- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады
Елбасы «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасын қабылдады
Кездесу барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.
« Біз 7 жыл бұрын табысты ынтымақтастығымызды бастадық. Бүгінде сіздердің кәсіпорындарыңыз теміржол саласында ғана емес, сондай-ақ машина жасау саласында да жұмыс істеп келеді. Компанияңыз шығаратын өнім өңір елдерінде сұранысқа ие», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Әңгімелесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің көлік-транзит әлеуетінің артуына орай инфрақұрылымды дамытудың маңызды екенін атап өтті.
«Қазір инфрақұрылымдық даму өңірдегі маңызды бағыттардың бірі саналады. Бұл Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына да байланысты. Біз теміржол желілерін салдық», – деді Елбасы.
Анри Пупар-Лафарж Нұрсұлтан Назарбаевтың инвестициялық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі рөлін атап өтіп, кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ризашылық білдірді.
«Электровоз құрастыру зауытында көп техника шығарылды. Бұл өнім шетел нарығына да жеткізілуде. Әзербайжанға экспорттауды бастадық. Біз қазақстандық мамандардың арқасында сапалы өнім шығаруға мүмкіндік алдық. Қазір өндірісімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Зауыт қызметкерлерін 500-ден 700 қызметкерге дейін, сондай-ақ кәсіпорынның өнімділігін жылына 100 электровозға дейін көбейту жоспарда бар», – деді «ALSTOM» компаниясы басқармасының төрағасы.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі