- Басты
- Жаңалықтар
- «Eurasian Book Fair–2019»: Халықаралық кітап көрмесінің артықшылығы
«Eurasian Book Fair–2019»: Халықаралық кітап көрмесінің артықшылығы
Көрмеге 13 мемлекеттен келген 90 компания қатысып жатыр.

Оның ішінде Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Иран, Польша, Бельгия, Латвия, Украина, Өзбекстан бар.


Әзербайжан елінің мәдениетін таныстыратын 100-ге жуық кітап қойылған, өкілдің айтуынша олар аталған көрмеге төртінші мәрте қатысып отыр.

«Әзербайжанның мәдениеті мен әдебиетін көрме қонақтары мен жергілікті халыққа таныстыру үшін келдік. Көрмеге біздің кілемдер туралы кітаптар, әртүрлі ұлттық кәдесыйларды жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ, Баку, Карабах және ЮНЕСКО-ға енген еліміздің киелі жерлері және Гейдар Әлиев пен Ильхам Әлиев туралы кітаптар да бар. 4 күн бойы осы көрмеге қатысатын боламыз», - деді Әзербайжандағы елшілік өкілі Айзадали.
Ал Татарстаннан келген баспа аталған көрмеге алғаш рет қатысып отыр, олар 210 кітаптың түрін жеткізген.

«Татар кітап баспасы - мемлекеттік мекеме. Біз жылына кітаптың 200 түрін басып шығарамыз. Егер де демалыс күндерін алып тастайтын болсақ, күніне бір кітап шығады деген сөз. Бұл көрме туралы біз қазақстандық достарымыздан біліп, қатысуға бел будық. Қазақстанға да алғаш рет сапарлап тұрмыз. Біздің өркениетіміз, тіліміз бен дініміз өте ұқсайды. Біз барлық жанрларды шыарамыз», - деді Татар кітап баспасының бас директоры Ильдар Сагдатшин.

Шараның аясында танымал мәдениет қайраткерлері, жазушылар және ақындармен кездесулер ұйымдастырылады.

Олардың арасында жас ақын Мерген Тоқсанбай мен Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулет, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та бар.
Аягөз Құрмаш
Фото: автор
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітап жарық көрді -
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады