• Басты
  • Қазақстан 120 елге тауардың 800 түрін шығарады
16 Сәуір, 2019 15:52

Қазақстан 120 елге тауардың 800 түрін шығарады

2018 жылы Қазақстанның шикізаттық емес экспорты 15,7 млрд долларды құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артты. Химия өнеркәсібі 2,6%-ға, минералды өнімдер 14,6%-ға, машина жасау 11%-ға, азық-түлік өнімдері 7,6%-ке өсті. Бүгінгі таңда Қазақстан 120 елге 800 тауар түрін шығарады. Үкімет отырысында еліміздің шикізаттық экспорттын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Қазақстан 120 елге тауардың 800  түрін шығарады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр  айтып өткендей, 2018 жылы дайын өнімнің экспорты 16%-ға артты. Сонымен бірге, өңделген өнімдер экспортында дайын өнімдер экспортының үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 2,5 пайыздық тармаққа өсіп, 23%-ті құрады.

«Биыл шикізаттық емес экспорттың өсуін келесі факторлармен қамтамасыз ету жоспарлануда.  Индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы іске қосылып, экспортқа бағытталған жаңа өндірістер 458 млн. АҚШ долларының экспорттық әлеуетіне ие.Шығарылатын өнімнің 50%-ті экспортқа бағытталған.Экспортқа бағытталған жобаларды 500 млрд. теңге қаржымен қолдау экспорттың өсуіне оң ықпал етеді.Әлемдік нарықтардағы тұтыну мен сұраныстың өсуін ескере отырып, биыл бірқатар салалардағы тауарлар экспорты көлемінің өсуі күтіліп отыр», - деді Р.Скляр.

Сонымен қоса, өңделген тауарларды экспорттаумен қатар 2018 жылы көлік саласында (15%) және құрылыста (200%) қызметтер экспортының едәуір өсімі болды.

«Құрылыс қызметтерін экспорттау өсімі Қазақстандағы резидент еместердің құрылысымен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн.Қазіргі уақытта отандық құрылыс компаниялары құрылыс саласындағы халықаралық нарықтарды дамытуға кірісті. Мысалы, Грузиядағы жолдарды салу, Словакиядағы темір жолдар (Integra Construction), Қырғызстандағы өңдеу зауыты («AAEngineering» ЖШС).Шетелде құрылыс нарығының үлкен әлеуетін ескере отырып, отандық компаниялар экспорттаушыларға қолдау көрсетудің қолда бар құралдарын қолдану арқылы осы қызметтер нарығына белсенді түрде шығуылары керек», - деді Р.Скляр.

Сондай-ақ, министр  2019 жылы көлік және құрылыс қызметтерінің экспорты да өсетіні күтіліп отырғанын айтты.

«Биыл сервистік қолдау шаралары аясында экспорттаушылар үшін 15 сауда-экономикалық миссия, 7 ұлттық стенд, 4 сауда белгісінің таныстырылымы болады. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың жақын және алыс шет елдердегі мамандандырылған көрмелерге қатысады. Экспорттаушыларға потенциалды шетелдік сатып алушылармен кездесулер өткізу, олардың өнімдерін жарнамалау, сондай-ақ көрме алаңын жалға алу,  экспорттаушылардың шығындарын өтеу, қатысушыларға арналған үй-жайлар мен тамақтану, рейстер мен аударма қызметтерін төлеуге жәрдемдесетін болады», - Р.Скляр.

Сонымен қатар, бұл қолдау экспорттаушылардың 70%-тін, кемінде 270 отандық компанияны қамтиды.

«Шетелде қазақстандық тауарларға деген сұраныс пен ақпараттарды арттыру үшін биыл мамыр айында «Қазақстанда жасалған» атты бренді құрылады. «Қазақстанда жасалған» брендімен айналысатын жауапкершілігі жоғары экспорттаушылар мемлекеттік экспорттық қолдаудың ауқымды шараларын қолданады.Бұл экспорттаушыларды ілгерілетуде жарнама мен жарнаманың құнын айтарлықтай төмендетуге және жаңа нарықтарға шығу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Сондай-ақ, ірі өткізу нарықтарының қашықтығын есептегенде, тауарлардың өзіндік құны бойынша тасымалдау үлесі 30%-ке дейін жетеді. Бұл экспорттық нарықтардағы бағалардың бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етеді.

«Биыл алғаш рет экспорттаушыларға қосылған құн үлесі көп дайын өнімді экспорттау үшін көлік шығындарын өтеу қарастырылды.Осылайша, барлық кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік қолдауды қамту мақсатында олардың санатына байланысты өтемақы критерийлері белгіленді. Ірілеріне 30%, орта кәсіпкерлік субъектілерге 50% және шағындарына 60%.Шығындарды өтеу темір жолмен және автомобильмен тасымалдау үшін қарастырылған», - деді Р.Скляр.

Экспортты ілгерілетудің қазіргі жүйесі «Бір терезе» қағидаты бойынша экспорттаушыларға қолдау көрсетудің жаңа моделін енгізуді талап етті.Бұл талап басым салалардың экспортын қолдауда салалық мемлекеттік органдар мен операторлар арасындағы өзара іс-қимылдың болмауына байланысты болды.

«Бүгінгі күні  Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы базасында «Экспорттаушылар үшін бір терезе» жұмыс істейді. Бұл орталық экспорттаушыларға өнімді және әлеуетті сатып алушыларға арналған базарларды, кедендік-логистикалық қызметтерді, мемлекеттік қолдау шараларын және проблемаларды шешуде жан-жақты қолдау көрсетеді. Экспорттаушыларды қолдау бойынша қабылданған жүйелік шаралар 2022-ші жылға дейін шикізаттық емес экспорттың көлемін 1,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Р.Скляр.

Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан  Омаров  Шикізаттық емес экспортты ілгерілету және Ұлттық экспорттық стратегияны іске асыру барысы туралы баяндап берді.

«Елбасы 2022 жылға қарай өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе ұлғайту міндетін қойған болатын.Осыған байланысты АӨК-ні дамытудың мемлекеттік бағдарламасында өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2021 жылы 2,4 млрд  АҚШ долларына дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте биыл экспорт көлемі  1,27 млрд  АҚШ долларына дейін жететін болады», - деді С.Омаров.

Сондай-ақ, ол  бұлай деуге барлық негіз бар екенін айтты. Себебі, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнім экспорты нақты мәнде 6,4%-ға және ақшалай мәнде 3,5%-ға ұлғайды.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,125 млрд. АҚШ доллары сомасына 3,5 млн тонна өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды.АӨК өнімдерінің барлық 533 экспорттық тауар тобынан 275 өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің түрі экспортталады. Бұл ретте, өткен жылы бірінші рет өңделген өнімдердің 17 жаңа түрі экспортталды», - деді С.Омаров.

Сонымен қатар, министр   өңделген АӨК өнімдерінің үздік тобына (топ-группа), ұн мен жармадан басқа (41,4%) өңделген өнім экспортының 12,4 %-ын алатын – тоңмай және май өнімдері, кондитерлік бұйымдар (9,2 %), балық өнімдері (4,1%), табиғи шырындар (4,2%), макарондар мен ұннан жасалған өнімдер (4,7%), сондай-ақ ет және сүт өнімдері (5,5%) кіретінін айтты.

« Экспорттың 7% көлемінде мақта талшығы және 6,9%  көлемінде өңделген жемшөп  экспортталады.2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттың   әртараптандырылғаны байқалады. Сары май экспорты 7,6 есе, рапс майы 3,1 есе, балық өнімдері 4,5 есе, ет өнімі 2,7 есе,күнбағыс майы 20,8%-ға, макарон өнімдері 28,4%-ға өскен.Өңделген өнімдер экспортының географиясы кеңеюде. Айталық, Қазақстан 2017 жылы 42 елге өңделген өнім экспорттаса, өткен жылы әлемнің 48 еліне экспорттады. Жаңа 6 ел: бұлар Швейцария, Жапония, Бахрейн, Малайзия, Болгария, Гана, Ливан», - деді ол.
 

Сондай-ақ, ет өндіру өнеркәсібін дамыту 4 ет комбинатын жаңғырту және жылдық қуаттылығы 27 тонна болатын ет өңдейтін 3 жаңа ет комбинатын салу есебінен қамтамасыз етілетін болады, бұл 8%-ға өсімді қамтамасыз етеді.

« 2019 жылғы ақпанда Алматы облысында жылдық қуаттылығы 8 мың тонна болатын Эмпайр Фуд (Иран) ет өңдеу кешені пайдалануға берілді.Бұдан басқа, ағымдағы жылы жылына 5 мың тонна ет өңдейтін «Ерементау Ақбас» ЖШС ет өңдеу кешенін пайдалануға беру жоспарлануда.Қазір Тайсон Фуд (АҚШ), Данбиа (Ұлыбритания), Гранд Фарм (ҚХР), Бауманн (Германия), Иналка/Кремонини (Италия), және Седар Митс (Австралия) сияқты трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді С.Омаров.

Сондай-ақ,  жиынтық қуаттылығы 23 мың тонна болатын 4 сүт өңдейтін кәсіпорынды жаңғырту есебінен сүт өңдеу көлемін арттыру қамтамасыз етілетін болады.

«Бұдан басқа, заманауи технологияларды қолдана отырып, крахмал, глютен, глюказо-фруктоза шәрбаты сияқты астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру ұлғайтылатын болады. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында бидайды терең өңдейтін, 55 мың тонна крахмал, 5 мың тонна глютен өндіретін қуаттылығы тәулігіне 250 тонна шикізат болатын «БиоОперейшн» ЖШС-ның инновациялық зауыты іске қосылды. Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша 1,2 мың тонна глютен және 4 мың тонна крахмал өндіру жоспарлануда», - деді министр.

Сондай-ақ, Қостанай облысында осыған ұқсас БиоГрейн жобасын іске асыру басталды.

«Өңдеуші қуаттылықтарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша салалық бағдарламаларды іске асыру жалғасатын болады. Мал шаруашылығында ағымдағы жылы етті бағыттағы 2000 отбасылық ферма құру және сиыр етін өндіруді 10%-ға арттыру жоспарлануда. Құс өсіру бойынша қолданыстағы 8 құс фабрикасын кеңейту күтілуде, нәтижесінде құс етін өндіру 11%-ғаартатын болады. Бұдан басқа, жалпы қуаттылығы 18,0 мың бас болатын 19 өндірістік және 31 отбасылық тауарлық сүт фермасы құрылады», - деді ол.


Сонымен қатар, өңделген өнім экспортын арттыруда ветеринариялық-санитариялық талаптарды алып тастау және келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізу маңызы рөл атқарады.

«Бүгінгі таңда Қытаймен ауыл шаруашылығы өнімінің   түрлері бойынша талаптар келісіліп, 13 сертификатқа, Иранмен – 6 сертификатқа, Парсы шығанағы елдерімен –6 сертификатқа, Еуропа одағымен – 1 сертификатқа қол қойылды. Биылғы мамыр-маусым айларында Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын сүт өнімдері мен ұнға қойылатын ветеринариялық талаптар бойынша хаттамаға қол қойылады деп күтілуде.Қазір үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақтың тізіліміне 1980 өңдеу кәсіпорны енгізілді, бұл ретте осы тізілімге биыл өз өнімін экспорттау құқығымен тағы да 100 кәсіпорын енгізілетін болады», - деді ол.

Министр  ведомство  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңделген өнім экспортын ұлғайту және АӨК өнімдерін өткізу нарығын кеңейту жұмыстарын жалғастыратынын айтты.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды