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына орай Халықаралық конференциясы, 2020 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ жоғарғы органы) 12-ші Министрлік конференциясын даярлау жөніндегі аралық отырысы.
Сондай-ақ, бұл күндері Қазақстан Үкіметі мен халықаралық сарапшылар арасындағы Орнықты даму саласындағы мақсаттарға (ОДМ) қол жеткізудегі халықаралық озық тәжірибені зерделеуде белсенді серіктестік пен тәжірибе алмасуды белгілеу үшін БҰҰ қолдауымен Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу бойынша алғашқы қазақстандық форум өтеді.
Бұдан басқа Астана экономикалық форумы аясында G-Global Халықаралық Хатшылығының қолдауымен әлемдік зияткерлік элита және ҚР үкіметінің қатысуымен стратегиялық сессиясы, сондай-ақ Кавказ және Орталық Азия елдерінің, Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің және Моңғолия қаржы министрлері мен орталық банктер басшыларының дөңгелек үстелі өткізіледі.
Форумға қатысатын танымал тұлғалардың арасында – Пол Ромер, экономика бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018); Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры; Стэнли Фишер, АҚШ Федералдық резерві Төрағасының орынбасары (2014-2017); Рае Квон Чунг, 2007 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, Инчхон мемлекеттік университетінің (Корея Республикасы) құрметті профессоры; Ристо Сииласмаа, Nokia компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы, F-Secure Corporation-ның негізін қалаушы; Герман Греф, Ресей Сбербанкінің Президенті және Басқарма Төрағасы; Армида Алисджабана, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) атқарушы хатшысы.
Айта кетейік, Астана экономикалық форумы – Еуразияның жыл сайынғы орталық іскерлік оқиғасы.11 жылдық жұмысында Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін сауықтыру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең ықпалды халықаралық алаң мәртебесіне ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат қатысты, олардың арасында 20-дан астам Нобель лауреаты мен 30-дан астам жоғары деңгейдегі шетелдік саяси қайраткер бар.
Конгресс аясында 20 млрд. АҚШ долларынан асатын сомаға 300-ден астам меморандум мен келісім жасалды.
АЭФ тақырыптамасы жыл сайын өзектілендіріледі және жалпы әлемдік даму проблемалары мен міндеттерінің кең ауқымын қамтиды, сондай-ақ талқылаулардың кең ауқымы үшін координаттарды белгілейді.
Аягөз Құрмаш
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді