- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
Заң жобасының өзектілігіне тоқталған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы биылғы Жолдауында ғылыми қамтымды экономика құруды маңызды бағыттардың бірі ретінде айтқанын алға тартты.
«Қазіргі таңда жаңа өнеркәсіптік өндірістің негізінде инновация тұруы үшін бизнестің, өндірістің, ғылымның әлеуетін біріктіру қажет. Бұл заң жобасы біздің елімізде жаңашыл технологияларды дамытуға арналған мемлекеттік қоолдаудың тағы бір құралы»,-деді Спикер.
Заң жобасы «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару ерекшеліктерін айқындайды.
«Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қызметінің негізгі бағыттары: ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту, инновациялық кластер субъектілерінің технологияларын коммерцияландыруды ынталандыру және инновациялық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Нұрлан Нығматулин осы құжатпен айналысу барысында жұмыс тобының Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде болғанын атап өтті.Мәжіліс Төрағасы бұл заң жобасын қабылдау ғылыми қамтымды экономика құрудың берік заңнамалық негізін қалайтынына баса назар аударды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар