• Басты
  • Қазақстанға инвестицияны қалай тарту керек?
22 Сәуір, 2019 11:36

Қазақстанға инвестицияны қалай тарту керек?

Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің 2019 жылғы 30 қаңтардағы кеңейтілген отырысында: «елдің Үшінші жаңғыруы үшін негізгі капиталға жылына жалпы ішкі өнімге 30%-дан асатын деңгейде инвестициялар тарту қажет» деген болатын. Ол: «нақты сектор мен инфрақұрылымдық жобаларды қаржымен қамтамасыз ету бойынша жүйелі шешімдер әзірленсін» деп, сондай-ақ дамыған елдерден инвесторларға баса назар аудара отырып, инвестициялар тартудың кешенді экожүйесін жасауды тапсырды.Бұл тапсырмаларды іске асыру – Үкімет үшін ерекше маңызды міндет. Үкімет аталған міндетті жүзеге асыру үшін қандй тетіктерді әзірлегенін келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстанға инвестицияны қалай тарту керек? | Strategy2050.kz

Соңғы жылдары әлемдік инвестициялық ағындардың серпінінде өзгеру байқалады.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші  орынбасары  - Қаржы министрі Әлихан Смайылов  айтып  өткендей,  2017 жылы жаһандық тікелей инвестициялар көлемі 23% - ға, 2018 жылы ол 19% - ға, 1,2 трлн АҚШ долларына дейін төмендеген.

«Тиісінше, инвестициялық ағындар үшін әлемде, әсіресе дамушы экономикалар арасында бәсекелестік күрт өсуде.Мұны көршілеріміз айқын көрсетіп отыр.Мәселен, 2019 жылғы 15 наурызда Қытай «Шетелдік инвестициялар туралы» жаңа Заң қабылдады.Сарапшылардың бағалауы бойынша бұл 10 жыл ішінде олардың экономикасына 1.5 трлн. АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді.Ресейде бірнеше жыл бұрын тікелей инвестициялар қоры құрылған болатын», - деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ,  қазірдің өзінде 50-ден аса жобаға 1.5 трлн. рубльден астам сомаға инвестициялар жүзеге асырылды.

«Бұл ретте тартылатын шетелдік инвестицияларға мемлекеттік инвестицияның тепе-теңдігі 7-ге 1-ді құрайды.Ресейде негізгі капиталға инвестициялар деңгейі жалпы ішкі өнімнің 21% - ын құрайды, ал Қазақстанда бұл жалпы ішкі өнімнің 19% - ынан аз.Өзбекстан Республикасында ағымдағы жылдың қаңтарында 1 млрд.доллар капиталымен тікелей инвестициялар қоры құрылды.Қазақстанда жалпы инвестициялар ағынының өсуіне қарамастан таза инвестициялар көлемі 2016 жылғы 8.5 млрд. доллармен салыстырғанда өткен жылы 3.8 млрд.долларды құрап, екі еседен көп құлдырады», - деді ол.

Сондай-ақ, өкінішке орай, біздің экономикамыздың шикізаттық емес секторларына тікелей шетелдік инвестициялар олардың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін ғана құрайтынын атап өту керек.

«Сондықтан, бізге сапалы инвестициялар тарту үшін жаңа тиімді тетіктер құру аса маңызды.Бұл саладағы инфрақұрылымды мұқият қайта қарау қажеттілігі туындады.Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша осы мәселе жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды.Қолданыстағы тетіктерге егжей-тегжейлі талдау жүргізілді, осал жерлер анықталды, ағымдағы қызметтің тиімсіздік себептері белгіленді», - деді ол.

Ол жүйелі проблемаларды шешу үшін жұма күні (2019 жылғы 19 сәуірде) Жұмыс тобының ұсыныстары негізінде Үкімет «Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулы қабылданғанын айты.

«Осы қаулымен шын мәнінде инвестициялар тарту бойынша жұмыстың Жаңа архитектурасы жасалды.Бұл еліміздегі инвестициялық қызметтің жағдайын сапалы түрде жақсарту үшін серпін болып табылады.Жаңа архитектурада ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі ерекше рөл атқаратын болады.Оған стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асырудың ерекше шарттарын ұсыну жөніндегі өкілеттіктер заңнамалық деңгейде бекітілетін болады», - деді ол.

Бұл инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру үшін қажетті шешімдерді тез және жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

«Инвестициялар жөніндегі Омбудсмен болып Қазақстанның Премьер-Министрі тағайындалғанын атап өту маңызды.Астана халықаралық қаржы орталығы инвестицияларды тарту және Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін ілгерілету жөніндегі жұмысты үйлестіру бойынша бірыңғай орталық болып айқындалатын болады.Ол Өңірлік инвестициялық хаб болады.Сол сияқты онда инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету және инвестициялық жобалардың бірыңғай пулын қалыптастыру орталықтандырылатын болады», - деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ, «Kazakh Invest» акционерлік қоғамы Астана халықаралық қаржы орталығының әкімшілігіне сенімгерлік басқаруға берілетін болады.

«Жобаларды қалыптастыру мен сүйемелдеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылатын болады («Жобалар фабрикасы»)Заманауи цифрлық технологияларды енгізумен виза және көші-қон режимін одан әрі ырықтандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.Нұр-Сұлтан қаласы мен халықаралық қаржы орталықтары арасында тікелей әуе қатынастарының географиясы кеңейтілетін болады.Жоғарғы Сотпен және Бас прокуратурамен бірлесіп инвестициялық климатты одан әрі жақсарту, инвесторлардың құқықтарын қорғау және заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады», - деді ол.

Жаңа архитектура шеңберінде жобаларды жылжыту былайша болады:

Бірінші кезеңде - Өңірлік инвестициялық хабта («Жобалар фабрикасында») барлық әлеуетті инвестициялық жобалар орталықтандырып жиналады.

Екінші кезеңде – Астана халықаралық қаржы орталығынан сарапшылар мен консультанттарды тарта отырып, "Kazakh Invest" базасындағы жобаларды өңдеу және талдау жасалады. Жобалар шетелдік инвесторлар үшін түсінікті форматтарға келтіріледі.

Үшінші кезең - Астана халықаралық қаржы орталығының қолдағы бар мүмкіндіктері мен Сыртқы істер министрлігінің инфрақұрылымын пайдалана отырып, қолданысқа дайын жобаларды жылжыту.

Төртінші кезең – Астана халықаралық қаржы орталығының заң инфрақұрылымын пайдалана отырып, инвестициялық хаб базасында келісімшарттар жасасу.

«Қабылданып отырған шаралар инвесторлар үшін инвестициялық субсидиялар пакеттерін топтастыруға және жедел қалыптастыруға, тікелей инвестициялар көлемін ұлғайту жөніндегі кешенді жұмысты бастауға мүмкіндік береді.Үкіметтің келесі отырыстарының біріне жаңа тәсілдерді іске асыру үшін барлық қажетті шаралардың толық тізбесімен Жол картасы шығарылатын болады.Жаңа архитектура шеңберінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өзара іс-қимылдар регламенті әзірленеді және Үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылатын болады», - деді ол.

Инвестициялар ағынының қарқынын арттыру – жалпы ішкі өнімнің 5%-ы деңгейінде сапалы өсуін қамтамасыз ету және мемлекеттің стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті фактор.

Өз кезегінде ҚР Әділет министрі Марат  Бекетаев баяндама барысында, АХҚО құқықтық қамтамасыз ету үшін Негізгі заңға өзгерістер енгізілгенін айтып кетті. Конституцияға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында қаржы саласында ерекше құқықтық режим орнатылды.

«Сондай-ақ, Конституциялық заң қабылданды. Халықаралық қаржы орталығы аумағындағы инвесторлардың қызметі ағылшын құқығымен реттеледі. Ресми тіл - Ағылшын тілі.Айта кету керек, Қаржы орталығы аумағында тәуелсіз сот және Халықаралық төрелік орталық құрылды, онда сот әділдігін ағылшын судьялары жүзеге асырады», - деді ол.

Министрдің ойынша, аталған шаралардың барлығы меншік құқығын қорғауға және сот төрелігін тиімді іске асыруға кепілдік береді. Бұл экономиканың одан әрі өсуін тікелей инвестициялар салып және ірі жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін шетелдік инвесторлар үшін маңызды белгі.

М.Бекетаевтың айтуынша, шетелдік және отандық бизнес инвестицияларды әділ құқықтық қорғауға сенімділік болған жерге ғана салады. Мұндай сенімділік жылдар бойы қалыптасады, кейде ол үшін онжылдықтар қажет.

Министр мырза инвестициялардың бүгін қажет екенін басып айтты. Бизнес үшін қажетті сенімділікті ағылшын құқығы, ағылшын тілі және ағылшын соты береді. Өйткені әлемдік бизнестің 80 пайызы ағылшын құқығын таңдайды. Осы себептен ағылшын құқығына негізделген Гонконг және Дубай сияқты қаржы орталықтары өз елдерінің экономикаларына ірі инвестицияларды табысты тартып отыр.

«Қазақстанға инвестициялар ғана емес, инвестициялармен қоса жаңа технологиялар қажет. Сондықтан зияткерлік меншікті қорғау бойынша Үкімет бірізді саясат жүргізіп келеді», – деп атап өтті министр мырза.

Қаржы орталығы аумағында зияткерлік меншікті халықаралық тіркеу бойынша ыңғайлы сервис қамтамасыз етіледі.

Министр баяндамасын қортындылай келе, Қазақстанда инвесторлардың жұмысын қамтамасыз етуге қабілетті адами капитал қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Ағылшын тілін еркін меңгерген және үздік әлемдік университеттерде білім алған халықаралық деңгейдегі заңгерлер даярланды.

Айта кету керек, сот әділдігін нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар халықаралық рейтингтерде көрініс тапқанын айтып кеткен жөн. Халықаралық құқық үстемдігі индексінде Қазақстан, 7 жыл ішінде 10 тармаққа өсім көрсетіп, 126 елдің ішінде 65-ші орында тұр.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды