• Басты
  • Қазақстан-Корея бизнес-форумы: 3,2 млрд АҚШ долларының келісіміне қол қойылды
22 Сәуір, 2019 18:59

Қазақстан-Корея бизнес-форумы: 3,2 млрд АҚШ долларының келісіміне қол қойылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысты. Аталған шараға екі ел тарапынан 500-ге тарта бизнес өкілі қатысуда. Онда машина жасау, медицина, химия өнеркәсібі, құрылыс және басқа да басымдықты салалар талқыланды. Форум барысында 3,2 млрд АҚШ доллары сомасындағы келісімге қол қойылды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.

Қазақстан-Корея бизнес-форумы: 3,2 млрд АҚШ долларының  келісіміне қол  қойылды | Strategy2050.kz

«Біздің тараптарда ерекші достық қатынас бар. Ал екіжақты сауда-экономикалық серіктестік жоғары әрекеттестік динамикасын білдіреді. Елдеріміз арасындағы өзара инвестицияны қорғау туралы келісімге 1996 жылы қол қойылып қойған. Осы уақытқа дейін Корея Қазақстан экономикасына 7 млрд долларға жуық тікелей инвестиция құйды. Корея Республикасы – Қазақстанның Азия аумағындағы ең ірі сауда серіктестерінің бірі. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың өзінде сауда айналымы 2 еседен де асып түсіп, 4 млрд долларға жуықтады», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы  атап өткендей,  елдер экономиканың құрылыс, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы,  қаржы,  денсаулық сақтау сынды  әртүрлі салаларында    бірлескен жобаларды жүзеге асырып отыр.

«Ірі корей бизнесі ынтымақтастыққа мүдделі екені қуантады. Бұл ынтымақтастықтың әлеуеті де жоғары. Біз бүгін бірлескен жобалардың экспозицияларын  қарап шықтық, бізге екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасында қозғаушы күшке айналатын  ірі жобаның жетіспеушілігі байқалғандай әсер қалдырды», - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, биыл корей компаниясының қатысуымен  ҮААЖ құрылысы басталады.

«Аталған жоба бірлесіп  сәтті жүзеге асырылған жұмыстың бірі болуы мүмкін. Бүгінде Қазақстанда  іскерлік бастамалар мен инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр.  Мен Президент ретінде корей бизнесінің барынша дамуына  қолдау көрсетемін. Оған  кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  біздің мемлкеттік саясат та өз  үлесін қосады», - деді ол.

Сондай-ақ, бизнес-форумда Қазақстанда бизнесін сәтті жүзеге асырып жатқан компания өкілдері сөз сөйледі.

«Қазақстан мен Корея арасындағы екі жақты қарым-қатынас бірнеше сала бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Корея – Қазақстанның Шығыс Азиядағы ең тиімді стратегиялық әріптестерінің бірі. Оңтүстік Корея 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен ЭКСПО – болашақ энергиясы көрмесіне қатысып, көрмедегі ең үлкен павильонын қойды. Екіжақты ынтымақтастығындағы перспективалық бағыттарға қысқаша тоқтала кетсем, қазақстандық мемлекеттік холдингтер – ірі жобаларды іске асыруда кореялық бизнес үшін сенімді серіктес. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры 67 млрд долларды құрайтын мемлекеттік активтерді басқарады. Сонымен қатар, экономиканың бірнеше саласын қамтып отыр. Олардың ішінде транспорт, логистика, энергетика телекоммуникация және т.б. бар», - деді Қазақстандық-кореялық іскерлік кеңестің қазақстандық тарапынан тең төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ,  ол атап өткендей,  қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді ескере отырып, біз кореялық бизнесті түрлі сала бойынша ынтымақтастық орнатуға шақырамыз. Қазіргі уақытта ең ірі жоба индустрияландыру жүзеге асып жатыр.

«Сонымен қатар, «Қазатомпром» «Кегок», «Хьюндай» корпорацияларының серіктестігін атап өткім келеді. Кореялық өнеркәсіптік корпорациялардың белсенді жұмысын да атап өткен жеөн. Электроника, тұрмыстық техника, автопром және т.б. бизнес салалар бар.Екі жақты қарым-қатынастың жақсы дамуына 2012 жылы құрылған Қазақстандық-кореялық іскерлік кеңестің рөлі жоғары. Кеңес 2012-2018 жылдар аралағында 6 рет іскерлік кеңес отырысы өтті және 5 млрд доллардан астам сомаға 12 құжатқа қол қойылды. Денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар,цифрлық трансформация, қаржы құрылыс, туризм, сауда секілді салаларды қамтыды. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айнылымы 3,8 млрд долларға жетті. 2017 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті», - деді Қазақстандық-кореялық іскерлік кеңестің корей  тарапынан тең төрағасы Шин Сан Хо.
 

Сонымен қатар, ол  Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, соңғы үш онжылдықта елді сәтті нарықтық экономикаға айналдырды және бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, мемлекеттік дамуының негізін қалағанын атап өтті.

Екі ел де 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан кейін өзара сенімділік негізді ынтымақтастықты жалғастыра береді деп сенемін. Қазақстан – біздің ел үшін өте маңызды серіктестердің бірі. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан кейін энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп, мәдениет, денсаулық және т.б. салаларда серіктес болып келеді. Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған кезде екіжақты тауар айналымы 10 млн доллар болатын. 2014 жылы 1,4 млрд долларға дейін өсті. Кейін сауда көлемі мқнай бағасының әлемдік нарықта төмендеуіне және экономикалық өсімнің төмендеуіне байланысты тауар айналымы бәсеңдеді. 2018 жылы 2 млрд долларға дейін жетті. Оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 31% ұлғайды.

«Нақты мысалдар келтіретін болсам, құрылыс, оның ішінде өнеркәсіп орындарының құрылысы және ауыл шаруашылығын атауға болады. Былтыр «Tенгиз Шевройл» компаниясы жобасы аясында кореялық компания теңізге мұнай өндіріп алу үшін ірі модуль жібергенін айтқым келеді. Сонымен қатар, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысының жобасы іске асып жатыр. Бұл – Қазақстан мен Корея арасындағы инвестиция бойынша сәтті жобалардың бірі. Оңтүстік Кореяның жаңа саясаты контекстінде Қазақстан – Солтүстік-Шығыс Азияда ымыраға келу – Корей түбегіндегі денуклеризация бойынша ең маңызды серіктестірінің бірі. Қазір бізге екіжақты ынтымақтастықта сауда инвестициясын әрі қарай дамыту керек», - деді Шин Сан Хо.

Өз кезегінде  «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқа төрағасының орынбасары Рустам Исатаев  Қазақстанда 1 мың кореялық компания тіркелгенін айтты.

«Соңғы 10 жылда Қазақстанға келетін шетелдік инвестицияның жыл сайынғы келуі 10 есе өсті. 2005 жылы Қазақстанға тартылған кореялық инвестицияның көлемі 50 млн долларды құраған болса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 500 млн долларға жуықтады, Бүгінде Қазақстанда 1 мың кореялық компания тіркелген. «Kazakh Invest» құны 4,8 млрд доллар болатын кореялық капиталдың қатысуымен 42 жобаны іске асырып жатыр. Оның 20-сы сәтті аяқталды», - деді

Қазақстан-Корея бизнес форумы барысында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқа төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.

Сондай-ақ,  ол Қазақстан индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асырып жатқанын айтты.

«Осы бағдарлама аясында басым салалар: медицина, металлургия, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі. Мысалға, 2 млрд доллар сомасында метанол өндіру, 500 млрд доллар сомасында калий сульфатын өндіру бойына біріккен химиялық компаниямен серіктестік негізінде іске асырылуы мүмкін химия және мұнай химия саласы деуге болады. Қазақстан кореялық инвесторларға сирек кездесетін металдардың қазу және өңдеуге байланысты жобаларды ұсынуға дайын. Қазақстанның солтүстігінде кремний өндіру жобасына басымдық беріліп отыр. Ол жақта арзан шикізат пен электр энергиясы бар. Сондай-ақ Орталық Қазақстандағы әлем бойынша ең ірі вольфрам кен орнын игеру жобасы қызық болып отыр. Тағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында заманауи клиникаларды ашуға қатысу үшін кореялық инвесторларды шақырып жатырмыз», - деді ол.

Ал «Daewoo Shipibuilding  және Marine Engineering» бас директоры Ли Юн Бэ Қазақстан ауқымды жобаларды жүзеге асыруға болатын қолайлы алаң екенін атап өтті.

«Тенгиз мұнай орнының даму жоспарын «Тенгиз Шевройл» басқарады. Қазіргі таңда  тәулігіне  бірінші және екінші мұнай ұңғымаларынан  500 баррель  мұнай өндіріліп жатыр. Жобаны одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.  Шикі  мұнайды өндіру үшін   160  модуль орнатылды. 2014 жылдың қарашасында 95 тонна модульді өндіру бойынша келісім шарт орнатылды. Бұл міндет биылғы жылдың соңына дейін 80  пайыздық жоспармен  аяқталады деп күтілуде. Біз сияқты ірі шетелдік компания аталған жобаға қатысуымыз өте үлкен мәртебе. Жұмыстың үш тетігі бар. Осы жылғы наурыз айының жағдайына сәйкес, біздің компанияның резервтік қоры 2,70 млрд АҚШ долларын құрайтын  6 жоба тұр. Әртүрлі салаларда біз барлық әлемді мойындата алдық. Сондықтан да, Қазақстандағы ірі жобаға қатыса алдық», - деді  «Daewoo Shipibuilding  және Marine Engineering» бас директоры Ли Юн Бэ .

Сондай-ақ, Ли Юн Бэ мырза жоспарлаудың  20 жылы нәтижесінде Канада, Нигерия және Ресей жергілікті қамтуды максималды арттыру бойынша келісімшарт түзуді сұрағанын айтты.

«2010-2012 жылдары Қазақстандағы жұмыс кезінде осындай үлкен тәжірибеге ие болдық. ТШО бойынша   2011 жылы Қазақстанда тұңғыш  жүзеге асырылған жоба туралы айта кеткен жөн. Біз  теңізге шығу мүмкіндігі жоқ ел ретінде Қазақстандағы шектеуді қалай еңсергеніміз туралы тәжірибемізбен бөліссек деп едік. Қазақстандағы жергілікті серіктестіктермен қалай жұмыс істегеніміз туралы да айтып өткен жөн. Орталық Азиядағы Қазақстанның географиялық орны теңіз бен өзендерге шығуды қиындатты. Ол транспорт пен логистикада  көптеген кедергілерді туғызды. Бұл мәселені біз румындық компанияның негізімен шеше алдық», - деді Ли Юн Бэ.

Айта кетейік,  Елімізге мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен келіссөздер өткізген болатын.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды