- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Мажарстанды ортақ құндылықтар мен тарихи тамыр біріктіреді – Қ.Тоқаев
Қазақстан мен Мажарстанды ортақ құндылықтар мен тарихи тамыр біріктіреді – Қ.Тоқаев
Ресми қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшылары екіжақты ынтымақтастық, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер жөнінде келіссөздер жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің өзара сенімге негізделгенін атап өтіп, Мажарстанның Премьер-Министрі өзінің Қазақстан Президенті ретінде қабылдап отырған алғашқы еуропалық басшы екенін айтты.
« Қазақстан мен Мажарстанды ортақ құндылықтар мен тарихи тамыр біріктіретінін білесіз. Мен Сыртқы істер министрі лауазымын атқарған кезден бастап екіжақты қатынастарымыздың қалыптасуына куә болдым. Орталық Еуропа елдерінің ішінде Қазақстанның елшілігі ашылған тұңғыш ел болғаны үшін Мажарстанға ерекше ризашылығымызды білдіреміз», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясатында Тұңғыш Президент – Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастыра беретінін, еліміздің Мажарстанмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға бейілді екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанды Мажарстанның Еуропалық Одаққа мүшелігіне 15 жыл және Солтүстік Атлант Шарты ұйымына кіргеніне 20 жыл толуына орай құттықтады. Қазақстан Президенті Будапешттің халықаралық аренадағы беделінің артуы және мажар экономикасының тұрақты өсуі қазіргі үкімет саясатының тиімділігін көрсететінін айтты.
Тараптар сындарлы диалог пен өзара жемісті іс-қимылдар екі ел халықтарының игілігі үшін ұзақ мерзімді негізде жалғаса беретініне сенім білдірді.
Оқи аласыздлар:
«Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер – Тоқаев
Қазақстан-Корея: Мемлекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары