• Басты
  • Қазақстанда репродуктивті денсаулық қалай қорғалады?
17 Сәуір, 2019 17:16

Қазақстанда репродуктивті денсаулық қалай қорғалады?

1960 жылдары пайда болған Репродуктивтік құқықтардың жүзеге асуы үшін күресетін дүниежүзілік қозғалыс өз тәнін өзі билеу, өз болашағын өзі жасау мүмкіндігі арқылы қашан балалы болуды өзі шешу мүмкіншілігін беріп, миллиондаған әйелдердің өмірін өзгертті. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша мамандандырылған мекемесі ЮНФПА құрылған соңғы 50 жылдағы жетістіктерге қарамастан ЮНФПА жарияланған «2019 жылғы әлемдегі халық қоныстануы» баяндамасында көрсетілгендей барлық адамдардың таңдау құқығы және таңдау мүмкіндігін мәлімдеуге жету үшін әлем халқымен әлі де бірқатар нәрселер жасалуы қажет.

Қазақстанда репродуктивті денсаулық қалай қорғалады? | Strategy2050.kz

1994 жылы Каирде өткен Халықтың қоныстануы және дамуы бойынша халықаралық конференцияда Қазақстанды қоса есептегенде 179 мемлекет барлық әйелдер мен қыз балалардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, білім алуға қатысты құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты және олардың мүмкіндіктерін кеңейту тұрақты даму кілті болып табылатыны жөніндегі келісімге келген. Баяндамада айтылғандай әйелдер мен қыз балалар осы құқықтарын пайдалана алатын болса, олар өздері үшін пайдалы болатын шешімдерді жиірек қабылдай алады және жалпы әлеуметтік, экномикалық, тіпті экологиялық тұрақтылықты да сақтайды.

Алайда КХҚД өткеннен бергі 25 жыл бойы жүктіліктің алдын алуды немесе кейінге қалдыруды қалайтын 200 миллионнан астам әйел заманға лайық контрацепция әдістеріне және оларды ұсыну қызметтеріне, оған қоса осыған байланысты репродуктивті таңдауға қол жеткізе алмауда. Нәтижесінде олар өз тәніне қатысты  босану немесе жүктілікті жоспарлау сияқты шешімдерді қабылдай алмайды.

Баяндама репродуктивті денсаулық саласындағы соңғы 50 жыл ішіндегі жетістіктерді бақылайды. Жүктілікке байланысты себептермен әйелдің өлу жағдайлары 1994 жылғы 100 000 тірі туылу жағдайына 369 адамнан 2015 жылы 216 адамға дейін азайған. Сонымен қатар 1969 жылы заманға лайық контрацептивтерді 24 пайыз әйел қолданса, 1994 жылы әйелдердің 52 пайызы  , 2019 жылы 58 пайызы қолдануда.

«Осы саладағы өз жетістіктері үшін Қазақстан  КХҚД  қараған мәселелер болашақта мыңдаған өмірді өзгертуі мүмкін екенін өз өмірімен және әрекеттерімен дәлелдеген өзгерістер чемпиондарына - шынайы өмірден алынған адамдарға  қарыздар»,– деді ЮНФПА Қазақстандағы Атқарушы өкілі Раймбек Сисемалиев.

Соңғы 25 жылда атқарылған іс-шаралар нәтижесінде Қазақстандағы туу көрсеткіштері 19.6 пайызға өскені, бала өлімі көрсеткіші 3,4 есе азайып, ана өлімінің көрсеткіштері 5 есе азайғаны байқалады.

«Бала  туылуы көрсеткіштерінің жақсы жағына қарай өсіп, бала өлімі көрсеткіштерінің азаюына халықаралық ұсынымдарға сәйкес акушерлік пен педиатрияда заманға лайық технологияларды ендіру, халықты отбасыны жоспарлау туралы ақпаратпен қамту, профилактикалық тексерістермен қамту  нәтижесінде қол жеткізілді», – деді  ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зауре Ахметова.

Екатерина Суворова – Қазақстандағы санаулы әйел кинорежиссерлердің бірі.

 Оның жақын арадағы жобаларының бірі – ЮНФПА үшін дайындалған видео – Қазақстандағы ауқымды аудиториялардың жүрегін жаулауда.

«Репродуктивті денсаулық пен әйел құқықтарының көбеюі өзара байланысты. Біз оның біреуі жайлы сөз қозғап отырып, екіншісін аттап кете алмаймыз. Құқықтардың теңдігі қай жерден басталады? Оның бастауы балалықта: қыз баланың күшіне ұл балаға сенгендей сенсек, болашақ адамдары үшін тең құқықты әлем жасай аламыз» - деді Екатерина Суворова.

Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау мақсатында оларға мектепте адами-жыныстық білім беруді ендіру,  репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша сапалы қызметтерді қолжетімді ету, жастарға сексуалды және репродуктивті саулықты сақтау мәселелерін үйретуге бағытталған іс-шараларды ендіру арқылы ұғынықты және дұрыс ақпарат жеткізудің маңызы зор.

Айта кетейік, ЮНФПА -  Біріккен Ұлттар Ұйымының халық қоныстануы саласындағы  Қоры, БҰҰ әйелдер мен жастардың сексуальді және репродуктивті денсаулығын сақтау және дені сау балалы болу мүмкіндіктерін көбейтуге бағытталған жетекші агенттік. ЮНФПА кедейлікті жоюға бағытталған саясат пен бағдарламаларды жасау кезінде халық қоныстануы бойынша мәліметтерді пайдалануға, сонымен қатар әрбір жүктіліктің қалаулы болуын, әрбір босану қауіпсіз болуын және барлық жастар өз потенциалдарын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз ету мақсатында  жәрдемдеседі.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Бизнес ашу: Қазақстандық әйелдердің әлеуеті

Әлеуметтік қамқорлық: 2019 жылы 373 мың жаңа жұмыс орны ашылады

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды