- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында ҚР Президенті Жолдауын талқылау бойынша облыс активінің жиыны өтті
Ақмола облысында ҚР Президенті Жолдауын талқылау бойынша облыс активінің жиыны өтті
«Облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтың айтуынша, Мемлекет басшысы Жолдауының құндылығы мен мәселені кеңінен қамтуы «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың ұзақмерзімді жоспарынан көрінеді. Сонымен қатар, ел дамуының басым бағыттары бойынша нақты қадамдардан байқалады. Осы тұрғыда елдің әлемнің алдыңғы қатарлы 30-дығына ену бойынша жеті бесжылдық аясындағы кезеңдік жұмыстар мен базалық индикатор анық көрсетілген. Қазақстанның барлық азаматтары үшін, соның ішіде ақмолалықтарды да бұл Жолдау бей-жай қалдырмайды, бұл елдің ең басты стратегиялық құжаты», - делінген хабарламада.
Өз баяндамасына өңір басшысы осы Жолдау облыстың тыныс-тіршілігіне қатысты жерлеріне тоқталып, тұрғындардың мойындарындағы жүкті таныстырды. Атап айтар болсақ, 2014 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық рельстерге ауысуы аясында экономикалық ынталандыру шаралары есебінен егістік жерлер ұлғайтылады. Барлық егістік алқаптың 80 пайызына ылғал ұстағыш технологиялар енгізіледі.2020 жылға қарай аталмыш көрсеткішті 90 пайыз көтеру көзделген. Мал шаруашылығын дамыту үшін етті және сүтті тұқымды мал асыраудың өңірлік бағдарламасы іске асырылуда. Аталмыш бағдарлама негізінен Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуінде жүзеге асырылуда. Осы орайда 2014 жылы мүйізді ірі қара 380 мыңға, 2020 жылы 500 мыңға дейін өседі деп жоспарлануда.
Индустрияландырудың екінші бес жылдығын жобалау аясында 100 инвестициялық жобадан пул жасалды. Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс индустриясын дамыту, тау-металлургиялық кешен, машинақұрылысы, туризм және баламалы энергия көздеріне бағытталған. Күрделі жобаларды жүзеге асыру арқылы 160 млрд. теңгеден астам жеке инвестиция тарту көзделуде. Сондай-ақ, Астана маңынан 2020 жылға дейін 34 елді-мекен дамыту үшін кешендік жоспар жасалуда.
«Балапан» бағдарламасы аясында 2020 дейін 18 мың орынға арналған 229 мектепке дейінгі мекеме пайдалануға беріледі. Ал, ағымдағы жылы 2,5 мың орынға арналған 9 мектеп іске қосылады.
Дәрігер мамандардың тапшылығын азайту мақсатында 2014 жылы Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық саясатты жетілдіру бағдарламасы аясында 110 дәрігер маманды жұмысқа тартыылып, 59 дәрігерге пәтер берілсе, қосымша 97 маман әлеуметтік қамсыздандырылады.
Айта кетерлік жайт, актив отырысы өте тартысты өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Целиноград ауданынындағы «Агрофирма «Родина» АҚ бас директоры Иван Сауэр, «Дастархан» ЖШС директоры, облыстық маслихаттың депутаты Елена Мащинская, «Новопэк» ЖШС директоры Борис Писарев қатысты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды