- Басты
- Жаңалықтар
- Президент Жолдауы – барлық істің бастамасы – К. Көкрекбаев
Президент Жолдауы – барлық істің бастамасы – К. Көкрекбаев
«Жиында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев елдің басты стратегиялық құжатын түсіндірді. Өңір басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы біздің еліміздің ары қарай гүлденуі жолындағы алға қойылған мақсаттар бойынша атқарылар шаралардың жетекшісі болып табылады», - делінген хабарламада.
Өз сөзінде облыс әкімі жамбылдықтардың мемлекет пен қоғамның алға ілгерілеуіне өздерінше үлес қосатындарын тілге тиек етті.
Биыл өңірде 22 млрд теңгеге 22 инвестжоба іске асырылмақ. Ал алдағы уақытта Жамбыл облысында тағы да 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жалпы құны 430 млрд теңгенің 6 ірі инвестициялық жобасын қолға алыну жоспарлануда. Бизнестің жол картасы бойынша қазірдің өзінде 33 млрд теңгенің 240 жоба іске асырылған, жұмыстар әлі де жалғасуда.
«Жасыл» энегетиканы енгізу тапсырмасы аясында өңірдегі алынып жатқан электр энергиясының 40 пайызын күн, су және жел қуатынан өндіретіндей жаңартылмалы қуат көздерін қатарға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Аграрлық секторда да жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің өнімінің экспорттық әлеуетін арттыру, суармалы егістік алқапты көбейту, дымқылды ұстап тұратын технологияны енгізу бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
«Ұлт Көшбасшысы айтқан міндеттемелердің ішінде әр қазақстандықтың өз отбасының жайын күйттеу керектігі көрсетіледі. 2020 жылға қарай 100 қазақстандық бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамту көзделген. 2017 жылға дейін орын тапшылығы мәселесін шешіп, барлық мектептерді екі мезгілдік білім беруге ауыстыру жоспарланған», - дейді облыс әкімі.
Осы мақсаттарға жету үшін Елбасы кезінде коммуналдық меншікке өтіп кеткен балабақшаларды қайтарып және жаңаларын салуды тапсырды. Бұдан басқа апаттық жағдайда тұрған 24 мектептің мәселесін шешу керек.
Сөз соңына қарай облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев барлық деңгейдегі басшыларға Елбасының Жолдауын жұмысшы ұжымдарға түсіндіру жұмысын «Нұр Отан» мүшелерін басшылыққа ала отырып жеделдетуді тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді