- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан-Корея: Мемлекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Қазақстан-Корея: Мемлекет басшылары ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
«Қазақстан мен Корея Республикасы бүгінде сенімді серік әрі стратегиялық әріптес. Біздің қарым-қатынастарымыздың тамыры терең және берік. Екі халықтың мәдени және сауда байланыстары Ұлы Жібек жолы заманында өркендеп, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқаны белгілі. Қазақ және корей тілдерінің Орал-Алтай тобында болуы халықтарымыз тарихының ортақ екенін көрсетеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев Қазақстандағы корей диаспорасының алтын көпір қызметін атқарып жатқанын атап өтті.
«Біз Оңтүстік Кореяны экономикалық жетістіктеріне және корей халқының мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қараймыз. Қазақстандағы Корей диаспорасы халықтың арасын жалғап отырған алтын көпір ретінде бұл үдерісте маңызды рөл атқарады. Кеше ғана сіз Кореяның ұлттық батыры Хуан У Джон мен ағартушысы Говен У сүйектерін туған жеріне қайтарып, игі де ізгі миссияны атқардыңыз. Осы орайда,еліңіздің тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы қозғалыстың 100 жылдығымен баршаңызды құттықаймын. Қазіргі таңда біз кең ауқымды дамып келе жатқан үйлесімді қарым-қатынасқа қол жеткіздік деп нық сеніммен айта аламыз», - деді Қ. Тоқаев.
Президент айтқандай, біріншіден – саяси тұрғыдан өзара мүдделерімізді құрметтеуге негізделген ынтымақтастықтың тиімді үлгісін қалыптастырдық.
«Біз барлық деңгейде тығыз байланыс орнаттық. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер іскерлік және сындарлық негізде шешімін табуда. Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өту қажет. Бүгінгідей тарихи оқиғалар кезегінде Қазақстанның сыртқы саясатындағы сабақтастық сақталатынын және қазақ-корей қатынастарына ерекше мән беретінмізді растаймын. Біздің қабылдап отырған бірлескен мәлімдеме соның айқын дәлелі», - деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент Қазақстанның тәуелсіздік жылдары экономикалық тұрғыда бірқатар істер атқарылып өткенін атап өтті.
«Екі елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізілген. Тікелей ұшатын әуе қатынасы ашылды. Айта кету керек, өткен жылдың көрсеткіштері бойынша тауар айналым рекордттық дәрежеге жетіп, 4 млн долларды құрады. Ол 2017 жылдың көрсеткішінен екі есе жоғары. Оңтүстік Корея Қазақстан үшін сауда және инвестициялық, технологиялық ынтымақтастықты дамытатын 10 басым елдің қатарында тұр», - деді Қ. Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі елдің инвестиция саласында да қарым-қатынас орнатылғанын айтты.
«Кореядан Қазақстанға тартылған тек қана тікелей инвестиция 7 млрд долларды құрады. Қазіргі таңда ең сәтті әрі ауқымды жобалардың бірі – Корей тарапының қатысуымен Үлкен Алматы айналма жолы болып отыр. Корей бизнесі Қазақстанның астық, тау-кен өнеркәсібі, автомобиль және өзге де салаларында жұмыс істеп жатыр. Бұл мысалдардың барлығы Оңтүстік кореялық компаниялардың Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі екенінің көрсеткіштері», - деді Қ. Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы корея диаспорасы Қазақстандағы ең ауқымды диаспоралардың бірі екенін атап өтті.
«Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан кәрістердің саны 100 мыңнан асады. Біздің тараптан, Үкімет тарапынан корей бауырларымыздың салт-дәстүрінің сақталуына қолдау көрсетіледі», - деді Қ.Тоқаев.
Өз кезегінде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин делегацияны жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдірді.

«Жаңа ғана шағын құрамдағы кездесуде пікір алмастық. Қазақстан - Орталық Азия елдері ішінде аса үлкен қарқынмен дамып келе жатқан ел. Төртінші революция кезеңінде Қазақстанның 2050 даму Стратегиясын жоғары бағалаймыз. Корея аталған болашаққа жетуде ынтымақтасатын ең үздік серіктестік деп ойлаймыз», - деді Мун Чжэ Ин.
Қазақстан мен Корея арасында екіжақты бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олар:
-ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов және Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хва Қазақстан мен Корея Республикалары арасындағы сотталған адамдарды беру туралы құжатқа қол қойды;

-ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо 2019-2022 жылдарға арналған «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды;
-ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев және Корея Республикасының Ғылым және академ министрі Юн Ен Мин төртінші өнеркәсіптік революцияға бірлескен қол қою жөніндегі өзара түсіністік меморандумға, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша ниет туралы хатқа және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморундумға қол қойды;
-ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі Пак Мен Су денсаулық сақтау саласындағы «Самал жел» бағдарламасын іске асыру туралы жоспарға қол қойды;

-ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев және Корея Республикасы Кеден қызметінің комиссары Ким Ен Мун "Уәкілеті экономикалық оператолар басқармаларын өзара дамыту жөніндегі" өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды;
Сонымен қатар, екі елдің Мемлекет басшылары бірлекен мәлімдеме жасады.
Аягөз Құрмаш
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді