• Басты
  • Рухани жаңғыру: Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы
12 Сәуір, 2019 16:46

Рухани жаңғыру: Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарық көргеніне 2 жыл толды. Бұл мақала қоғамда үлкен сілкініс туғызып, ел руханиятына оң серпін берді. Осы екі жыл ішінде Түркістан облысында да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды жұмыстар атқарылып, жобалар жүзеге асырылды. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.

Рухани жаңғыру: Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы | Strategy2050.kz

Түркістан облысының  әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде өңірде жобалар нақтыланып, тиісті жоспарлар түзілген.

Түркістанды рухани әрі мәдени орталыққа айналдыру бағытындағы жұмыстардың тұжырымдамасы жасалды. Соған сәйкес, Қ.А.Ясауи кесенесіне жақын тұста рухани-мәдени және туристік нысандар салынып, туристер саны артпақ. Құрылыс ЮНЕСКО рұқсат еткен аумақтарда жүргізіледі. Түркістан қаласында әлемде қайталанбайтын, жоғары сапалы ұлттық қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер орталығын салу жоспарда бар. Ірі сауда орталығы да бой көтермек. Мұнда отандық өнімдер, өз шеберлеріміздің бұйымдары сатылады. Одан да өзге жобалар қолға алынады. 

 2017 жылы облыс аумағында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі жұмысын бастап, алдағы жоспарлар жүйеленді. Жұмыстар нақтыланды. Сарапшылар кеңесі құрылды.  Алғашқы жылдың өзінде 800-ден астам елді мекенде 4 мыңнан іс-шара өткізілді.

 «Ажарлы үй – ырысты» жобасы аясында аудан, қалаларда ерікті жастар көмекке зәру 786 отбасының аулаларын тазалап, қақпаларын сырлап, ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосты. Аудан, қалаларда «Тал күні» акциясы өткізіліп, 50 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Облыстағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге  21 бағыттағы туристік маршруттар ашылды. «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті.

Сондай-ақ, Түркістан облысында бағдарламаның 6 басымдығы негізге алынып, 6 арнайы жоба шеңберінде  ауқымды жұмыстар атқарылды.

«Туған жер» жобасы бойынша кәсіпкерлер мен ел азаматтары туған ауылдарына көмек көрсетіп, елді қуанышқа бөледі. Осы жоба арқылы 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 3 млрд. 386 млн. теңгені құрайтын 97 нысан іске қосылды.

Аяқталған 97 нысанның – 28 білім мекемелерінің құрылысы және 3 қайта жөндеу, 2  медицина мекемесі құрылысы. 12-сі спорт нысандарының жаңа құрылысы болса, 2  спорт алаңын қайта жөндеу.  15 мәдениет нысаны ашылды. Абаттандыру бойынша  30 жоба іске асырылды.

Өңірде «Алтын ұям» жобасы қолға алынды. Жобаның бойынша мектеп бітіргендеріне 10, 15 және одан да көп жыл болған түлектерге орынсыз сән-салтанат орнына білім алған мектебіне көмек көрсету жөнінде үндеу жолданды. Нәтижесінде былтыр түлектердің көмегімен мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 10 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды.  Алдағы уақытта бұл жоба цифрландыру жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ.

Білім беру мекемелерінде, жоғары оқу орындарда 3,5 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ «Көне кітаптар – жазба ескерткіштер» ақпараттық шарасы барысында облыстағы 3465 көне кітаптың 185 цифрлы форматқа көшірілді.

Сондай-ақ, былтыр Түркістан облысының әрбір ауданында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар, фестивальдер өткізілді. Әр ай сайын мыңдаған адамның қатысуымен қазақ мәдениетін салт-дәстүрі мен туризмін, насихаттайтын жобалар жүзеге асты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арасында облыста алғашқы рет  дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын кешенді шаралар жүйесі қолға алынды.

Қазақ мифологиясында ықылым заманнан бері Наурыз тойы алғаш Қазығұртта тойланған деген аңыз бар. Осы орайда Қазығұрт тауының баурайында «Наурыз Қазығұрттан басталады» іс-шарасы өткізіліп, оған  20 мыңдай адам қатысты.

Бәйдібек ауданында өткен «Қымызмұрындық» іс-шарасында ежелгі дәстүрді жаңашылдықпен жалғастыру мақсатында саумал, құнан қымыз, түнемел қымыз, хан қымыз түрлері таныстырылып, қымыз баптаушылар, қолөнер шеберлері байқаулары, сәйгүліктер сайысы өтті.

Алғаш рет Түлкібас ауданы, Шұбайқызыл шоқысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты қорғау және сол аймақтың туристік әлеуетін көтеру мақсатында «Қызғалдақ» фестивалі өткізілді.

Үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауында «Туған жерге тағзым –Ордабасыға оралу» атты шара өтті. Төле би ауданында халықаралық көркемсурет  «Қасқасу»  пленэрі өткізіліп, түрлі ердерден келген суретшілер өңірдің тамаша табиғатын туындыларына арқау етті.

Жетісай қаласында «Қауын fest» облыстық фестивалі өткізілді.   Фестивальдің мақсаты – бақша дақылдарынан өндірілетін өнім түрлерін көбейтіп, кәсіпкерлікті дамыту, бақша өнімдерін, терең өңдеуді қолға алу және диқандардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Шардара ауданының туристік әлеуетін көтеру мақсатында «Safari Shardara» фестивалі қолға алынды.   Бұл іс-шараға  жұртшылық пен туристік фирмалардың қызығушылығы жоғары болды. Түлкібас ауданында «Салбурын – мереке ғой саятшыға» іс-шарасы ұйымдастырылып, мұнда да ұлттық дәстүрлер паш етілді.

Елбасы бағдарламалық мақаласында туған жерге деген құрмет пен патриотизмді жастар санасына сіңіру үшін анимация, кино саласына да мән беру керектігін айтты. Бұл ретте Түркістан облысы өзге өңірлерден оқ бойы озып тұр деуге негіз бар. Себебі бір жыл ішінде өңір режиссерлері ұлттың рухани байлығына айналатын туындылар түсіріп, ел ықыласына ие болды.

Алдымен «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы бойынша Түркістан облысынан 24 нысан республикалық тізімге енгізілді. 60-тан астам тарихи-мәдени ескерткіштер облыстық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне кірді. 

Облыстағы киелі орындарды ретке келтіру, дамыту үшін 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 208,4 млн. теңгеге жұмыстар, шаралар атқарылды. 

 Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын және Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру,  Укаша  Ата кесенесіне баратын автокөлік жолы, автотұрақ және орындықтар, Аппақ Ишан мешітінің шатырына  күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.     

 ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген ортағасырлық 8 ескерткіш (Сауран қалашығы, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар оазисінің ескерткіштері, Бөржар қорғаны) туралы тұңғыш рет деректі фильмдер түсірілді.

 Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында түсірілген «Көне жетігеннің сыры» атты  10 сериялы телехикая,         «Киелі Қазығұрт»,  «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан», «Бәйдібек би», атты тарихи-анимациялық фильмдер әзірленіп, республикалық телеарналардан көрсетілді.

 Одан бөлек, «Түркістан», «Оқсыз», «Ордабасы-бірлік туы»  анимациялық фильмдері мен 10 сериялы «Төле би» телесериалының түсірілімі аяқталды.

Сонымен қатар Отырар қалашығын туристік нысанға айналдыру мақсатында қалашық қақпасын қайта құру, іргелес аумағын абаттандыру, көгалдандыру жобасы, Визит-орталығының құрылысы да басталды.

 2018 жылы «Киелі Түркістан және түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық халықаралық конференциясы өткізілді.

Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және археология ескерткіштерінің фотоальбомы  және«Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» жинағы жарық көрді.

Сонымен қатар, Түркістан облысы ақын жазушыларының таңдамалы 10 кітабы шығарылды. Бұл жинақта республикаға және облысқа белгілі 22 қаламгердің дүниелері жарық көрді.

Облыста «Жаңа гуманитарлық білім 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша   мемлекеттік тілге аударылған 18 оқулықты таныстыру шаралары өтті. Оған облыстағы жоғары оқу орны басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.  

«Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасы бойынша 2018 жылы облыс өнерпаздары мен мәдениет қайраткерлері әлемнің 10 мемлекетінде өнер көрсетті. Байқаулар мен фестивальдерге қатысты.

«Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңда облыста мыңнан астам іс-шара өткізілді. Шет елдерден келген жазушылар, зиялы қауым өкілдері, түркітанушы ғалымдарының қатысуымен семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына енгізілген мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Б. Шойбеков, жеке кәсіпкер С.Ертаев, Қ.Орынбасар,  Э.Велк, Ә.Дәлиевалармен кездесулер өткізілді.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды Түркі елдері арасында кеңінен насихаттау мақсатында «TÚRKISTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылып, жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, медиа орталықтың базасында «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылып, Бағдарлама аясында республикаға танымал тұлғалармен қызықты сұхбаттар ұйымдастырылуда.

Облыс орталығы Түркістанға көшірілген соң облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің базасында орналасты. Тиісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінде облыстағы 16 аудан, қалада Жобалық кеңселер толығымен құрылып, жұмыс атқарып келеді.

Игі істерге жұмыла кететін Түркістан жұртшылығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығын осындай табыстармен қарсы алды.

Оқи аласыздар: 

Өңірлер: Түркістан облысында 4 азық-түлік белдеуі ашылады

Рухани жаңғыру: «Ғасырларға созылған қасірет» атты көшпелі көрме ашылды

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды