• Басты
  • Kazminerals: Биыл 70 мың тонна мыс өндірілді
25 Сәуір, 2019 13:28

Kazminerals: Биыл 70 мың тонна мыс өндірілді

2019 жылдың бірінші тоқсанында KAZ Minerals Тобы 70 мың тонна мыс өндірді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық. Жыл соңына дейін Бозшакөлдегі мыс үлесінің жоғары болуының, сонымен қатар, Николаев кен байыту фабрикасындағы (КБФ) және каолин балшығы бар кендерді өңдейтін Бозшакөл КБФ-ғы өңдеу көлімінің өсуінің арқасында өндіріс артады деп күтілуде. Сульфидті кендерді өңдейтін Бозшакөл және Ақтоғай КБФ-лары бірінші тоқсанда өткізу мүмкіндігінің жобалық деңгейіне жетті. Компания 2019 жылға жоспарланған 300 мың тонна мыс көлеміндегі көрсеткіштерге жету жолында. Компанияның жарты жыдық жетістіктері туралы келесі материалдан оқи аласыздар.

Kazminerals: Биыл 70 мың тонна мыс өндірілді | Strategy2050.kz

Ақтоғай КБК-гі жалпы тоқсандық мыс өндіру көлемі 36,7 мың тоннаны құрады. Бұл 2015 жылдың желтоқсан айынан, яғни, кеніш іске қосылғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. 2019 жылдың тоғыз айы ішінде диірмендерді екі рет қаптау жоспарланған. Сондай-ақ, кендегі мыстың үлесі қазіргі көрсеткіштен төмендейтіні болжанып отыр. 2019 жылғы жоспарлы мыс өндірісі - 130-140 мың тонна.

Сульфидті кеннен өндірілген мыстың көлемі бірінші тоқсанда 31 мың тоннаға жетіп, өткен тоқсанмен салыстырғанда 6%-ға (2018 жылдың 4-тоқсаны: 29,2 мың тонна), ал былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 47%-ға (2018 жылдың 1-тоқсаны: 21,1 мың тонна) артық. Қысқы суық кезеңге орай оксидті кеннен өндірілген катодты мыстың өндірісі, жоспарланғандай, төмендеді (2018 жылдың 4-тоқсаны: 6,8 мың тонна, 2019 жылдың 1-тоқсаны: 5,7 мың тонна). Дегенмен бұл 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда (5,3 мың тонна) 8% артық – бұл кезеңде қатты аяздар өндіріске әсер еткен.

2019 жылдың алғашқы үш айында кен өндіру көлемі (11 млн тонна) КБФ қарқынын арттырып жатқан 2018 жылдың бірінші тоқсанымен (8,5 млн тонна) салыстырғанда 30%-ға артқан. 2018 жылдың төртінші тоқсанында Ақтоғай КБК-нін кеңейту жобасына карьерді дайындау мақсатында атқарылған аршу жұмыстарының арқасында өндірілген сульфидті кеннің көлемі өңдеуге қажетті көлемнен асып түсті.

2019 жылдың бірінші тоқсанында Бозшакөл КБК-нінде мыс өндірісі 23,8 мың тоннаға (2018 жылдың 4-тоқсаны: 26,6 мың тонна) дейін азайды. Алайда кендегі мыс үлесінің жоғарырақ болуының және каолин балшығы бар кендерді өңдеудің қайта жандануының (каолин КБФ-ның су және мелиорация жүйелерін жаңғыртуға тоқтаудан кейін) арқасында биылғы жылдың қалған үш тоқсанында өндіріс көлемі артады деп күтілуде. 2019 жылғы мыс өндірісінің жоспарланған аралығы – 105-115 мың тонна.

Бірінші тоқсандағы алтынның2 өндіріс көлемі – 30 мың унция. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда (2018 жылдың 1-тоқсаны: 36 мың унция) 17%-ға аз. Бұған негізінен 2018 жылдың бірінші тоқсанында өңделген кеннің құрамындағы алтынның жоғарырақ үлесі себеп болды. Күміс2 169 мың унция көлемінде өндірілді. Бұл өткен тоқсандағы көрсеткіштерге сәйкес келеді (2018 жылдың 4-тоқсаны: 172 мың унция).

Жыл соңына дейін Бозшакөлде 130-140 мың унция алтын және 700 мың унция күміс өндіру жоспарланған.

Сульфидті кенге қол жеткізу үшін көбірек қазылып, жинақталған каолин балшығы бар кендердің арқасында кен өндіру 19%-ға артып (2018 жылдың 4-тоқсаны: 7,5 млн тонна), 8,9 млн тоннаға жеткен. Бұл жағдай өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кен өндірудің 9%-дық өсіміне мүмкіндік берді (2018 жылдың 1-тоқсаны: 8,1 млн тонна).

Шығыс өңір мен Бозымшақ

Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Бозымшақта кен өндіру көлемі 947 мың тоннаны құрады. Бұл өткен тоқсанмен (2018 жылдың 4-тоқсаны: 963 мың тонна) салыстырғанда 2%-ға аз. Дегенмен былтырғы жылдың осындай кезеңіндегі (2018 жылдың 1-тоқсаны: 959 мың тонна) өндіріс көлеміне сәйкес келеді.

Негізінен Николаев кен байыту фабрикасының жоспарлы тоқтауына орай кен өңдеу көлемі 982 мың тоннадан 625 мың тоннаға дейін азайды. Фабрика сәуір айының басында жұмысын қайта бастады. Өңдеу көлемінің 36%-ға азаюы мыс өндірісінің 38%-ға, яғни, 9,5 мың тоннаға дейін (2018 жылдың 4-тоқсаны: 15,3 мың тонна) азаюына алып келді.

Өңдеу көлемінің азаюы мен Орлов шахтасындағы кеннің құрамындағы үлестің азырақ болуының салдарынан концентраттағы мырыштың өндірісі төмендеді (6,2 мың тонна; өткен тоқсанда 11,4 мың тонна болған). Жалпы 2019 жылы концентраттағы мырыштың өндіріс көлемі жоспарланған 50 мың тоннадан аз болады деп күтілуде. Себебі, 2019 жылдың тоғыз айында өнімділік толықтай қалпына келіп үлгермейді.

Өңдеу көлемінің төмен болуы салдарынан алтын өндірісі 11%-ға азайып, 12,5 мың унцияны (2018 жылдың 4-тоқсаны: 14 мың унция) құраған. Бозымшақтағы өндіріс көлемінің жоғары болуы аталған төмендеудің орнын толтырды – 10,6 мың унция (2018 жылдың 4-тоқсаны: 9,6 мың унция).

2019 жылдың бірінші тоқсанындағы күміс өндіру – 314 мың унция (2018 жылдың 4-тоқсаны: 631 мың унция).

Мыс, алтын және күміс өндірісіне қатысты жоспарлы аралық бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені, қалған үш тоқсанда өндіріс көлемі артпақ.

 «Ақтоғай мен Бозшакөл қысқы кезеңде жақсы жұмыс атқарып, екі сульфидті фабрика да өткізудің жобалық деңгейіне жетті. Ақтоғайдағы өңдеудің рекордтық көрсеткіштері мен бөліп алудың жоғары қарқынының арқасында бірінші тоқсанда мыстың өндіріс көлемі 37 мың тоннаны құрады. Бұл жағдай кендегі мыстың орташа үлесінің азаюының және оксидті өндірістегі маусымдық толқылаулардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Қалған тоғыз айда Бозшакөл мен Шығыс өңірдің кәсіпорындарында анағұрлым жоғары өнімділік болады деп күтіп отырмыз. Топтың 2019 жылға жоспарлаған мыс өндірісінің жоспарлы көлемі 300 мың тонна шамасында сақталып отыр»,- деді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам.

2019 жылдың қаңтар айында Топ Ресей Федерациясы (РФ) Чукот автономиялы округіндегі Баимская мыс жобасын сатып алды. Баимская – ашық типтегі кеніш негізінде мыс өндіретін төмен шығынды әрі ауқымды тау-кен кешенін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі. Баимская лицензиялы алаңының аумағында орналасқан Песчанка кен орынының ресурстары JORC кодексіне сәйкес бағаланып, 9,5 млн тонна мыс, кендегі мыстың мөлшері 0,43% және кендегі алтынның мөлшері 0,23 г/т болатын 16,5 млн унция алтынды құрайды.

Іске қосылғаннан кейін жоба алғашқы он жылдағы күтіліп отырған жылдық орташа көрсеткіштер - шамамен 250 мың тонна мыс және 400 мың унция алтын немесе мыс эквивалентімен есептесек, 330 мың тонна болмақ. Кеніштің пайдалану мерзімі 25 жылды құрайды және таза ақшалай өзіндік құны жаһандық шығындар қисығының бірінші квартилінде орналасқан. Жоба РФ-ның үкіметі экономикалық даму үшін стратегиялық маңызды деп анықтаған өңірде орналасқан. Мемлекет көліктік және энергетикалық инфрақұрылымды дамытып, салықтық жеңілдіктер беретіндіктен жоба артықшылыққа ие болады. Кенішті игерудің күрделі шығындары $5,5 млрд деп бағаланды. Топ талдаушылардың консенсус-бағасы мен тартымды ішкі табыс нормасы (IRR) аясындағы таза келтірінді құнның (NPV) айтарлықтай өсімін күтіп отыр. Баимская мыс жобасын іске асыру Топқа жоғары өсімін жалғастыруға мүмкіндік беріп, Топтың портфеліне ірі ауқымды, ұзақ мерзімді активті қосады.

Айта кетейік, КAZ Minerals – Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін Павлодар облысындағы Бозшакөл және ШҚО орналасқан Ақтоғай ашық кеніштерде, сонымен қатар Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен үш кен байыту фабрикаcында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді. 2018 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 295 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 50 мың тонна концентраттағы мырыш, 183 мың унция алтын мен 3,511 млн. унция күміс өндірілді.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды