• Басты
  • «Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер – Тоқаев
23 Сәуір, 2019 12:15

«Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер – Тоқаев

«Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының XIX съезінде ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Съездің ашылуында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев күн тәртібімен таныстырды.
«Nur Otan» партиясының атынан Президенттікке үміткер – Тоқаев

«Съезге аймақтық конференцияларда сайланғандар, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, дипломатиялық корпус, мемлекеттік емес ұйым өкілдері және БАҚ қатысып отыр. Съезге сайланған 630 кандидаттың  623 қатысып жатыр. Белгілі себептермен 7 делегат келе алмады», - деді М.Әшімбаев.

Сондай-ақ, М.Әшімбаев съездегі барлық шешімдерді дауыс беру арқылы шешу ұсыынылып отырғанын айтты. Ұсынысты барлығы бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Өз кезегінде «Нұр Отаан» партиясының төраағасы, ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan»   партиясының  XIX  съезінде партияластармен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.  

«Құрметті партияластар, Тәуелсіздік жылдарының ішінде біз орасан зор жолдардан өттік. Біз мемлкетімізді терең дағдарыс кезеңінен бастадық, экономикалық дағдарыс  халықтың көпшілігін үлкен күреске мәжбүрледі. Біз бүкіл  әлемге бейбітшілік пен тәуелсіздік жағдайында  өмір сүре алатынымызды дәлелдеп бердік.  Біз алдымен экономиа, одан кейін саясат деген қағидатты басшылыққа алдық.  Осының нәтижесінде Кеңестік кезеңнен кейін қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналдық. Бүгінгі күні Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына еніп отыр. Біз кедейшілік деңгейін  10 есеге дейін қысқарттық, ел бойынша  1200 жаңа өнеркәсіпорындарды құрдық. Бизнеске қолдау көрсеттік, салауатты өмір салтын қалыптастырдық. Көптеген жастарды әлемнің жетекші унивеситеттерінде білім алуға жібердік. Қазақстанда да жаңа білім алу жүйесі жұмыс істеп келе жатыр», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев  оның негізін қалап отырған  Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев университеті екенін атап өтті.

 «Біз халықтың рухани байлығын сақтап, оны арттыра білдік. Отандық әртістеріміз бен спортшыларымыздың атын бүкіл әлем біледі.  Қазір біз өзіміздің жарқын болашағымызға ұмтылып келеміз.  Қазақстан халқы маған Ел басшысы ретінде үлкен сенім артып келді. Сондықтан да, мен Тәуелсіз елді халықпен бірге құру бақытына ие болдым. Партияның XVIII съезінде жұмысты анықтап, бағдарламаны қабылдадық. Ал, бүгін алдағы Президенттік сайлауға өз кандидатымызды ұсынуға бас қосып отырмыз», - дед Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаев біздің болашағымыз тек бізге ғана байланысты екенін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – әлемнің  дамыған  30 елінің қатарына ену. Біздің нақты дамуымызға ұмтылатын жоспарларымыз бар. 2050 жылға дейінгі елдің даму стратегияясы бар. Біздің құндылықтарымыз: халқымыздың бірлігі, күшті экономика және де азаматтардың бақуаттылығы мен бейбіт ішкі және сыртқы саясат. Бұл Ата Заңда толығымен көрсетілген. Біздің бағытымыздың табыстылығы ғана, біздің дамуымызға жол аша алады. Біз қоғамның барлық саласында ауқымды жаңартуды бастадық. Технологиялық және инфрақұрылымдық дамудың кезеңіне аяқ бастық. Төртінші революция талаптарына сай жұмыс істеп келе жатырмыз. Цифрландыру мен инновациялардың енгізу  нәтижесінде еңбек өнімділігіміз артып отыр. Сонымен қатар, қоғамдық сананы жаңғырту процесін іске қостық. Бұл өте ауқымды жұмыс, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Партияның жақында қабылдаған «Бақуатты қоғам: 10  басты мақсат» бағдарламасы халық өмірінің жаңа стандартына қол жеткізуге бағытталған», - деді Елбасы.

Сондай—ақ, Елбасы жалпы еңбек қоғамын қалыптастыруды жалғастыра беру қажет екенн айтты.

«Тек қана еңбектің арқасында әрбір отбасы өзіне бақытты өмірді қамтамасыз ете алады. Өзінің еңбегіне лайықты ақы алатын деңгейге жетуі керек. Біздің  10 жылдыққа арналған стратегиялық мақсатымызды қазақстандықтардың көп бөлігі біз жүзеге асырып жатқан саясатты қолдайды. Адамдарға тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенім   өте маңызды», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Н.Назарбаев еліміздегі билік сабақтастығын жалғастыру Ата Заңға толық сәйкес келетінін атап өтті.

«Екі апта бұрын Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жан-жақты ойластырылып жасалған қадам. Қасым-Жомарт  Кемелұлы өз ісіне зор жауапкершлікпен қарайтын мемлекет қайраткері. Ол әділ саясат жүргізудің  қаншалықты маңызды екенін  жақсы біледі», - деді Елбасы.

Осы орайда Елбасы Н.Назарбаев «Nur Otan»   партиясы атынан Президент сайлауына үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде жоғары бағаланғанын білесіздер. Осы жаһандық құрылымда ол Бас хатшының орынбасары ретінде қызмет етті.  Дипломатиялық жетістіктерімен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибе жинады. Ол ел дамуының ең күрделі кезеңінде Қазақстан Үкіметін басқарды. Естеріңізде болса, 1998 жылғы  Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіруге атсалысты», - Елбасы Н.Назарбаев.

Сонымен қат ар, Н.Назарбаев  Қ.Тоқаевтың тікелей қатысуымен 90-шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында бірқатар маңызды реформа жүргізіліп, ел экономикасын өркендетуге жол ашылғандығын айтты.

«Сол жылдары ол менің Ұлттық қор құру туралы идеямды толық қолдап, оның құрылуына атсалысты. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, даму институттары осы кезде пайда болды. Әлеуметтік жаңғыру жолында алғашқы қадамдар жасалды. Жаңа зейнетақы жүйесі қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің жаңа заң шығару қызметіне мол үлес қостыә, - деді Н.Назарбаев.

Елбасы  осы жылдар ішінде Қ. Тоқаевтың  сенімді серік болып, елімізді одан ары өркендетуге қатысты ұстанымды  қолдап келгенін атап өтті.

« Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп есептеймін. Ол менен бір мүшел жас кіші, осы күні ел басқарып отырған төңіректегі көршілеріміздің құрдасы және замандасы болып саналады. Жұмыс істеуіне ыңғайлы», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  


Сондай-ақ, Елбасы сайлау науқанына партиялық өңірлер, баастауыш партия ұйымдары атсалысуы керек екенін атап өтті.

«Біз саяси кеңес мүшелерінің барлық күш-жігерін пайдалана алуымыз керек. Халықтың дұрыс таңдау жасауына біз сендіруіміз керек. Сайлау науқанының шеңберінде өзіміздің заманауи, жоғары технологиялық 21-ғасырдың партиясы екенімізді көрсетуіміз керек. Шетелдік компанияялардың тәжірибесін пайдалануымыз керек. «Нұр Отан» партиясы өзінің мәртебесін  нығайтып, күшейте түсуі керек. Елміздің жетекші партиясы ретінде қарқындай түсуі керек. Халықтың бізге сенетінін дәлелдеуіміз керек. Адамдар әркез бізге сенім арта білуі керек. Осы жұмыста баршаңызға сәттілік тілеймін. Алға Қазақстан! Алға «Нұр Отан»!», - деп түйіндеді өз сөзін Н.Назарбаев.  

Өз кезегінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев Елбасының артқан сеніміне ризашылық  білдірді.

«Ең алдымен маған зор сенім артқан  «Nur Otan» партиясының төрағасы Қазақстан Президенттігіне үміткер етіп ұсынған Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевқа шын жүректен алғыс айтамын. Мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлғаның маған артқан  жауапкершілік жүгін бүкіл болмысыммен сезінемін. Сенімге серт беріп, үлкен үміттің биігіне шығуы үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын. Партия төрағасы, Елбасы 19 наурыз күні өзінің тарихи Үндеуінде «Тәуелсіз Қазақстанымызды, Отанымызды мәңгілік елімізді сақтай білу қажет» деді. Әрбір қазақстандықтың жүрегіне жол тапқан бұл сөздерді бойтұмардай ұстануға болады. Осындай аумалы-төкпелі заманда  тұрақтылықты сақтауда бағытымыз айқын. Кешегіні ұмытпай, келекшекті ұлықтау киелі Тәуелсіздік алдындағы басты қарызымыз. Біз осы бақты бағалай білсек  қана асқар асуларды бағындыра аламыз. Елбасы Н.Назарбаев іргесі берік, өзекгі мықты, қуатты мемлекет құрды. Кеңес одағының құрсауынан шыққан Қазақстанды бүкіл әлм мойындады. Тұрақтылық пен татулықтың арқасында Тәуелсіздігіміз тұғырлы болды», - деді Қ.Тоқаев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта партия съезіне өңірлерден келетін делегаттардың саны белгілі болды.

Мәселен, Алматы облысынан 45, Қызылорда облысынан 30 делегат келген.Жалпы, съезд жұмысына 1500 адамның қатысатындығы жоспарланған.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды