- Басты
- Жаңалықтар
- Тұңғыш Президент ҚХР елшісін қабылдады
Тұңғыш Президент ҚХР елшісін қабылдады
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасында орныққан қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың перспективаларына тоқталды.
« Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Төраға Си Цзиньпиннің бірлескен жұмыстарымыздың нәтижелері мен перспективалары талқыланатын «Бір белдеу, бір жол» атты форумға қатысуға шақыруын ризашылықпен қабыл алдым. Сонымен қатар, біз жеті жыл бойы өзара түсіністік рухында бірлесе жұмыс істеген Қытай Халық Республикасының Төрағасымен келіссөз өткізу жоспарланып отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті көлік-логистика саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудың тиімділігін айтты.
«Біз инфрақұрылымды дамыту жөнінде ауқымды жұмыс атқардық. Біз Қытай Халық Республикасымен жемісті ынтымақтастықты өте жоғары бағалаймыз және бұл өзара тиімді қатынастарды жалғастыра береміз», – деді Елбасы.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев барша Қытай халқын Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен құттықтап, зор табыс және бақ-береке тіледі.
Елші Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің зор ілтипатын жеткізді.
««Бір белдеу, бір жол» атты екінші форум – 37 мемлекет пен үкіметтердің басшылары қатысатын ауқымды халықаралық шара. Қатысушылардың ішінде Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл іс-шараның ең маңызды әрі құрметті қонағы боласыз», – деді ҚХР елшісі.
Чжан Сяо «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаттың түйіндесуінің жемісті болғанын атап өтті.
«Бүгінде бірлескен 55 жобаның 9-ы жүзеге асырылды. Осы жылдың ішінде тағы 8 жобаны аяқтау жоспарлануда. Ынтымақтастығымыздың жемісті болуы, ең алдымен, Сіздің сіңірген зор еңбегіңіздің арқасы», – деді ҚХР елшісі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады