- Басты
- Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін нақты тапсырма берді
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ, сауда және инвестициялық ынтымақтастық салаларындағы жұмысының негізгі қорытындылары жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бір бөлігі екенін атап өтіп, жүктелген міндеттерді тиімді орындау қажеттігін айтты.
Қайрат Келімбетовтің ақпараты бойынша Орталықта барлық қажетті инфрақұрылым, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты, Халықаралық арбитраж орталығы, қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі және халықаралық биржа комитеті орналасқан. Тараптардың әлемнің кез келген нүктесінен «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты мен Халықаралық арбитраж орталығына электронды түрде талап арыз беруіне мүмкіндік туғызатын Еjustice – онлайн-порталын іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне елімізде инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жасалған жағдайдың арқасында Қазақстанның қаржы орталығы GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексіңде әртүрлі 102 халықаралық орталықтың ішінде 51-орынға көтерілгені туралы ақпарат берілді.
Соңында Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын одан әрі дамытып, ілгерілету үшін бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
Азық-түлік бағаларын тұрақты ету үшін қабылданған шаралар
-
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
Интернет алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек
-
Д.Закиева: Мектептегі буллингтен қорғау үшін тұжырымдаманың өзін енгізу қажет
-
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды
-
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды
-
Иммунолог: Вакцина халық өмірін қорғау үшін қажет
-
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
Президент тапсырмасы: Халыққа берілетін несие ставкасы мен тұрғын үй бағасы төмендетілмек
-
Облыс әкімдері Президентке есеп берді

