• Басты
  • Сарапшылар: Қазақстан - өзекті геосаяси мәселелерді талқылайтын алаң
25 Сәуір, 2019 17:05

Сарапшылар: Қазақстан - өзекті геосаяси мәселелерді талқылайтын алаң

«Шығыс-Батыс» геосаяси жоспарлаудың халықаралық орталығы зерттеу және сараптамамен айналысады. Қазіргі заманғы оқиғалар салқынқанды жоспарлауды қажет ететіндігін көрсетті. Бұл орталық геосаяси салада жоспарлау жүргізетін тәуелсіз орталық. Бүгін шетелдік сарапшылар аталған орталық аясында Қазақстан өзін әртүрлі геосаяси мәселелерді талқылай алатын алаңға айналуы мүмкін екенін болжады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Сарапшылар: Қазақстан  - өзекті  геосаяси мәселелерді талқылайтын алаң

Сарапшылар  орталықтың өзектілігі қазіргі заманда сараптау мен талқылау, жоспарлау  алмағайып вакуумды толтыратын кеңістік екенін айтты. Мемлекеттер үшін маңызды сұрақтарды шешуде тәуелсіз институты қажет болды.

«ТМД бастаған барлық бастамалар қалаған даму қарқынына ие болмай жатады. Біз бұл туралы үнемі айтып жүрміз. Бұл мәселе жоғары дәрежеде де айтылды.  Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан Орталық Азиядағы өңірлік үлкен держава. Экономикалық және  демографиялық дамуға   әлеуеті жоғары ел. Ол  көпір қызметін атқара алады», - деді саясаттанушы, шығыстанушы Каринэ Геворгян.

Саясаттанушы айтып өткендей,  «Шығыс-Батыс»   геосаяси жоспарлаудың халықаралық орталығын құрудың өзі  Қазақстанның тек қана саяси көпір – саяси келіссөздердің алаңы ғана емес, мәндер  аймағына айналғанын көрсетеді.

«Демек, Қазақстан кез келген пікірталастың  ордасына айнала алады.  Себебі, оның дауысы нейтралды ортаны сақтап тұрады. Қазақстанның рөлі – аталған орталықтың осы өңірде құрылуы  шығыс пен батысқа, ЕАЭО мен ЕуразЭҚ-тің өзара іс-қимыл жасауына ықпал етеді. Сондықтан да, бұл кішкентай ғана сарапшылық жеңіс деп ойлаймын. Бұл орталықтың аз уақыттың ішінде құрылғаны қуантады. Орталықтың таныстырылымы өз Отанында-Қазақстанда өтуі керек. Кейін біз көптеген елдерде әртүрлі форматтағы шараларды ұйымдастырамыз», - деді ол.

Ол атағандай,  осы орайда Қазақстан өзін егеменді ел және әртүрлі саяси шаралардың қатысушысы ғана емес, шетелдік ойыншыларды  жаһандық, макросаяси және макроэкономикалық деңгейде  қызықтыратын ел ретінде таныстырады.

«Бұл өте маңызды. Себебі, Қазақстанның өзі макросаяси деңгейде болып жатқан шараларға тәуелді. Басқа тараптан елдің ұстанымын білуі керек. Халықаралық орталық осындай күшке ие және ол кез келген заманауи тақырыптарды қарастыра алады», - деді К.Геворгян.

Айта кетейік, шараға Армения, Ауғанстан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Қырғызстан, Ресей, Словакия, АҚШ, Украина, Чехия, Оңтүстік Корея өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары, дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйым  өкілдері, мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлері, сараптамалық құрылымдардың  сарапшылары мен елшілер де пікір білдірді.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды