- Басты
- Жаңалықтар
- Халықаралық ынтымақтастық: Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан туристік кеңсесі ашылды
Халықаралық ынтымақтастық: Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан туристік кеңсесі ашылды
Бүгінде Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалары – Самарқанд, Хиуа, Бұхара, Ташкент, Шымкент, Түркістан және Таразға апаратын «Heritage of Uzbekistan and Kazakhstan» атты алғашқы туристік бағыт әзірленді.
Бұл бастама Орталық Азияға арналған шенген визасын алудың баламасы. Сонымен қатар, «Ұлы Жібек Жолының» бірыңғай визасын жоспарлы түрде жүзеге асыру аясында көршілес екі елдің туристік әлеуетін дамытуға жақсы қолдау болмақ.
Айта кетерлігі, туристік ақпараттық орталық Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылуына орай өткізілген іс-шара аясында іске қосылды.
Сонымен қатар, Түркістанда қоғамдық бағыттағы көліктер жыл соңына дейін толығымен үлкен автобустарға алмастырылмақ.
Қазіргі уақытта 25 млн теңге тұратын «Yutong» маркалы 11 автобус халық игілігіне қызмет көрсетуге дайын. Тіпті су жаңа көліктер №4 «А» және №30 бағыттарға шығарылды.

«Кестеге сай күнделікті 270 қоғамдық көлік түркістандықтарға қызмет көрсетеді. Сапалы қызмет, тұрғындарға жайлылық сыйлау мақсатында шағын автобустардың орнына Қытай ХР-нан 2018 жылы шығарылған үлкен автобустар сатып алдық. Евро-5 үлгідегі, яғни таза экологиялық автобустардың сиымдылығы 54 орынға лайықталған. Мамыр айында тағы да 10 автобусқа қол жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз», – деді «Жолаушы» ЖШС мекемесінің атқарушы директоры Медетбек Жұмагелдіұлы.
Сонымен қатар, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өңірдегі құқықбұзушылықты азайту, құқық қорғау органдарының жұмысы мен шекарадағы кеден қызметін реттеу бойынша жиын өтті.
Басқосуға облыс прокуроры, облыс сот төрағасы, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр өңірдегі жер саласындағы бірқатар мәселерге тоқталды.
Басқосуда Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісі де сөз болды. Бұл жайында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев саладағы мәселені жауапты мамандарға дер кезінде шешуді тапсырды.

«Шекарада жүк көліктерінің кептелісі көп, санитариялық жағдай жоқ. Бұрын Ресейден келетін ағаш темір жолмен тасымалданатын. Қазір кеденшілер кептелісті қолдан жасап, темір жолмен келетін тауарды жүк көліктеріне тиеп, елге қолайсыздық тудырып отыр. Мұндай әдейі жасалған қиыншылықтар болмауы керек. Шекара қызметін жандандыру қажет», – деді облыс әкімі.
Аягөз Құрмаш
Оқи аласыздар:
Рухани жаңғыру: Түркістан облысының жаңа кәсіпорындары
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды